3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes Жоспар



бет13/13
Дата16.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#153331
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№3 Лекция. Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ, жұмыр 3
КӨШБАСШЫ 12 ПЗ, 15.03.22 Матем СЛИВ
Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларда байқалады.
Ришта - Dracunculus medinensis ақшыл түсті, жіп тәрізді, жіңішке құрт, аналығының ұзындығы 32-100 см, аталығы – 2 см.
С урет Паразиттi нематодтар: А - ришта, аналыгы; Б - циклоптың iшiндегi риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының зардабынан пайда болған элефантиазис ауруы («піл ауруы»).
Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, денені іріңдетіп жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы шумақталып, бүктетіліп жатады. Ауызы ашылған жарадан, іріңмен бірге личинкалар сыртқа шығып тұрады. Ары қарай дамуы үшін личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. Егер де, адам сумен бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне еніп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады.
Б ұл ауру Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріңдеп жарақаттанған аяғын, қолын сумен жуу арқылы личинкаларды суға ағызып, олардың кең таралуына себепкер болады.
Адам, жануарлар және өсімдіктердің гельминтоздық ауруларының қоздырғыштарын жоюға бағытталған белсенді шаралары девастация деп атайды. Атақты гельминтолог К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми еңбектерді жазған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет