3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз


Шоқан Уәлиханұлының күнделіктеріндегі жазушылық-публицистік, суреткерлік шеберлік белгілерін анықтаңыз, дәлелдеңіз



бет8/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)

79. Шоқан Уәлиханұлының күнделіктеріндегі жазушылық-публицистік, суреткерлік шеберлік белгілерін анықтаңыз, дәлелдеңіз.

Шоқанның еңбектері көбіне саяхаттап жүріп жазылған. Ол саяхаттап жүріп Манасты, қазақ қырғыз очерктерін, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарында, қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алады. Осы еңбегінің өзінде халықтың тұрыс тіршілігін бейнелеп, суреткерлік шеберлігімен нақышына жеткізіп бейнелеудің өзі оңай іс емес. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады.


Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады.


Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Оның көп суреттері өзінің туған жеріне деген сағынышпен алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет