Тапсырма
«Абай жолы» романының «Қайтқанда» және «Қат-қабатта» бөлімдері бойынша кестені толтырыңыз.
Шығармадағы ұлттық құндылықтардың Ғаламдық құндылықтардың маңыздылығы маңыздылығы
Шығармадағы ұлттық және ғаламдық құндылықтардың байланысын талдаңыз, тұжырым жасаңыз.
Төменде берілген аңыздың көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
Тобықты елі мен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш-төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жағы келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағынып, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп бұл дау төтенше съезге түсіпті. Сиезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз салғыласып, бір бітімге келе алмапты. Мұса кезекті бір сөзінде: "Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бар, шалқып жаткан көлім бар..." - деп, өзінің байлығын термелеп, мақтана беріпті. Сонда Құнанбай оған былай депті:
Пұт болдым деп мақтанба, Пұттан ауыр батпан бар.
Биікпін деп мақтанба, Асқар-асқар таулар бар. Ар жағында аспан бар. Басыма бақыт қонды деп, Тосылмаймын енді деп, Алдаушы жалған дүниеге, Ғалып болып азбаңдар,
Қарсы келген дұшпаның,
Басын келіп изесе, Оған да қыл бостандық,
Аяққа салып баспаңдар.
Бақ тайса ажарыңа қарамайды, Біреуді біреу сырттан табалайды, Басыңа қарапайым бір іс түссе,
Қылды деп білместікпен шамалайды. "Адам басы алланың добы" деген, Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
"Бөрекелді, Құнекең тауып айтты", - депті ел.
|
Көркемдегіш құралдар
|
1.
2.
3.
|
|
|
|
| |