2. Астық немесе қоңырбас тұқымдасы (злаки или мятликовые) – GRAMINEAE, POACEAE
Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5—10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығыңда кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады.
Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз түптенген, сирек түптенген және тамырсабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан жөне буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының тұп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды.
Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, карабидайдың, атқонақтың, сабағының буьш аралығының іші қуыс, ал буыңдары ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің және борыққамыстың) буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген тұп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының тұп жағыңца орналасқан, және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жеріңце пленка төрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасьша судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын — масақтарын түзеді. Олар өз кезегіңде күрделі гүлшоғырьш – күрделі масақ, сьшырғы түзеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік әрбір масагының түп жағыңда екі масақтық қауызы болады (чешуи). Масақтарьшдағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасьшың көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы және бір аналығы болады. Соңғысының, яғни аналығьшың сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце). Гүл түйіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Гүлінің формуласы: ТР(2)+2 А3 С(2).
Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір түқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жашайды, ол оған бүйір жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәңдерін астық деп атайды.
Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы.
Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы (подсемейство бамбуковидные) - BAMBUSOIDEAE
Тропикалық жөне субтропикалық аймақтарда шоғыр-ланған 600-дей түрлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. БОР-да саса (8аза) туысының тек 3 түрі ғана өседі. Бұл салыстырмалы түрде алғанда, онша үлкен болмайтын өсімдік (сабағының биіктігі 3 м диаметрі 1 см), Сахалинде және Куриль аралдарында өседі. Негізгі таралған жерлерінде, бамбуктер биіктігі 40 м дейін баратын, үлкен өсімдіктер. Масақтары бір-, көпгүлді болып келеді. Гүлдері қосжынысты: аталықтары әдетте 6(3+3), кейде көп (20— 30), аналығы-1, аналықтың мойны (рыльце) 2 (сиректеу 3). Жемісі — дән, кейде жидек тәрізді болып келеді. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор, әсіресе құрылыс жұмыстарына жөне өртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су жүретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4—6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15—20 м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис және арундинария туыстарының түрлерін себеді.
Қоңырбастар тұқымдас тармағы(подсемейство мятликовые) - POAEOIDEAE
Масақшасының 2 масақтық қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына эконо-микалық жағынан маңызы аса зор тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын жөне нан пісіруге қажетті ұн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.
Бидай туысы (пшеница - TRITICUM). 19 түрі бар, олардың тек 4-уі ғана табиғи жағдайда белгілі, қалғаңдары мәдени жағдайда өсетін немесе жабайы жағдайға ауысқан өсімдіктер больш келеді. БОР-дьщ территориясында 13 түрі бар, негізінен Грузияда (түрлерінің ең көп кездесетін орталығы, бидайдьщ шыққан жері болуы да мүмкін). Өмірлік формасы – біржылдық – және екіжылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен және айқас тозаңцанатьш өсімдіктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейін гүлі болады. Дәндері әдетте 2—3 төменгі гүлдерінен пайда болады. Гүлшоғыры күрделі масақ. Дүниежүзінің ауылшаруашылық өндірісінде негізгі нан өнімдерін беретін дақыл. 4 мыңнан астам сорттары белгілі.
Қaтты бидай (твердая пшеница – T.DURUM) — мәдени жағдайда аса кең таралған түрлердің бірі, өсіресе БОР-дың оңтүстік аудандарында, (Еділ бойында, Кавказда, Батыс Сібірде), көптеп себіледі. Олардан үнтақ жарма, макарон, үн алуға қажетті сапасы өте жоғары дән алынады. Жұмсақ бидай (пшеница мягкая) (254, А- сурет) егістік көлемі жағынан бірінші орынды алады. Ол негізінен шөлейт аймақта және жартылай орманды жерлерде себіледі, сонымен бірге солтүстік жаққа да біршама жылжыған (Ленинград облысы, Сібір). Екі дәнді бидай (пшеница двузернянка — Т. (Исоссшп) жаздық сорттар, сондықтанда оларды аз мөлшерде себеді (Закавказья республикаларында, Татарстанда).
Қарабидай туысы (рожь — SECALE). Оның қоңыржай климатты облыстарда, әсіресе солтүстік ендіктің таулы аудандарында кең таралған 8 түрі бар. БОР-дың флорасында 5 түрі кездеседі, олар негізінен Кавказда шоғырланған. Жабайы қарабидайдың (рожь дикая — 8.8у1уе8іге) ареалы кең (ТМД-елдерінің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда), ол көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, масағы екі гүлді, гүлдің төменгі қабықшасының қылтығы болады, дәнінің сыртын түктері айқын қаптап түрады.
Мәдени қарабидайды (рожь посевная – S. CEREALE) бір және екіжылдық (күздік) дақыл ретінде БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде себеді; оңтүстік аудаңдарда ол көпжағдайда арамшөп ретінде кездеседі. Күрделі масағының әрбір масақшасыңда 2 жақсы жетілген, және 1 толық жетілмеген гүлі болады. Қарабидай желмен тозаңданатын өсімдік. Оның дәні әрі жіңішке, өрі үзын болады. Қарабидайдың дәнінен алынған ұнның түсі қоңыр болады. Одан қарабидай нанын (ржаной хлеб) пісіреді.
Арпа туысы (ячмень - HORDEUM). ТуысTың құрамында 26 түр бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОР-дың территориясында, соның ішіңде Қазақстаңда екі түрі көптеп себіледі: қосқатар арпа (ячмень двурядньш ) және кәдімгі арпа (ячмень обыкновенный.
Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 біргүдді масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі ыстық, әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда мүмкін. Қосқатар арпаның үш масақшадан түратын тобының, тек ортаңғысыңда ғана қосжынысты гүл жөне дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның барлық үш масақшасының гүлдері түгелдей гүлдеп дән байлайды. Арпа ерте пісетін дәнді дақыл. Оның дәндерінен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Сонымен бірге арпа мал азығы ретінде де пайдалы дақыл, оның дәнімен жылқыны, ірі қарамалды, шошқаны және құстарды семіртеді.
Сұлы туысы (овес - AVENA). 33-тей түрі бар, олар негізінен Жерорта теңізі жағалауыңдағы елдерде кең таралған өсімдіктер. БОР-дың территориясында 18 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның шашыраңқы болып келетін гүлшоғыры сыпырғы деп аталынады. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасады, олардың әрқайсысында 2—4 гүл бар. Олар өздігінен тозаңданады. Кейбір арамшөп ретінде өсетін түрлері, мысалы қарасүлы (овсюга) дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған өсімдік. Сүлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени жағдайда егістік.
Қоңырбас туысы (мятлик - POA). Туыстың қоңыржай және салқын климатты зоналарда өсетін 200-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 110 түрі бар, ал Қазақстаңда 38 түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері космополиттер. Мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Сондықтанда олардың кейбір ерекше қүндыларын мөдени жағдайда себеді. Мысалы жуашық қоңырбасын шалғын қоңырбасын (Роа ргаіешік) көп жерде отырғызады. Жабайы түрлерінен аса құндыларының бірі болып бір жылдық қоңырбас табылады (Роа ашша).
Бидайық туысы (пырей - AGROPYRON). Жершарының екі бөлігінің де, негізінен қоңыржай климатты зоналарында өсетін 70-тей түрі бар. БОР-дың флорасыңда 60-тай түрі, ал Қазақстаңда 44 түрі кездеседі. Олар горизонталь бағытта өсетін ұзын тамырсабақты немесе қысқа тамырсабақты, қалың болып түптенетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлшоғыры тік өсетін жекелеген күрделі масақтан тұрады. Күрделі масақтың өсіне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейін гүлі бар масақша орналасады. Жатаған бидайық (пырей ползучий — А.гереш) өте өзгергіш түр, көп жағдайда ол егістіктің күресуге қиын арамшөбі, әсіресе оның қылтығы бар формалары.
Арпабас туысы (костер - BROMUS). Солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Олар Оңтүстік Америкада және тропикалық елдердің таулы аудандарыңда да өседі. БОР-дың территориясыңда 44 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Гүлшоғыры агрегатты сыпырғы түзеді, олардың масақшалары біршама ірі больш келеді. Мал азығы ретінде аса құңды өсімдіктер. Кейбір түрлері мәдени жағдайда аралас шөптер өсіруге пайдаланылады. Қылтанақсыз арпабас (костер безостый — В.тегтіз) көпжылдық көген-тамырлы өсімдік, ылғалдың аздығына және төменгі температураға шыдамды. Тарақбоз, арпаған (костер кровельный — В.іесюгшті) ылғалы жеткіліксіз (құрғақшылық) аудаңдарда өсетін біржылдық өсімдік, әсіресе БОР-дың Европалық бөлігінде Кавказдың, Орта Азияның егістіктерінде кең таралған өсімдіктер. Қарабидай арпабасы (костер ржаной — В.зесаііпш) егістіктің күздік және жаздың арамшөбі, өсіресе қарабидаймен сүлы егілген жерлерде ол көптеп кездеседі.
Басқа туыстарынан мына түрлер көңіл аударарлық: су бетегесі (овсяница луговая), шалғынның өсімдіктер қауымының негізгі компоненті, мал азығы ретінде өте құнды өсімдік; шашыраңқы аққылтан тығыз түптенетін, көп жерлердің өсімдіктер қауымында басым болып келетін (ландшафтное) көпжылдық өсімдік, өсіресе Карпат тауының субальпі белдеуіңдегі шалғыңдарда ол айқьгн басымдық көрсетеді. Кавказда бұл өсімдік қышқыл, нашар жетілген топырақтарда малдың шамадан тыс артық жайылғандығын көрсетеді; Қыздырма үйбидайық (плевел опьяняющий) жаздық бидайдың біржылдық арамшөбі, БОР-дың ормаңды және жартылай орманды аудандарында өседі, космополит, саңырауқұлақпен зақымданған дәндерінде темулин деген алколоид пайда болады. Ол бас ауруын және летаргия (ұйқыға ұқсас қалге ұшыратады) ауруын туғызады; шалғын аткрнағы (тимофеевка луговая ) — тамырсабағы қысқа больш келетін көп жылдық шөптесін өсімдік, гүл шоғыры сұлтан деп аталъшады, әдет жайылма шалғындарда және ылғалы орташа болъш келетін шалғындарда өседі. Мал азығы ретінде ең құнды өсімддктердің бірі, көпжағдайда оны (люцерна) бедемен араластырьш себеді.
Тары тәрізділер тұқымдас тармағы(подсемесйство просовидные) - PANICOIDEAE
Масақтың қабықшасы екіден көп, масағы барлық уақытта біргүлді. Кейде екінші гүл пайда болады, бірақ ол аталық гүл болып келеді, жапырақтың тілшесі түкті, жапырақтың хлорофилл жиналатын паренхимасы жүйкелердің айналасына орналасады.
Жүгері туысы (кукуруза - ZEA). Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры өртүрлі жынысты. Агрегатгы сыпырғы төрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүліңде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығыңда орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық, гүлдің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп төрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозандану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.
Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Соңдықтаңда жүгеріні себуден бұрьш топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткізеді жөне жаз бойы оны қопсытьш отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтанда оны қатар-қатар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрғанға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік — 1°С өзінде оңай зақымданады.
Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная – Z.MAYS). Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатьш бір жылдық шөггтесін өсімдік. Ол тек мөдени жағдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны X ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 т9р тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға қоректік және техникалық өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚПІ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Моддовада және Грузияның батыс аудаңдарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұнында ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (2.) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларьшан табылғанына көп болған жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.
Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтанда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылық жануарларьш қоректеңдіру мақсатында силосқа өсіреді. Соңғы жылдары Россияньщ орталық аудандарыңда ғана емес, сонымен бірге Сібірде де дән беретін сорттары шығарылды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малға азық болатын аса құнды өсімдік. Жүгері өндіріс орыңдарына қажетті шикізат болып табылады.
Күріш туысы (рис - ORYZA). Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақ-шалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, оның ең маңыздьісы — екпе күріш (рис посевной — О.кагіуа) (258,6-сурет). Біздің едце күріш бидайдан кейінгі екінші орыңды алады. Ол Орталық, Оңтүстік — Шығыс және Кіңдік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дақыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.
Құмай туысы (сорго - SORGHUM). Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясывда себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі қосжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.
Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная – S. BULGARE) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) бір жылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген больш келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәвдерін өндеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара — З.сшгга) біржылдық өсімдік, гүлшоғырьшың өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатьш жөне техникалық дақыл ретінде себеді.
Құмай (гумай, или джонсона трава) көп-жылдық тамырсабақты өсімдік, оңтүстік аудавдарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.
Тары туысы (просо - PANICUM). Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасывда төрт түрі кездеседі, барлығы да бір жылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное ) жарма беретін дақыл ретівде себеді.
Борықашыс туысы (сахарный тростник - SACCHARUM). Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропи-калық аймақтарывда кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі — борыққамыс (трост-ник сахарный — 8.ойісіпашт) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Ивдияда және Тәжікстанның оңтүстігіңде себіледі. Сабақтарыңда 15—20% дейін қант болады. Совдықтанда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзевдерінің жайылмасывда) жабайы борыққамыс (сахарный тростник — З.кропіапеит) өседі, оны жаңа сортгар алу мақсатывда аталық немесе аналық формалардың бірі ретівде пайдаланады, әсіресе Индияда. [2, 436 439]
ҚОҢЫРБАСТАР тұқымдасын ҚИЯҚӨЛЕҢДЕРДЕН ажырататын белгілер
ҚОҢЫРБАСТАР
|
ҚИЯҚӨЛЕҢДЕР
|
1.Сабағы азды – көпті цилиндр тәрізді, айқын байқалатын буындардан және буынаралықтардан тұрады; тек жүгерінің борыққамыстың және құмайдың сабағының ортасы қуыс болмайды.
|
1.Сабағы көп жағдайда үш қырлы, қуысы болмайды, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады.
|
2.Қынапшасы көп жағдайда ашық; жапырақ тақтасы мен қынапшасының шекарасында тілшесі біршама жақсы байқалады.
|
2.Қынапшасы барлық уақытта жабық, тілшесі болмайды.
|
3.Гүлшоғыры мен гүлдері қосжынысты, одан ауытқушылық өте сирек болады (жүгері)
|
3.Гүлшоғыры мен гүлдері көп жағдайда даражынысты.
|
4.Жемісі – дән
|
4.Жемісі – үшбұрышты, шар тәрізді немесе жалпайып, жаншылған жаңғақша
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қорыта айтсақ, жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар және даражарнақтылар болып екіге бөлінеді. Жоғарыда мен даражарнақтыларға толық тоқталып өттім.
Жалпы дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа, тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т.б) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ағелеуов Е.А.,Агитова К.А.,Дөненбаева К.Д.,Иманқұлова С.К. Ботаника. –Алматы:Санат, 1998.–368 б.
Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы:Дәуір, 2005.–512 б.
Мұсақұлов Т.М. Ботаика. –Алматы:Мектеп, 1975.–259 б.
Мұхитдинов Н., Бегенов Е., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. –Алматы, 1993.
Хржановский В.Г. Курс общей ботаники.–М.:Высшая школа, 1982.
Рейвн П.И. и др. Современная ботаника. –М,1990
Жизнь растений.Т. 1-6. –М., 1974-1982г.
Қосымша
1. Мухитдинов Н.М. Геоботаника. –Алматы, 1985
2. Макенова М. Ботаника курсының практикумы. –Алматы:Рбк, 2000.-236 б
3. Бегенов Ә., Мухитдинов Н., Айдосова С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. –Алматы, 1996.
4. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А.Т., Серебрякова Т.И. Ботаника: Анатомия и морфология растений.- М.: Просвещение; 1988.
Достарыңызбен бөлісу: |