«№3 орта мектебі»кмм ағылшын тілі пәні мұғалімі Жолдыбаева С. М «Ең оңайы еліктеу



Дата08.07.2017
өлшемі46,59 Kb.
#20882
Сабақты зерттеу әдісі –жаңашыл мұғалімнің шыңдалуы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің

«№3 орта мектебі»КММ ағылшын тілі пәні

мұғалімі Жолдыбаева С.М

«Ең оңайы - еліктеу,

Ең  ащысы - тәжірибе,

Ең  мәртебелісі – ойлау»



Конфуций
Мектепте мұғалімнің  кәсіби білімін жетілудірудің ең бір тиімді бағыттарының бірі - «Сабақты зерттеу» әдісін жүргізу. Бұл жаңашыл бағыт  - мұғалімдер тәжірибесінде білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады. Ең маңыздысы мұғалімнің зерттеу қабілеті жетіледі.  «Сабақты зерттеу» әдісіне жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.  Бұл әдістің толық циклін өткізген соң мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсатында өз еңбектерін баспада жариялауға, пән бірлестіктерінде немесе әдістемелік кеңесте ой бөлісулеріне болады.

Осы орайда, мектебімізде «Сабақты зерттеу» әдісін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Тулебаева Д.Ж. ,ағылшын тілі пәні мұғалімі- Жолдыбаева С.М, орыс тілі пәні мұғалімі - Абилтаева А.С, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бирмуканова А.М, Танирбергенова А.Ж топ құрдық. «Сабақты зерттеу» әдісін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Жигсо әдісін топтық жұмыста тиімді пайдалану»  тақырыбы бойынша 8 «А» сыныбында жүргізуді жоспарладық. Бұл сыныпты алу мақсатымыз, сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасағанда қиындықтар кездесіп жүрді, сол олқылықтарды жою және жекелеген оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттыру болды. Жалпы сыныптың білім сапасы да төмен деңгейде –26,7 % құрайды, сыныптың  белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі  орташа. Сондықтан «Жигсо» әдісі арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру, пәнге қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

«Сабақты зерттеу» тобы сынып оқушыларымен сауалнама жүргізу арқылы «Оқушы үнін» есепке ала, зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтады, жоспары құрылды. Әр топ мүшесіне «Сабақты зерттеу» әдісінің қадамдарына сәйкес бақылау парағын толтыру, АВС оқушылароын белгілеу, сабақты талдау бойынша хаттама жүргізу жұмыстары бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай бөлінді. Зерттеу тақырыбына сай «Жигсо әдісін қолдану арқылы топтық жұмыста оқушылардың белсенділігін арттыру» мақсаты көзделді. Күтілетін нәтиже мен табыс критерийлері белгіленді. Мұғалімдер үшін: Жигсо әдісін тиімді қолдана алу дағдысын жетілдіру; 7 модульді ықпалдастыра қолдану арқылы кәсіби білім сыныптың білім сапасын көтеру. Оқушыларға: Жигсо әдісі арқылы топтық, жұптық жұмысқа белсене қатысу мүмкіндігін жасау; мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Бірінші «Сабақты зерттеу» әдісі циклі ағылшын тілі пәнінен басталды. Сабақтың тақырыбы «Қазақстанның жануарлар әлемі». Жигсо әдісі үй тапсырмасын тексеруде, жаңа сөздермен танысуда қолданылды. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды. Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыс жасағандары байқалды. Топ мүшелерімен сабақты талдау барысында  оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін тақырып бойынша қажетті сөздерді табу тапсырмасы жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз түсіндірсек деген ұсыныс жасаған  болатын. Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасады. Мәтінмен жұмыс белсенді диалог орнады, барлық оқушылар диалогқа қатысты. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бақылауда болған С және А деңгейлі оқушылар  табыс критерийлеріне жетте алды. Ал, В деңгейлі оқушы үй тапсырмасы бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге Жигсо әдісінің тиімді болғанын айтты.

Үшінші сабақ қазақ әдебиеті пәнінен М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы талданды. Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан  сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық. Осы бағытты ұстана отырып, зерттеушілік әңгімені (Барнс (1976), Мерсер (2000)) енгізуді жөн көрдік. Өйткені, зерттеушілік әңгіме қарым-қатынас жасаудың барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім-білік дағдысы толық болғанымен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Оқушылардың зерттеу жұмысына төселмегені, бұл әдіс оларға күрделі болғаны байқалды. Төртінші кезеңде М.Дулатовтың «Шешенің бабаларын сүюі» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады. Жоба қорғау барысында көшбасшы оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды.

Әр сабақтан кейін топ мүшелері жиналып, сабақ талданып, келесі сабақтың жоспары бойынша кеңес өткізілді. Зерттеу тақырыбымыздың мақсатына сай «Жигсо» әдісінің тиімділігіне көзіміз жетті. Осы әдісті сабақта қолдануға дағдыландық, әсіресе, оқушылардың белсенділігінің артқанына куә болдық. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға  ұнайтындай  әдістерді қолдана отырып  сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойдамыз. Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу болмаған еді. Сондықтан, «Сабақты зерттеу» әдісі ең бірінші, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне, екіншіден, оқушылардың білім сапасын арттырудың бірден бір жолы бола алатынына көзіміз жетті.



Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Сабақты зерттеу - оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет