3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет4/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)
Ауызша сұрау, үлестірмені кеспе қағаз түрінде қолдану

  • Эпидемиология және жұқпалы аурулар туралы түсініктерін

  • Жұқпалы аурулардың алдын-алу негіздерін

  • Аллергия және анафилаксия туралы түсініктерін

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)

Ақпараттық-дидактикалық блок
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері.
Жұқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшелігі:

  • контактылығы – жұқпалы ауру қоздырғышының сау адамға берілу қабілеттілігі.

  • арнайылық - әрбір патогенді микроорганизмдер процестің белгілі бір орналасуы мен және зақымдалуымен сипатталатын ауру.

  • циклділігі – аурудың кезеңдерінің кезектесіп ауысуы: жасырын кезең – бастапқы - өршу – жазылу.

  • Залалданған ағзаның микроорганизмге әсері – жұқпалы процесс даму барысында макроорганизм жүйелі түрде әсер етеді (жүрек қан тамыр, жүйке, ас қорыту, эндокринді,несеп шығару жүйелері).

  • Спецификалық иммунитеттің қалыптасуы – жұқпалы процесс даму барысында спецификалық иммунитет қалыптасады оның ұзақтығы әр ауруда әртүрлі болады.

  • Этиотропты препараттарды қолдану – жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды емдеу кезінде қолданылатын препараттар ауру қоздырғыштарына тікелей әсер етеді.

Эпидемиялық үдеріс
Эпидемиялық үдеріс деп жұқпалы аурудың қоздырғыштары түрлі жұғу жолдарымен берілетін және тұрғындар арасында таралу әсерінен инфекциялық үдеріс дамиды.
Эпидемиялық үдерістің дамуы үшін міндетті турде 3 фактордың болуы қажет:
1 инфекция көзі
2 қоздырғыштың берілу механизмі
3 қабылдағыш макроорганизм
Инфекция көзі деп тірі немесе абиотикалық объект болып келеді, оның табиғи тіршілік ортасында қоздырғыш көбейеді және жиналады және олардан дені сау адамдарға жұғуы мүмкін. Патогенді микробтардың табиғи тіршілік ортасын немесе мекендейтін жерін резервуар деп атайды. Осы резервуарына байланысты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын 3 топқа бөлуге болады: антропоноздар, зооноздар және сапроноздар.



Топтар

Негізгі инфекция көзі

Мысалдар

Антропоноздар

Адам

Іш сүзегі, вирусты гепатит
А, дифтерия, қызылша,
бөртпе сүзегі, эпидемиялық паротит және т.б

Зооноздар
(зооантропоноздар)

Жануарлар (сирек жағдайда адамдар)

Құтыру, сарып,
геморрагиялық қызба,
Қу-қызбасы, туляремия
және т.б

Сапроноздар
(сапрозоноздар)

Топырақ, су
(жануарлар да болуы мүмкін)

Ботулизм, иерсиниоздар, легионеллездар, лептоспироздар, сібір күйдіргісі, сіреспе және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет