экономикалық белсенді емес халық – бұлар жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер. Оларға 16 жасқа дейінгі адамдар, күндізгі оқу орындарының оқушылары мен студенттері, еңбекке қабілетсіз адамдар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, жұмыс іздеуін тоқтатқан адамдар, жұмыс жасауды қажетсінбейтін адамдар (табыс көзінен тәуелсіз адамдар);
экономикалық белсенді халық - тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін жұмыс күштерін ұсынатын еңбекке қабілетті азаматтар бөлігі.
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі - халықтың жалпы санындағы экономикалық белсенді адамдар санының үлесі. Оны келесі формуламен есептеуге болады:
,
мұндағы Уа – экономикалық белсенді халықтың деңгейі,
Н - халықтың жалпы саны,
Эн - экономикалық белсенді емес халық.
Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды.
Жұмысы бар және толық емес жұмыс күнімен немесе жұмыс аптасымен қамтамасыз етілген адамдар жұмысбастылардың (жұмыспен қамтылғандардың) қатарына жатады. Жұмысбастылар санатына жұмысы бар, еңбек етуге қабілетті ересек адамдар кіреді. «Қазақстан Республикасындағы халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» ҚР заңының 1-бабына сәйкес, «жұмыспен қамту - бұл заңға қайшы келмейтін, азаматтарға табыс, жалақы әкелетін, олардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты іс-әрекеті».
Жұмысы жоқ және белсенді түрде жұмыс іздемейтіндер жұмыс күшінің қатарынан кеткендер деп есептеледі. Олардың құрамына оқушылар, зейнеткерлер, үйлері жоқ адамдар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыстан күндерін үзгендер, абақтыда отырғандар, психиатриялық ауруы бар адамдар кіреді.
Қазақстанда халықты жұмыссыздар санатына жатқызудың халықаралық еңбек ұйымының нұсқаулары ескерілген келесі межелеуіштері қолданылады:
адам экономикалық белсенді халықтың құрамына жатуы керек;
Қазақстан аумағында жылына алты айдан аз тұрмауы керек;
жалақы алмауы керек;
жұмыспен қамту мекемесінде тіркеуде тұруы керек;
жұмыспен қамту қызметі ұсынған жұмысқа кіруге дайын болуы керек.
Елдегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың санын жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықталады:
U= * 100 % .
Өткен он жылдағы және биылғы он жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейлерінің орташа мәні жұмыссыздықтың табиғи деңгейін (NAIRU) береді. Болашақтағы он жылдың мәліметі инфляцияның күтілетін деңгейінің ықтимал динамикасының негізінде анықталады. Әдетте, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5-6%-ды құрайды. Бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі болады. Адамды жұмыссыздар қатарына жатқызу әдістері де барлық елде бірдей бола бермейді. Мәселен, АҚШ-та жұмыссыз санатына соңғы төрт апта бойы жұмыссыз жүріп, жұмыс іздестіріп жүрген адамды жатқызады. Швейцария жұмыссыздықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді. Мұның себебі: Швейцария үкіметі жұмыстан айырылғандарды қайта дайындаудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асырады.
Экономикадағы барлық еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс жасауы - мүмкін емес жағдай.
Экономикада «толық жұмысбастылық» ұғымы қолданылатыны белгілі. Бір жағынан, мұны экономикалық белсенді халықтың 100 пайыздық жұмыспен қамтылуы деуге болады. Бірақ іс жүзінде олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы, тіпті, қалыпты жағдай болып саналады. Толық жұмысбастылықтың не екенін түсіну үшін пайда болу себептеріне байланысты ерекшеленетін жұмыссыздық нышандарын қарастырамыз.
Экономистер жұмыссыздықтың үш түрін қарастырады: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.
Достарыңызбен бөлісу: |