3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes Жоспар



бет12/13
Дата16.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#153331
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№3 Лекция. Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ, жұмыр 3
КӨШБАСШЫ 12 ПЗ, 15.03.22 Матем СЛИВ
Балалар острицасы - Enterobius vermicularis адамның көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының – 9-12 мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген.
Ұ рықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жұмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личичнка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау – денені таза ұстау, гигиенаны сақтау қажет.
Ішек угрицасы - Strongyloides stercoralis адамның он екі елі ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі ұрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі – еркін тіршілік етуші немесе топырақтық. Ішектің ішінде гермафродитті формасы дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседі. Жұмыртқалардан екі типті личинкалар дамиды: бірқатары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, ересек күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады; қалғандары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тірідей туады. Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп, гермафродитті құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі байқалады.
Он екі елі ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale адамның он екі елі және ащы ішектің ішінде паразиттік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада кездесіп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді тістерімен ішектің сілекейлі қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий клеткаларымен қоректенеді және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөліп шығарады.
Жұмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң личинка шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін бұрғылап тесіп қанға өтеді, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы ішекте тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет