3-модуль 1-күні бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (өзіндік жұмыс 120 минут) Ескерту



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі297,67 Kb.
#89503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3-модуль СР №1

Өзіндік жұмыс №4
Берілген кейспен танысыңыз. Берілген сұрақтарға өз пікіріңізді жазыңыз.

Кейс: А. есімді бала 7-сынып оқушысы. Дене шынықтыру сабағында А есімді оқушымен пән мұғалімі арасында қақтығыс жағдайы орын алған. А есімді бала мұғалімнің ескертпелеріне қияңқылық танытып, оған бағынғысы келмеген. Оқиғаның былайша өрбігендігі туралы ақпарат бар.


Сол күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепішілік проблемаларға байланысты сабаққа келген. Мұғалімді ауыстыруға келген пән мұғалімінің осы уақытта өзі сабақ беретін басқа сыныппен қатар дене шынықтыру сабағы қатар келгендіктен спортзалда екі сыныпты бірге алып келген. Мұғалім бірінші сыныпқа тапсырмалар беріп жатқанда, А есімді баланың сыныбындағы балалар бос болып, бір бірімен сөйлесіп, мұғалімге сабақты жүргізуіне кедергі келтірген. Сол сәтте мұғалім А есімді балаға ескерту жасайды. Бірақ жасалған ескертуге А есімді бала оның ескертуін естімей әрі қарай өз әрекетін жалғастыра береді. Бұл мұғалімге ұнамай А есімді балаға қатты ескерту жасайды. Берілген ескертуді А есімді бала қабылдағысы келмегендей сыңай танытады. Мұғалім қатты ескерту жасағанда А есімді бала мұғалімге қырсығып тіл қатады. Осылайша мұғалім мен А есімді бала арасында қақтығыс орын алған. Мұғалім қақтығысты шешу үшін А есімді баланы мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі директордық орынбасарына алып барады. Мектеп орынбасары болған жағдайды сұрағанда А есімді бала қырсығып, мұғаліммен сөзге келгенін айтып, ойын қысқа қайырады. Баланың мұғалімнен кешірім сұрау ниетінің болмағанын байқаған мектеп орынбасары, балаға ата-анасын мектепке шақыртып, айып төлететінін немесе заң қызметкерін шақыртып оны 5 тәулікке қаматамын деген шарт қояды. Оны естіген А есімді бала мұғалімнен кешірім сұрайды. А есімді бала мұғалімнен кешірім сұрағанымен жылай бастайды. А есімді балаға дәретханаға барып беті қолын жууға жібереді. Баланың артынан барған психолог баланың жарды қолымен жұдырықтап ұрып тұрғанын байқайды. Ол баланы алып келіп, оның тыныштануына көмектесті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет