3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes Жоспар


Хромадорида (Сhromadorida) отряды Эноплида (Enoplida) отряды



бет9/13
Дата16.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#153331
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№3 Лекция. Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ, жұмыр 3

Хромадорида (Сhromadorida) отряды Эноплида (Enoplida) отряды

Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар. Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразиттері.


Тері сезу мүшелері – қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папиллалар нашар дамыған. Қылтаншалар құрттың бүкіл дене бойында орналасқан. Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жұмыр, спираль, қалта тәрізді. Паразитті түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. Теңізде тіршілік ететін кейбір түрлерінде жарық сезгіш пигментті дақтары (көзшелері) болады.
Қосымша ретінде гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері болады, соңғысынан бөлінген зат, суда қатып, құрттың субстратқа бекінуіне мүмкіндік жасайды. Көпшілігі бүкіл денесімен тыныс алады, кутикуласы жұмсақ, қорғаныш қабілеті нашар.
Хромадоридалар отряды өте ұсақ, еркін тіршілік ететін құрттар, теңіз түбіндегі органикалық тұнбасы мен топырақта шіріген заттардың арасында жиі кездеседі.
Эноплидалар – жыртқыштар, теңізде, тұщы суда, топырақта кең тараған. Аздаған түрлері насекомдардың, сүтқоректілердің, адамның паразиттері. Маңызды өкілдері: алып свайнигі, түкбасты құрт, спиральды трихинелла.
Dioctophyme renale – алып свайнигі иттің, қасқырдың, түлкінің бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің бүйрегінен несеп заттары арқылы сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін жұмыртқалар жауын құрттың ішегіне түсуі қажет. Құрттың ішегінде жұмыртқадан шыққан личинкалар дене қуысына өтіп қан жүйесіне түседі де, бірнеше рет түлейді. Егер де, ит ішінде личинкасы бар жауын құртты жұтса, онда личинкалар иттің ішегін тесіп, дене қуысына одан бүйрегіне өтіп, ересек формасына айналады. Осылайша паразит иесін алмастыру жолымен дамиды.
Trichocephalus trichiurus – түкбасты құрт (қылбас құрт) адамның соқыр ішегінде және тоқ ішегінде паразитттік тіршілік етеді. Ақшылдау түсті, аталығының ұзындығы 30-40 мм, аналығының- 25-50 мм. Денесінің алдыңғы жағы қылдай жіп тәрізді жіңішкерген, онымен ол ішектің кілегейлі қабықшасына бұрғылап терең енеді. Сондықтан да оны ішектен шығару өте қиын.
Жұмыртқалары тек қана сыртқы ортада, суда немесе ылғалды топырақта дамиды. Адамға жұмыртқалары су, жуылмаған көкөніс арқылы жұтудың нәтижесінде жұғады. Жұмыртқадан шыққан личинка ішектің қабықшасына бекініп, бір айдан соң ересек құртқа айналады. Ішек ісініп, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет