3 І тарау. ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ – Ресей қатынастарының тарихнамасы



бет4/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,93 Mb.
#1045
1   2   3   4

Қорытынды
Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Бекіністің коменданты, әскер старшинасы Карбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны, полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шыға алды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай ауданына қарай ойысты. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл қадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресеймен тікелей жанасып жатқан 1836—1838 жж. Исатай Таймановтың басшылығымен көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Күткендегідей, келіссөздерден ешқандай нәтиже шықпады.

1841 ж. қазақтардың үш жүзінің өкілдері Кенесары Қасымовты хан сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841 ж. тамызында көтерілісшілер Қоқаңдықтардың едәуір күштері орналастырылған Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Қокандықтардың бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп-қонып жүрген төртқаралықтар мен шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл қазақтық хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады. Төртқаралықтар мен шектіліктердің Кенесары Қасымов жағында белсенді әрекет жасағандығы туралы айта отырып, олардың ХІХ-ғ-дың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде әрекет-қималдарын ширықтыра түскен қозғаушы факторларға назар аударғанымыз жөн. Біз бұл арада осы аймақтағы қазақ руларының қазақ жерлерінің оңашалануы тек Ресей империясы тарапынан төніп келе жатқан отар етіп басып алушылық қатерінен сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге қоқандық бектердің зорлық-зомбылығынан құтылу мақсатындағы ортақ іске өз үлестерін қосуға талпыныс жасағандарын еске салмақпыз. Кенесары мен Қоқанд хандығы қарым-қатынастарының шиеленісуі қазақ сұлтанының жеке өзіне байланысты себептерден де туды. Қоқанд басқарушыларының 1836 ж.- патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақтар көтерілісі басшыларының бірі, ағасы Саржан сұлтанды опасыздықпен өлтіруі, 1840ж. Қасым төрені, туған ағалары Есенгелді, Өлжан сұлтандарды, Абылай қанынан тараған тағы басқаларды сатқындықпен дарға асуы қозғалыс жетекшісінің қоқандықтарға қарсы позициясын қатуландырып жіберді. Бұл жөнінде, жекелеп айтсақ, Кенесары өз хаттарының бірінде Орынбор губернаторына жазды. Азаттық жолындағы күрестің ең басынан бастап қаза тапқанына дейін Кенесары Қоқанд хандығы жөнінде нақты мақсат-қоқанд басқарушыларының езгісінен босану мақсатын ұстанды. Қазақ ханының Бұхар әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу болды. Кенесары олармен өзара толық сенімділік қатынас орнатты. Хиуа басқарушысы кейде қазақ жасақтарын зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды. Әскери тарихшы В.Поттоның пікірі бойынша бұл мемлекеттер Кенесарымен өзара тиімді одақ құруға дайын тұрды.

Осы жағдайдың бәрі белгілі бір дәрежеде Кенесарының көрші елдерге байланысты саясатының сипатын алдын-ала анықтады, бұл оның хандығының әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады.

Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Ол, өзінің билігін империяның отаршылық билігі орныққан Ертіс, Есіл, Жайық бекініс желілері бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның бүкіл территориясына таратты. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін — зекету егіншілер үшін —ұшыр салығы қолданылды. Патша әскерлерімен соғысудың жалғасуы материалдық және басқа шығын — қаражаттарды талап етті, мұның өзі, әрине, салық ауыртпалығының арта түсуіне әкеп соқты.

Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікпен айналысуын қалады. Басқа жағдайлармен бірге бұл патша әкімшілігі тарапынан сауда керуендеріне бақылау жасау қатты күшейген жағдайда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз ету қажеттігінен туды. Көтершісшілерге арналған астық конфискеленіп отырды, оларға тәуекелдікпен астық жеткізуші саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.

Кенесарының сауда-саттық саясаты едәуір өзгерістерге ұшырады. Көпес керуендерінен алынатын баж салығы едәуір кіріс келтіретінін көріп, хан керуендерді тонаушылығын доғарды, кейде керуен басыларын жеке өзі қабылдап, товар алып келгені үшін баж салығын төлеуден жалтарушыларға қосымша салық салды.

Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді, Хандық кеңес мәселені кеңесіп шешетін жоғары органдар ретінде ханға берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, ханның туысқандарынан құрылды. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Хандық қеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді.

Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таратылуын, түсіндірілуін және орындалуын қадағалады. Мемлекеттің басында бола отырып, Кенесары басқару ісіне шығу тектеріне қарамастан жеке басының әдеттен тыс сапасымен көрінген адамдарды тарта білгендерді сыйлық беріп көтермеледі.

Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хаттар жазып, сөз салып тұрды. Дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылуына ол мейлінше маңыз берді. Оның хаттары, үндеулері дәлме-дәл нақты мазмұнымен, талаптарының дәлелдігімен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Урды, әйгілі көпестерді қабылдағанда дипломатиялық әдептілік танытты.

Хандықтағы билікті орталықтандырудың жақтаушысы болғандықтан Кенесары ықпалды феодалдардың арасында талас-тартыстың орын алуын тыюға тырысты, барымтаны айыптады, руаралық қақтығыстардың шығуына кінәлілерді қатаң жазалады. Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, даңқты батырлар қолбасшылық еткен, соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастыра білді. Жүздікке және мыңдыққа бөлінген Кенесары әскері созылыңқы далалық соғыс жағдайына бейімдендірілген болатын. Кенесары енгізген қатал тәртіп оған сарбаздарын қысқа мерзім ішінде жинап алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерінде айырмалық белгілерін енгізді. Көптеген түпкі материалдар көтеріліс қолбасшысының өзі орыс армиясының офицерлік алтындалған әшекейлі погонын тағып жүргенін растайды.

Кенесары өзіне қажетті мәліметтерді жеткізіп отыратын өз тыңшыларының қызметін білгірлікпен пайдаланды. Осындай хабарламаның арқасында хан жазалаушы күштердің әскери жылжу жоспарларын алдын-ала біліп отырды, ал мұның өзі оған адам шығынын болдырмауға мүмкіндік берді. Кенесарының соғыс әрекеттерін жүргізу тактикасы полковник Дуниковскийдің, әскерлік ағаман Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында, өткен ғасыр тарихшылары Н. Середаның, В. Поттоның, Л. Мейердің және басқалардың еңбектерінде егжей-тегжейлі суреттелген.

Хандықтың басына келіп, Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресін бұрынғысына қарағанда едәуір табандылықпен жалғастырады. Қоқандтық Созақ бекінісін басып алып, Кенесары тек соғыс қимылдары ауданын кеңейтуді ғана емес, сонымен бірге өз жақындарының өлімі үшін кек алуды көздеді.

Отарлауға қарсы күреске үш жүз қазақтарының да белсенді қатысуы патша өкіметін қатты аландатты. Көтерілісшілерге қарсы ірі қарқынды күрес жүзгізу керек деп шешілді. Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауға тиістігін білдіретін қарарға қол қойып, Николай – І 1843 ж. 27 маусымда Кенесарыға қарсы ірі көлемді соғыс жорығын жасауға рұқсат етті. Әскери старшын Лебедевтің 300 адамдық отряды алға шығарылған күш саналды да кейіннен оның отрядындағы әскер саны 1900 адамға жеткізілді; 1843 ж. тамызында сұлтан А.Жантөрин мен Б.Айшуақов басқарған екінші топ жасақталды. Қарсылас жақтардың 1843 ж. 7 тамызындағы шайқас үкіметке көздегеніндей нәтиже бермеді. Полковник Бизанов басқарған-қарулы топ көтерісшілердің негізгі күштерін кездестіре алмай, Орск бекінісіне кері қайтты. Өлке жерін жақсы білетін Кенесары шабуылға шығып, 1844 ж. шілденің 20-нан 21-не қараған түні сұлтан Жантөрінің жасағын тас-талқан етіп жеңді. Әскери старшын Лебедев шабандығы және шұғыл көмек көрсетпегендігі үшін әскери отрядқа басшылық етуден тайдырылды. Осы жеңістерімен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 ж.14 тамызда Екатеринск станицасына шабуылдап, оның шетін, форштадты өртеп жіберді, 40-адамын тұтқындап алып кетті.

Көтерілісті басып-жаншу үшін Орынбор жақтан полковник Дуниковскийдің отряды жіберілді, ал әскерлердің сібірлік тобын генерал Жемчужников басқарды. Кенесарыға патша отрядтарының қуғынынан сытылып кетудің сәті түсті. Үкіметтік топтарды абыржушылық биледі. Оның үстіне Кенесарымен ұзаққа созылған соғыс үкіметтің талай күш-қаражатын шығындатты. Соғыс жылдам жеңіспен бітетін болмады. Бұған қоса Орынбор губернаторы В.А.Перовский мен Сібір губернаторы В.Д.Горчаковтың арасында Кенесарымен қалай күресу жөнінде алауыздық туды. Перовский дауды келіссөздер жүргізу жолымен шешуді ұстанды, ал Горчаков мәселені шешудің соғыстық түрін жақтады.

Орынбор бастықтары Кенесарыға Долгов пен Герн басқарған елшіліктер жіберу қажет деп тапты. Олар өздері алған нұсқауға сәйкес Кенесарының алдына қабылдауға болмайтын шарт қойды.

Бұл шарт бойынша көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақтарда ғана көшіп-қонуға рұқсат етілді. Көздеген мақсаттарына жете алмаған патша елшілері кері қайтуға мәжбүр болды. Соның өзінде Долгов Орынбор әкімшілігіне Кенесарының талаптарын жеткізді. Онда Кенесары егер орыстардың барлық бекіністері жойылса, басылып алынған жерлер қазақтарға қайтарылса, далада тонаушылық пен зорлық-зомбылық жасаушылық тоқтатылса ғана Ресейдің протекторатын (импералистік ұлы мемлекеттің ықпалындағы кіші мемлекет...) қабылдауға келісім беретінін білдірді.

Үкімет Арал-Сырдария алқабы ауданынан бірнеше бекіністер салу арқылы Кенесары ханды Орынбор өлкесінен ығыстырып шығаруға күш салды. Екі қанатынан қыспаққа алынған Кенесары Сарыарқаны (Алтын даланы) қалдырып, көтеріліс орталығын Ұлы жүзге ауыстыруға мәжбүр болды.

Сібір өкімет орындары аймаққа Кенесары жасақтарының келуінен алдын-ала сақтану үшін халық пен мал санағын жүргізуді желеу етіп, Жетісуға Сібір шекара басқармасының төрағасы генерал Вишневскийдің басқаруымен зеңбіректері бар едәуір әскери күш жіберді. Оның қай жағынан да басым күшінің қысымымен Кенесары Іле өзенінің оң жағалауына етіп, одан алатаулық қырғыздарға қауіп төндіре Алатау бектеріне қоныс аударды. Ұлы жүз батырлары Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек Кенесарыға қолдау көрсетті. Көтерілісшілер қырғыз жерлеріне жақындады. Көтерілістің бастапқы кезінде старшындыққа қарсы сипаты өзгеріске ұшырай бастады. Хан солтүстік қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік және басқа тайпалардың өкілдері қазақ ханының талаптарын орындаудан бас тартты.1847 ж. сәуірінде 10000 әскері бар Кенесары Қырғызияға басып кірді Қырғыздармен қақтығысу Ыстықкөл көлінің тау шатқалы қойнауында және Шу өзенінің бас жағында өтті. Тоқмақтың маңында болған күштері тең емес шайқаста Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен бірге қаза тапты. Ханның жеңілісі мен өлімі орыс отрядтарының Іле сыртындағы өлке мен Солтүстік Қырғызия жаққа қарап жылжуына қолайлы жағдай туғызды, сөйтіп бұл территорияларды Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.

Кенесары Қасымовтың көтерілісінде қарама-қайшылықтар аз емес. Олар: бір жағынан-Қоқанд хандығымен соғыс (қазақтарды азат ету мақсатын көздеді) және екінші жағынан-қырғыздармен туысын өлтірушілік соғыс, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларына деген өшпенділік.

Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатындағы XIX ғ. аса ірі халық-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғ-дың өзінде-ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.



Әдебиеттер мен сілтемелер тізімі


  1. Қ.Ахметов. “Кенесары хан Ұлытау өңірінде”. Астана 2002 ж, 3 б.

  2. Бұл да сонда 8-9 б.

  3. Ахмед Кенесарин “Хан Кенесары” 1992 ж, 4-5 б.

  4. Бұл да сонда 9 б.

  5. Бұл да сонда 21 б.

  6. Бұл да сонда 23 б.

  7. Бұл да сонда 24-25 б.

  8. Ахмед сұлтан Кенесарыұлы “Кенесары және Сыздық сұлтандар” Алматы 1992 ж, 8 б.

  9. Бұл да сонда 12-13 б.

  10. Бұл да сонда 19 б.

  11. Бұл да сонда 22 б.

  12. Н.Э.Масанов, Ж.Б.Абылхожин “История Казахстана народы и культуры” Алматы 2001, 1892 б.

  13. //Ұлағат - 2004 № 3-46-50 б. Ж.Жақаев.

  14. // Жұлдыз – 2004 № 6, 112-120 б.

  15. // Қазақстан тарихы. 2004 ж №5 – 312 б.

  16. // Қазақстан тарихы. 2004 ж №1 45– 50 б.

  17. Бұл да сонда 2005 ж. № 6 -45-51 б. Б.Серебренников.

  18. // Ақиқат – 2005 ж №10 – 53-60 б. С.Ақтаев.

  19. // Қазақ тарихы - 2005 №2 55-57 б. Ә.Дилебаев.

  20. Е.Бекмаханов “Қазсқатан ХІХ ғ-ң 20-40 жылында. Алматы, 1994 ж.

5-8 б.

  1. М.Қозыбаев. “Жауды шаптым шубайлап” Алматы, 1994 ж, 14-16 б.

  2. Ж.Қасымбаев “Қазақ хандары” 1988 -99 ж.

  3. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Алматы, 1998 ж.

  4. Қазақстан тарихы очерктер, Алматы 1994 ж.

  5. Е.Ирина Викторовна “Казахские ханы и династий” 2003 ж.

  6. // Азия Транзит - 2002 ж - № 9 - 34 б. Р.Бимендина.

  7. // Ана тілі, 2003 ж, - 200б.

  8. Рязанов “Восстание Кенесары Касымова (1837-1847 г) исторический очерк” Алматы, 1993 ж. 90 б.

  9. Середа Н. «Бунт Кенесары Қасымова. Вестник Европы, №8, 1870., 550б.

  10. Б.Жамгерчинов. Киргизы в эпоху Орман хана, 127 б.

  11. М. Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет