3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет8/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Қарымбай Қошмамбетовтың беделі мен даңқы 1922 жылы Әулиеата уездік Кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы етіп сайланғаннан кейін уез халқының арасында кеңінен таралабастайды. Осы жауапты қызметте жүріп ол аштық, жұт апаттарымен, кулактармен күресін жалғастыра береді. Оның жігерлі, кайратты тұлғасын кез-келген қиыншылықтарда керуге болатын. Кеңестің терағасы ретінде де Қарымбай Қошмамбетов халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін азық-түліктерді таратуда қатаң бақылау орнатып, қоғамдық асхана, балалар үйі, интернаттардың жұмысын бақылап, ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсететін комитеттер ашып, қолынан келген бар мүмкіндікті жасайды [1, 138 - 139 с.]. Бұдан басқа Әулиеата уезінің Кеңестер съездерінде және атқарушы комитеттердің отырысында халықтық білімді дамыту, кеңес құрылысы, қазақ тілінде іс жүргізу тағы басқа көптеген мәселелерді шешеді.Көп ұзамай, 1923 жылы Түркістан Компартиясының Әулиеата уезі қарайтын Сырдария облыстық комитетінен Қарымбай Қошмамбетовты Қызылорданың Қазалы уездік-қалалық Кеңесінің атқару комитетіне жауапты хатшы ретінде жіберген шақырту келеді. Бұл жерге де Қарымбай Қошмамбетов атышулы чекист ретінде әдейі көмекке шақырылған еді. Жарты жыл бойы Қарымбай Қошмамбетов Қазалыда жергілікті партиялық ұйымдардың жұмыстарын күшейтіп, «Қосшы» одағын бөгде, жау элементтерден, кездейсоқ адамдардан тазартып, оның қатарына кедей шаруаларды тартады [ 6,193 - б.]. Әулиеатаға қайта оралғанда Қарымбай Қошмамбетовты уездік Кеңесте Орта Азия республикаларын ұлттық-территориялық межелеу бойынша жауаптылығы кем түспейтін қызмет күтіп тұрады, мұнда да Түркістан АКСР-нің Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланып, 1923 жылы 31 мамырда Әулиеата уездік-қалалық атқарушы комитетінің төрағасының №18/5579 - шы куәлігін алады. Бұл уақытта Қарымбай Қошмамбетов кеңес әкімшілігін күшейту, жаңа кадрлар таңдау, ұлттық қазақ тілінде іс жүргізу мәселелерімен айналасып, үлкен жүмыстар жүргізеді.

1920-жылдардың II - ші жартысында Қазақстанның партиялық үйымы мемлекеттік әкімшіліктің байырғы негізі бойынша жергілікті ұлт өкілдерін басшылыққа қоя бастайды. Осындай қызметтердің біріне Қарымбай Қошмамбетов тартылып, 1926 жылы наурыз айында отызға да толмаган жігіт Орал губерниялық атқарушы комитетінің төрағасы қызметіне жіберіледі [6,194 - б.]. Әулиеата уездік Кеңесінде жиналған үлкен іс-тәжірибе және адамдарды тани білу қасиеті 29 жасар коммунист Қарымбай Қошмамбетовке губернияда кеңес және шаруашылық құрылыстарына басшылық етуде күрделі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруына оң ықпалын тигізеді. Көптеген мәселелерді шешуде



Қарымбай Қошмамбетов ерекше тапқырлық, адалдық, жігерлілік, зеректілік сияқты қасиеттерін көрсете білген. Сол себепті де Қарымбай Қошмамбетовты халық шын сүйетін, ал партия бағалап, ерекше құрметтейтін.1928 жылы ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланады. Сол жылдың ақпан айында біржағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі ретінде Алматыда Қазақстан мемлекеттік ауыл шаруашылық қоймасы төрағасының меңгерушісі етіп ауыстырылады, бір жылдан кейін республиканың сауда Халық Комиссарының орынбасары қызметіне шақырылып, сол қызметке тағайындалады. 1929 жылы кеңестік құрылыстың барлық майдандарында ұлы бетбұрыс жылы болады.Өлкелік партиялық ұйымның басшылығымен елде ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру басталады. Жүздеген коммунистермен бірге Алматы округі ВКП (б) Іле аудандык комитетінің хатшысы Қарымбай Қошмамбетовте ауылдарға жіберіледі. Бұл жұмыс коммунистерден максималды күш жұмсауды, партиялық жұмыстарды ауылдарда табанды әрі тез арада қайта құруды талап етеді. Қарымбай Қошмамбетов 1930 жылдың қара күзіне дейін жаңадан құрылған шаруашылықгарға жағдай жасаумен болады [ 1, 140 - 141 с.]. Қызметіне адал, халқына шексіз берілген

оның сүйіспеншілікке толы жүрегі ақырында бойындағы бар отын сарқа жұмсап, тоқтайды. 1930 жылдың қараша айында Қарымбай Қошмамбетов қайтыс болады. Осылайша жалынды жас қайраткер өз еліне жүрегін құрбан етеді.Уақытпен бірге тарих ғылымы да алға қарай қадам басқан сайын бар ғұмырын сарп еткен жандардың жарқын бейнесі бұрынғыдан да жарқырай түскендей. Қарымбай Қошмамбетов өмірінің соңғы сәтіне дейін өзі іргесін қаласқан жаңа қоғамды мықтап орнықтыруға үлкен үлес қосқан белгілі мемлекет жэне қоғам қайраткері. Жүрегінің бар от - жалынын бақытты болашақ жолына жүмсаған Қарымбай Қошмамбетовтың 33 жастық өмір жолының мұрасы осылар. Қазір сол атамызға Тараз қаласы орталығынан ескерткіш орнатылған. Әке тұлғасы қашанда сол өзі ұстаған бақыт жолын мәңгі мезгеп түрғандай. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің мүсіндері бұл күнде өзінің атымен аталатын ауыл-аймақ пен мектептердің тұғырында тұр.

Қазіргі уақытта оның есімін Алматы облысы, Қаскелен ауданы, «Дружба» совхозының орта мектебі, Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы ауданы, «Билікөл» совхозының орта мектебі, Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Майтөбе» ауылында көше, Тараз қаласында көше мен кітапхана иеленіп отыр.

Қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан жалынды революционер Қарымбай Қошмамбетовтың өмірі мен кызметіне арнап белгілі жазушы Мейірхан Қуанышбаев «Дала перзенті» және «Кек қылышы» атты қос кітабын жазып қалдырған. Түнгі аспандағы жарық жұлдыздардың адам көзін алыстан арбайтындығы сияқты, жалындап өткен Қарымбай Қошмамбетовтың да тау тұлғасы уақыт өткен сайын ірілене беретін болады.

1.М.Ж.Абдиров, Н.П.Калита и др. Борцы за советскую власть в Казахстане. - Алматы: Казахстан, Вып.2 . - 1987.-260 с.

2. ЖОММ. 5 0 -К .2 -Т . 1 8 -іс . 3 4 -п .

3. Жантуаров С.Б. В огненном кольце. - Фрунзе. -1968.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет