3. Сабақ түрі: тәжірибелік



бет37/62
Дата08.02.2022
өлшемі7,69 Mb.
#120543
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
Әд.-өңд.-лат.т-Мейірбике-2-курс-лат.т

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, дәрілер атауларындағы жиі кездесетін бөлшектердің орфографиясы мен мағыналарына көңіл бөлінеді.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14 мин(15% )
1.Зат есім, сөздік формасы, септеулері.
2.Сөз құрамындағы бөліктер: түбір, приставка(түбір алдындағы қосымша), жұрнақ, жалғау; негіз
3.Сөзжасам тәсілдері.
4.Рецепт, оның құрылымы, латын тіліндегі бөлігінің жазылуы.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
Фармацевтикалық терминология дегеніміз дәрі-дәрмектердің дайындалуын, қолданылуын және сақталуын зерттейтін ғылымдардың терминдер жиынтығы(грек pharmacon – дәрі-дәрмек).
Дәрі-дәрмектердің көпшілігі бірнеше сөз бөліктерінен тұратын, жасанды түрде пайда болған сөздер. Олардың арасында ондаған, жүздеген атауларда кездесетін сөз бөліктері бар. Сондай белгілі мағынасы бар, дәрі туралы химиялық құрамы, терапиялық әсері немесе фармакологиялық сипатын беретін сөз бөліктері жиілік бөлшектер деп аталады. Дәрілер атауларында оларды ажырата алу сол атаулардың жазылу ерекшеліктерінің есте сақталуын және дәрілер жөнінде арнайы ақпаратты игерілуін жеңілдетеді.
Мысалы: Oxacillinum, Dicloxacillinum, Ampicillinum, Bicillinum т.б. атауларда бәріне ортақ – cillin-(um), пенициллин тобының антибиотик түрін көрсететін жиілік бөлшегі анықталады.
Phenaminum, Phenobarbitalum, Phenylbutazonum т.б. атауларда дәрілер құрамында фенилдың болғандығы –phen- жиілік бөлшегі арқылы көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет