Асинхронды оқытудың артықшылығы: 1. Барлық оқушыларға оқуды бір мезгілде қолжетімді ете алатын,
сондай-ақ өткен материалдар қорына қолжетімділігін қамтамасыз
ететін ыңғайлы уақыттың болуы.
2. Танымдық белсенділікті арттыру: білім алушыларға курс
материалымен танысып және оны түсінуге уақыттың жеткілікті
болуы.
Асинхронды оқытудың кемшіліктері: 1. Білім алушылар құрдастарымен және мұғаліммен байланыстың
және әлеуметтік қарым-қатынастың жетіспеушілігін сезінуі мүмкін.
2. Оқу материалының толық көлемде игерілмеуі немесе мұғаліммен
нақты уақытта өзара әрекеттесудің болмауына байланысты
оқушыларда дұрыс түсінік қалыптаспауы мүмкін.