Керімбай Бұралқыұлы (1862-1924)
Керімбай Бұралқыұлы Жуалы ауданына қарасты Билікөлмаңында 1862 жылы дүниегекелген. (Сол кездегі Әулиеата уезі, Билікөл болыстығы) Керімбай Бұралқыұлы - Шымыр руынан шыққан қоғамқайраткері, Қойгелді батырдың ұрпағы. Шымыр руының шежіресі бойынша: Қойгелдіден - Сарымырза, Сарымырзадан Жампоз, Жампоздан - Бұралқы, Бұралқыдан - Керімбай тарайды. Керімбай Бұралқыұлы Әулиеата уезінде 19 жасында болыстыққа сайланып, ұзақ жылдар болыстық қызмет атқарған. Ол елді диханшылыққа, сауда саттыққа, кәсіпшілікке
ұйымдастырған. Тұз өндіретін, балық аулайтын бірнеше кәсіпорындар ашуға ұйытқы
болған. Керімбай болыстың ағартушылық қызметімен де ел аузында аты қалған.
1888 жылы ол мешіт, салдырып, орыс-бұратана мектебін ашады.
Қазіргі Тараз қаласындағы №12 мектепті қазақ балалары үшін Керімбай болыс интернат етіп салдырған, ол 1912 жылы Аса интернаты болып аталды.
Керімбай Бұралқыұлы өз заманында көзі ашық сауатты кісіболған, көнекез қариялардың айтуына қарағанда ақындығымен,сол сияқты күйшісазгерлігімен де аты шыққанға ұқсайды. Ол 1912 жылы Ташкент қаласында өзі жинастырып құрастырған
қазақ шежіресін де бастырып шығарған. 1918 жылдың мамыр айында Керімбайдың ауылына арнайы келген халық ақыны Жақсыбай Жантөбетұлы былай
жырлайды:
Би болған Қаратеке, атаң, Шоқан,
Хан болған Сарт Қойгелді - бұл да наһан,
Сарымырза, Нұрбота мен Жампоз датқа
Бақ қонып, ел сұраған бәрі де паң,
Абырой екі ғалам бірдей беріп,
Ақыры әжі болды Бұралқы атаң,
Өзіңмен тоғыз болып, оныншы да Ұстады мирасында Жамаш ботаң.
Мұндағы ақынның жыры Керімбайдың ата- тегінің барлығы да текті адамдар болғанынан мәлімет береді.
Бабалары Қаратеке, Шоқан, Сарт, Қойгелділер жоңғар шапқыншылығында
еліне пана болған батырлар мен билер болса, ал Нарбота мен Жампоз -Қоқан мен Ресей отаршыларына қарсы көтерілісұйымдастырған күрескерлер болған. Елінің азаттығы үшінкүрескен осындай ата-бабаларының әруағын сыйлап өскен
Керімбайдың өзі қайырымдылығы, ерлігі, шешендігі, әділ билігі, ең бастысы-қазақ деген туған елінің қамы үшін күресіп,патшаның отарлау саясатына қарсы шыққан қайраткер екендігі тарихымыздан белгілі.
Керімбай Бұралқыұлының осындай парасаттылық пенқайырымдылыққа толы ғұмырнамасы журналист - жазушыАмангелді Ормантайдың Керімбай болыс атты повесть -
хикаятында егжейтегжейлі баяндалады. (Алматы «Мұрагер»2006 ж) Осы кітапта журналист Б.Әбілдаұлының және тарихғылымдарының кандидаттары Ә.Жүргенов, Ы.Сағынтаевтардың«Ел арысы Керімбай» атты естелігінде: «Әулиеата ояздықкеңесінің сол кездегі төрағасы Тұрар Рысқұлов аштардытамақтандыратын асханалар ұйымдастыра
бастағанда олардыңалғашқылары Керімбай Бұралқыұлының ауылында Билікөлде, сондай - ақ Меркіде, Алмалы - Ботамойнақта, Күйікте ашылды. Билікөлдің Аса өзені құятын тоғыз тарау алқабындағы Керімбайқыстауында ел «Ақтам» аталған үйінде 1917 - 1918 жылдары талай аш қазақ жан сақтады. Тіпті, жылы үй жетпеген соң киіз үйлер тігіліп, тамаққа күніне жүздеген ірілі -уақ мал сойылып, от жағылып, қазан қайнағандығын көрген жандар азын -аулақ болса
да әлі де баршылық. Қысқы суықта тойынып әлденгенадамдарды киіндіру жөнінде
де көп әрекет жасаған деген мәліметтер көрсетілген.
Керімбай Бұралқыұлының Әулиеата оязынан тыс жерлерге де кең жайылған атақ -беделімен патша отаршылары да кезіндесанасуға мәжбүр болған. Мәселен, 1911 жылыШақпақата жерінде, кейін отаршылар Кременевка деп атаған ауылдаРесейден келген мұжықтар жергілікті азаматтардың жер-суын тартып ала бастағанда Керімбай Бұралқыұлы араға түсіп, отаршылдарды шегінуге, көпайыппұл төлетуге мәжбүр еткен.
Ол қазақтардың білікті, ел ағаларымен қатар өзбектің,
қырғыздың игі жақсыларымен де қарым - қатынас жасаған.
Керімбай Бұралқыұлына әкесінің аралас - құралас қатары
Ноғайбай Дәулетқабылұлының, қырғыз манабы, Қырғызстан
Республикасының Президенті болған Асқар Ақаевтың бабасы
Шабдан Жантайұлының орыстармен қарым - қатынасы да едәуір
үлгі - өнеге болған сияқты.
Билікөлден балық аулау Керімбай Бұралқыұлының араласуымен, оралдық мұжықтардың қатысуымен кең өрістейді. Қордайлық болыс (ол кезде Жетісу облысына қараған) НоғайбайДәулетқабылұлы өз ауылынан - Шарбақтыдан қазақ балаларына
орысша үйрететін мектеп ашылғанда Керімбай да Әулиеата оязына қарасты 32 болыстың арасында қазақ балаларын орысша әрі мұсылманша оқытатын екі жылдық мектеп -интернат ашқызуға ұйытқы болған. 1873 жылы ашылған орыс мектебі жанынан бұратана, яғни өз елінде, өз жерінде кемсітіліп, осылай аталған қазақ балалары
үшін алғашқы интернат 1883 жылы ашылды. Міне, осы интернатта жатып оқитын қазақ балаларына қаржы жинаудың басы-қасында Керімбай Бұралқыұлы да болған еді. Кейін, 1912 жылы Аса интернаты аталған бұл мектеп сол кезде - Кауфман, Қазан төңкерісінен кейін -Коммунист, биылдан бастап Төле би аталған көшеде орналасты. Онда Қарымбай Қошмамбетов, Бауыржан Момышұлы, Құрманбек Сағындықов сияқты еліміздің асыл азаматтары да оқыған еді. Бұл мектеп 1927 жылы
пролетариат кесемінің есімімен «Карл Маркс» атындағы мектеп
болып аталған. Бұл деректер Жамбыл облыстық «Ақ жол»
газетінен алынды. (23 мамыр 1992жыл).
Керімбай болыс өте денелі кісі болған, мінетін сәйгүліктері
еркін көсіліп, бауырын жазып шаба алмайтын деуші еді оны
көзімен көргендер. Керімбай болыс туралы, оның шарапаты,
даналығы, батырлығы туралы ел аузында көптеген естеліктер
бүгінге дейін сақталып қалған.
Керімбай Бұралқыұлы 1924 жылы алпыс үш жасында
дүниеден озған. Ол Жуалы ауданына қарасты өзінің жайлау мекені Тоғызтарау жеріне жерленген. Жуалы аймағында Керімбай болыс мекен еткен бірқатар жер - су аттары сақталып
қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |