3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет36/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

Революция жеңсе, басқа жақта жеңіп жатыр. Ал Әулие-Ата кімнің қолында сонда? Әлі белгісіз емес пе? – деді.

Мына тосын сауал әлгі ағыл-тегіл қуанышты сезімді лезде өшіріп алғандай. Хмелевский мен Тұрар бір-біріне қарап: «мынаның сандырағы рас» дегендей бір-бірін іштей ұғынысты.

– Қам жемеңіз, жолдас Сахно. Петроград пен Ташкентте құлаған уақытша үкімет мұнда да жойылды деп есептеңіз. Ал cay болыңыз! Жолдастар, тез қалаға жетейік!

Осыны айтып Хмелевский есікке қарай бет алды.

– Тез арада Совдеп мүшелерін шақыру керек! – деді Хмелевский арбаға отырып жатып. – Грач! Барыңды сал! Тез айда!

* * *


Түнде, түн ішінде Тұрардың дауылға қарамай үйден шығып кеткенінен секем алған Сәбден інісі Әбденге барып, осы жайды хабарлаған соң Әбден де апыл-ғұпыл киініп, бәйбішесінің: «Қайда барасың, ойбай?» – дегеніне қарамай, көшеге атып шыққан.

Қаланың орталығы Кауфман көшесінде тұратын Ғұмар имамның биік көк қақпасын мезгілсіз қағып, көк төбетін әупілдетіп, тыныш елді Әбден азан-қазан қылды.

Имам мына дауылды түнде бұйығып ұйықтап, бойы зіл тартып, төсектен тұрғысы келмеп еді, сөлбірейген тұйық қызметші мұрты салбырай түнеріп:

– Құрметті имам, бір мұсылман тығыз шаруамен келіп тұр, кешігуге болмайтын көрінеді, – деді.

– Аты-жөні кім, антұрған?

– «Шуро-и-Исламияның» адал азаматы Әбден дегенмін дейді.

«Шуро-и-Исламияның» аты аталған жерде қойныңдағы қатынын да, бауырындағы баласын да құрбан етуге даяр пәруана имам:

– Шақыр қонақ үйге! – деп орнынан атып тұрды. Тұлабойын жер тартып тұратын зілмауыр дерттен құлан-таза айыққандай, жарықтық жіті қимылдап, иығына ақ шекпенін желең жамыла салып, аяғына кебіс іле салып, Әбденді имам дамбалшаң отырып қабылдады.

– Аузында «Ассалаумағалайкүмің» жоқ, абдырап жүрсің ғой, жайсыз хабар ма? – деп имам Әбденді бір жаншып алды.

– Айып менен, құрметті имам, асығыста шатасып, сәлем беруді де ұмытып кетіппін. Кешіре гөр, әулием! Оның үстіне төсектен тұрған бетім – дәретім жоқ, сіздің қасиетті қолыңызды алуға күнәқар болмайын дедім.

Имам өзі де дәретсіз екені есіне түсіп, сасыңқырап қалды.

– Оқасы жоқ, себебі болса, құдай кешіреді...

– Себебі бар, қасиетті имам, себебі бар. Әлгі менің туғаным Сәбденнің үйінде бір большевик пәтерде тұрушы еді...

– Қай большевик? Орыс па, қазақ па, ноғай ма?

– Қазақ, қасиетті имам. Тұрар Рысқұлов деген.

– А-а, Тұрар Рысқұлов. Әлбетте, білемін. Ол нағыз мүттайым, мұсылман қауымынан шыққан кәпір ғой. Игі қауымның ауқатын тартып алып, кедейлерге, құл-құтанға бергізу керек деп, бүлік салып жүрген сол емес пе? Оны қалай пәтерге тұрғызып жүргенсіңдер?

– Қасиетті әулием! Мен емес, Сәбден, – деп Әбден бүк түсіп, бүкірейді де қалды. – Сол большевик жаңа ғана үйден қаруланып шығып кетіпті. Бір сұмдық болмасын, большевиктер бір пәле ойлап жүрмесін деген күдік мені сізге айдап келді, қасиеттім.

Ғұмар-имам түсі сұрланып, тақыр басын сипалап, сәл ойланып қалды.

– Келгенің дұрыс болған. Әбден әфенді, дұрыс болған... Тез Астахов мырзаға хабарласу керек. Әттең, «Шуро-и-Исламияның» таскері жоқ, өз өкіметі жоқ. Сондықтан орыс та болса, Уақытша үкіметпен қол ұстаспаса болмайды. Екі тажалдың біреуін таңдау лазым. Большевиктен гөрі меньшевик тиімділеу біздің мұсылман қауымына, ұқтың ба, Әбден әфенді? Сондықтан екеуміз тез Астахов мырзаға жетсек керек. Ол да осы Кауфманның бойында. «Шуро-и- Исламия» өз қуатына кіріп алғанша, Уақытша үкіметпен ыңғайласып текені – жезде, ешкіні – апа, дей тұруға мәжбүрміз.

– Қасиетті имам, мен оқуым там-тұм, надан адаммын. Әйтеуір құдайға құлшылық ниетімен сіз ұстап тұрған қасиетті мешітке жұма намаздан қалмай барып тұрамын. Бірақ түсінбейтін нәрселерім көп, – деп Әбден мыртық қанден құсап, дауылды көшеде имамның ана жағынан бір, мына жағынан бір шығып, желдің ығына жығылып, жортаңдап келе жатты. – Айып көрмесеңіз, бір сауалым бар. Жаңа Уақытша үкіметпен уақытша тіл табыса тұрамыз дедіңіз. Сонда кейін өзіміздің қолымыз өз аузымызға жетер күн туа ма, қасиетті имам?



Иә, Әбден әфенді, Аллаға сыйынып, Мұхаммед туын көтеріп, мұсылман өкіметін орнатамыз. Кәпірлерден киелі топырағымызды тазартамыз. Сендердің, қазақтардың зиялылары адасып жүр. «Алашорда» дегенді құрыпты. Құдайға шүкір, әйтеуір біздің Әулие-Атаға ол тамырын жая қойған жоқ. «Алашорда» дегені тек қазақ миллатының мүддесін көздемек. Өте келте ойлайды олар. Бүкіл ислам тұрғысынан ойласу керек. «Шуро-и-Исламия» мүддесі сол. Мұсылман қауым біріккенде ғана кәпірлерді жеңе аламыз. Білдің бе, Әбден әфенді, қазақ қандастарға осыны айта бер, айта бер.

* * *



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет