3-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, жұмыссыздық, инфляция Дәрістің мақсаты



бет5/12
Дата10.05.2020
өлшемі51,93 Kb.
#67003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
макро 3

Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал, жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.

Жасырын инфляция жағдайында бағаның өсуі болмайды, өйткені мемлекет оларға қатаң әкімшілік бақылау жүргізеді. Бұл инфляцияның негізгі көрінісі - жаппай тауар тапшылығы. Яғни ақшаның құнсыздануы тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарды мемлекеттік дүкендерден сатып алу мүмкін емес, ал тауар қымбатырақ бағамен «қара базарда» сатылады. Инфляцияның бұл түрінің Кеңестер Одағында орын алғаны белгілі.

Жасырын инфляцияның ашық инфляцияға айналуы - жағымды процесс, өйткені:

біріншіден, қоғам сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы туралы шынайы түсінік алады;

екіншіден, нарық стихиялы түрде сұраныс пен ұсынысты теңестіреді, теңдестік бағаны қалыптастырады, тауарға деген кезекті азайтады. Айқын инфляция өндірушілерді қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттайды;

үшіншіден, айқын инфляция табыстың өсуі үшін стимул құрады.

Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай, инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:

- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі,

- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі,

- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды. Гиперинфляция тұсында баға 3-4 ай бойы айына 50%-дан артық шамаға өседі, ал жылдық норма төрт таңбалы санға жетеді.

Гиперинфляция сирек болады, бірақ Германияда, Грекияда, Қытайда, Латын Америкасы мемлекеттерінде орын алған. 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалған. Мұнда баға ай сайын орташа есеппен 198 есе өскен. КСРО тарағаннан кейін, баға еркіне жіберіліп, гиперинфляция құбылысы біздің елімізде де орын алған болатын.

Баға деңгейі жоғары болған сайын (инфляция қарқыны жоғары болған сайын) ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмен болады. Ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмен болған сайын адамдар ақшаны қолма-қол түрінде көп ұстағысы келмейді. Қолма-қол түріндегі ақшаны сақтайтын адамдар инфляция кезінде инфляциялық салық төлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет