Музыка. Тақырыбы:Жомарт өлкем Мақсаты: Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Балаларды туған өлкесіне сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Көркем әдебиет. Тақырыбы:Мысық, әтеш және түлкі.(ертегі)
Мақсаты: Ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтау, қисынды мазмұндауға, ертегіні әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдануға үйрету. Ертегі мазмұнын эмоциялық-бейнелі қабылдау, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін және өзара жағымды қарым-қатынасын дамыту. Жағымды әдеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Қоршаған орта Тақырыбы: Аңдар қысқа қалай дайындалады
Мақсаты: Жануарлардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуі туралы түсінік қалыптастыру.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жануарлар мен өсімдікке қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.
Шығармашылық бейнелеу әрекеті жапсыру. Тақырыбы: Кемпірқосақ Мақсаты: қайшыны дұрыс қолдана білу, желімді,ұқыпты пайдалану дағдысын бекіту;саусақ,моторикасн дамыту; логикалық ойлау, есте сақтау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту, жазғы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін жетілдіру; табиғатты сүюуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Дене шынықтыру. Тақырыбы: Күшті, батыл және үлкен боламын!
Мақсаты: Тапсырманы өз бетімен орындауға баулу және шыдамдылық, ептілік, күш секілді дене сапаларын дамыту. Өзінің денсаулығына қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру.