3-модуль 1-күні бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысы (өзіндік жұмыс 120 минут) Ескерту



бет6/11
Дата07.02.2022
өлшемі297,67 Kb.
#89503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3-модуль СР №1

Өзіндік жұмыс №3
Михаил Лабковскийдің топтық психологиялық кеңес беруі видео ресурсын көріңіз. Видео ресурсты және бүгінгі күннің дәрісін негізге алып келесі тапсырмаларды орындаңыз.

1. Маманның психологиялық кеңес беруде қолданған әдіс-тәсілдері мен техникасына назар аударыңыз. Оларды анықтаңыз. Мысалдар арқылы анықтаған техникаларыңызды сипаттаңыз.


2. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың өмір мәнін түсінуіне қолдау көрсету үшін не істеуге болады? Тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз немесе алдағы уақытта оны қалай жоспарлайсыз? Жоспарыңызбен бөлісіңіз.
3. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату үшін маман ретінде қандай ұсыныстар бересіз?
Жауап

  1. Маманның психологиялық кеңес беруде қолданған әдіс-тәсілдері мен техникалары адамдардың өздері жайында қате пікірлерін, белсенді тыңдау техникасы, сұрақ қою техникасын, кеңес берудегі әсер ету техникалары, эмпатиялық тыңдау, сендіру мен иландыру техникаларын, кеңес берудегі кері байланыс жасау арқылы, топтық супервизия жасау арқылы жіне сол кезде ашық сұрақ-жауап арқылы әңгімелесе отырып, мотивациялық кеңестер берді.




  1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың өмір мәнін түсінуіне қолдау көрсету мақсатында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастыру; Мен өмірді таңдаймын!» , - деген фотоконкурс ұйымдастыру; Қазіргі кезде қашықтықтан оқытуға байланысты «Қиындықтан арылудың жолдары»; «Интернеттің пайдасы мен зияны»; «Өмір»; «Өмірден алам десең үлесіңді»; «Уақытты тиімді пайдалану» деген тақырыптарда мотивация жасайтын бейнероликтерді ватсап желісі арқылы ата-аналармен оқушыларға, мұғалімдерге жіберіп отырамын.



  1. Ең алдымен, Бақытты болу үшін «Өзіңді сүй!» деген ұсыныс айтам. Өзінің «Менін» көтеруді ұсыну. Өзін-өзі жоғары бағалау керектігін ұсыну. Өзін сол қалпында қабылдауын; Өзіне деген сенімділігін арттыру; Қорықпау керек екенін; Пайдалы нәрсені емес, жақсы көретін тағамды жеу керек екенін. Арманыңның шынға ұласуы үшін, сенімді болуды; Ешкімге ештеме дәлелдеудің қажеті жоқ екенін. Өзін-өзі жоғары бағалайтындар, өзін жақсы көретін адамдар, оларды біреу тастап кетсе де қайғырмайтынын айту. Өзін ешкіммен салыстырмауын; «Сен осындайлығыңмен ерекшесің»- деп; Өздерін жақсы көретін адамдар, ешқашан жағымпазданбайды,олар ешкімге бас имейді, оны біреу сүйсін деп. Ондай адамдарды бәрі сүйетінін. Адам өзін сүйсе ғана, оны сүйетіні туралы кеңес беремін. Толыққанды өмір сүру үшін, өзіңді сүй!- деген ұсыныстар айтамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет