2. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция - экономикадағы орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция - ақшаның құнсыздануы. Тауар айналымы қажеттілігінен тыс ақша массасының артып кетуі ақша бірлігінің құнсыздануына әкеледі. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі мүмкін, ал үшіншісінің бағасы өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Инфляция деңгейін немесе, басқаша айтқанда, инфляция қарқынын өлшеу үшін баға индекстері қолданылады. Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:
,
мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі,
Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі.
Макроэкономикада инфляцияның бірнеше түрлері қарастырылады. Швед экономисі Б.Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |