3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз


Ыбырай Алтынсариннің қазақтың әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектеріне талдау жасаңыз



бет3/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)

27. Ыбырай Алтынсариннің қазақтың әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектеріне талдау жасаңыз.

Ыбырайдың қазақ этнографиясы жөніндегі зерттеу очерктері 1862 жылғы хатында халықтың әдет-ғұрпын зерттеп жүрмін деуі тегін емес еді. Осы ізденістердің нәтижесінде екі еңбек жазады. Олар: «Орынбор ведмоствасы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу,қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі». Онда қазақтың құда түсу,жеті атаға дейін қыз алыспау рәсімдерінің елді біріктірудегі прогрессивтік мәнін ашып көрсетеді. Сондай –ақ, өлген адамдарды жерлеу рәсімдеріне талдау жасап,жоқтаудың тәлімдік мәнін ашып,өлген адамның жетісін,қырқын,асын беру,бейт тұрғызу салттарын жан-жақты талдап баяндайды.


Ыбырай атамыздың этнографиялық еңбектерінің бағалылығы аталған мәселелер бойынша халықтың көне заманнан келе жатқан әдет -ғұрыптарын бүге-шігесіне дейін қамтып,кейбір құбылыстардың шығу төркіні мен әлеуметтік негіздерін де ашып көрсетуінде еді. Мұны,әсіресе оның екінші очеркі туралы айтуға болады.Құда болудың,құданы таңдаудың себебін былайша түсіндіреді. «Қазақтардың,- дейді ол,-өзара қоғамдық қатынастары тек қана ескілікті әдет-ғұрыптар бойынша реттеліп отырған кезде өздерінің достығын жекжат боп нығайтқысы келген адамдар бірінің әйелі ұл,екіншісінің әйелі қыз тапса,оларды некелеп,бір-біріне қосатын болып уәделесе береді».Демек құда болу арғы замандардан бастап-ақ жастардың бір-бірін біліп,жарасуының негізінде емес,ата-ананың,әсіресе,әкенің өзіне өзі теңдес дос іздеуінің немесе ескі досымен достығын «сүйек» жаңғырту арқылы нығайта түсу тілегінен,кеңірек алсақ,патриархалдық семьялардың туыстық одағы мен бірлігін қамтамасыз ету мақсатынан туып отырған. Ұлы ағартушы құдалықтың көп ретте жеке семьялар бірлігінен биіктеп,рулар,тайпалар одағын нығайту мақсатынан туғанын да,сол арқылы жалпы халықтың бейбіт,тыныш өміріне септігін тигізу мүддесін көздегеніне деорынды назар аударады және оның түбі қайдан,қалай,қашан шыққанына жауап беруге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет