3-күн тапсырмасы. А берілген тест тапсырмасын орындаңыз


ППП әдісі. Грамматиканы үйретудің кезеңдері



бет6/6
Дата19.04.2024
өлшемі18,5 Kb.
#201025
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-күн 3-тапсырма

ППП әдісі. Грамматиканы үйретудің кезеңдері:


Грамматиканы оқытуға дайындау, грамматиканы түсіндіру (презентация)
Грамматикалық ұғымдарды белсендіру (практика)
Грамматикалық ұғымдарды бекіту тапсырмалары (продукт)
Сабақ жоспарында грамматиканы үйрету кезеңдері толығымен сақталып құрылса, бір сабақты толығымен қамти алады.
Сабақ жоспарында грамматиканы үйрету кезеңдері толығымен сақталып құрылса, бір сабақты толығымен қамти алады.


Оқушыларға тақырып бойынша жағдаят ұсынылады. Мәтін, сурет беруге болады.
Оқушылар сурет не мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талқылайды.
Оқушыларға үйретілетін грамматикалық бірліктерді арнайы сұрақтар ішіне қосуға болады.
Мұғалім сурет не мәтін арқылы дайын грамматикалық бірлікке құрылған мысалдар ұсына алады.
Мұғалім бөлменің суретін көрсете отырып, жағдаятты ұсынады:


«Бүгін осы бөлмеге ұры түсті. Ол нені ұрлап кетті деп ойлайсындар?» «Ол ноутбукты ұрлап кетті … Ол әшекейлерді алды…» деген жауаптарды оқушылардан алуға тырысады.


Осы жағдаяттан соң жедел өткен шақтың жасалуын таныстыруға болады.


Болжалды келер шақты (-ар, -ер, -р) түсіндіруге арналған жағдаят:


«Ең керемет демалыс күні.


Сен үшін идеалды демалыс уақыты қандай болу керек?


Сенде сондай демалыс кезі болып көрді ме?


Төмендегілердің қайсысы болуы мүмкін?»


Грамматикалық ұғымдарды түсіндіру, белсендіру тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.


Грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды мысалдар, ереже негізінде түсіндіреді.
Практикалық жаттығулар ұйымдастырады.
Оқушылардың грамматикалық бірліктерді дұрыс қолдануын қадағалайды.
Алайда тым көп теориялық ақпарат беруден абай болу керек.
Осы жұмыстарды жүргізе отырып, сабақ соңында грамматикалық ұғымдарды бекіту тапсырмаларын беру өте жемісті болады.


Сабақтың бұл кезеңінде оқушыға ауызша не жазбаша мәтін құру тапсырмаларын беруге болады.
Критерии ретінде сабақта өткен грамматикалық бірлікті қолдану ұсынылады.
Оқушылар мәтін құру талаптарын орындап жұмыстарын таныстырады.
Мұғалім мәтінді бағалай отырып, берілген грамматикалық бірліктің дұрыс қолданғанын тексереді. Басқа грамматикалық қателіктерге баса назар аудармайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет