2 нұсқа
1.Берілген мәтінен сын есімдерді теріп жаз.
2.Төрт есептік сан есім жаз.
3.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Құстардың да әні естіле бастады.
Мазмұндама № 1
Алтын адам
Астанада археология мұражайы бар.Онда жас ханзада – сақ жауынгерінің бастан-аяқ алтын мен әдептелген киімі қойылған.Оның дулығасы мен кіреуге сауытына зергер бабамыздың бірі адамдардың, аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретін бейнелеп, алтын табақшалармен әшекейлеген. Осы жауынгер киімін әшекейлеген алтындар Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін сақталған. (50 сөз)
Сөздік: дулыға- бас киім,
Кіреуге сауыт- сырттан киетін сауыт.
Жоспары: 1.Ханзада киімі
2.Дулыға мен кіреуге сауыт әшекейі.
3.Жауынгер киімінің екі мың сақталуы.
Мазмұндама № 2
Қажымұқан
Қажымұқанды бір күні ат жеккен арбамен отын әкелуге жібереді.Бір ат тиелген отынды тарта алмай мертігіп қалады.Сонда далада қалғысы келмеген Қажымұқан мертіккен атты отынның үстіне арбаға салып, қамытты өзі мойнына іліп, бір жағынан арбаны сүйреп әкеліпті. Осыдан бастап қайраты мол, баланы күші барлық елге таралыпты. (50 сөз)
Жоспар:
1.Қажымұқаның отынға баруы
2.Аттың мертігуі
3.Қажымұқанның айласы
4.Қажымұқанның алып күшінің елге таралуы.
Мазмұндама №3
Қайта- қайта
Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:
- Менің кітаптарымды сақтап қой, қайтып келгенде алармын, - деп бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбу-Насыр оны үйіне апарып қояды.Қолы босаған бір сәтте Әбу-Насыр әлгі кітаптарды оқи бастайды.Кітап сөздерін ұнатып қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды.Қайта оқиды. Толық оқып алғанша, кітапты қайта-қайта оқи береді. (61 сөз)
Жоспар:
1.Фарабиге жолдасының кітап беруі
2.Табандылығының арқасындағы оның нәтижесі.
Мазмұндама №4
Ақбас ат.
Ақтайлақ бидің аяңшыл, бөкен желісті, тақымына толық, «Ақжолтай» атақты Ақбас деген аты болыпты.Ақтайлақ би де, Ақбас ат та қартайған кезі. Бірде ауыл көшкенде ат ұстап мінгеннен кейін жылқыны өргізерде отыз екі жастағы Ақбас ат орнынан тұра алмай қалыпты.Сонда Ақтайлақ би:
- Жылқыны байыздатып қойыңдар, бірнеше адам айғайлап ұран салып өтіңдер, сүйегінде нәрі болса, түрегеліп, жылқыға ілесер депті.
Жылқыны жанап, ұран салып өткенде ат сол мезетте түрегеліп, кісінеп, жүріп кеткен екен. (70 сөз)
Сөздік: байыздатып – жылқыны бөгеу
Жоспар:
1.Ақтайлақ би мен Ақбас ат
2.Ақтайлақ бидің сөзі
3.Ақбас аттың жүріп кетуі
Достарыңызбен бөлісу: |