Инфляциялық салық – бұл инфляция болған кезеңнің басындағы және соңындағы ақшаның сатып алу қабілеттіліктерінің арасындағы айырма. Адамның қолма-қол ақшасы көп және инфляция қарқыны жоғары болған сайын инфляциялық салық шамасы соғұрлым жоғары болады. Сондықтан жоғары инфляция, әсіресе, гиперинфляция тұсында «ақшадан құтылу (қашу)» («run from money») деп атлатын процесс орын алады. Бұл кезде ақша емес, нақты құндылықтар (құнды қағаздар) үлкен мәнге ие бола бастайды.
Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-тың монетарлық саясаты» деп аталатын кітабында 1923 жылдың қазанындағы Германиядағы гиперинфляцияны талдай отырып, инфляцияның гиперинфляциядан айырмашылығын шебер суреттеген болатын: «адам қап-қап ақша тиелген арбаны әкеле жатып, дүкеннің кіре берісіне тастап кетіп, дүкеннен шыққанда арба орнында қалып, ақша жоғалып кетсе, бұл - инфляция болғаны, ал арба жоғалып, ақша орнында қалса, бұл - гиперинфляция болғаны».
Гиперинфляция мемлекет бюджетінің үлкен тапшылығы нәтижесінде туындайды. Мұндай инфляция тұсында қалыпты экономикалық қатынастар бұзылып, ақша тез құнсызданады және кәсіпорындар бартерлік қатынастарға көшеді.
Айқын инфляция, жоғарыда қарастырылғандай, сұраныс инфляциясы түрінде де, шығындар инфляциясы түрінде де болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |