302-топ көркем шығармалардағы бейвербалды омонимдер, синонимдер, антонимдер


Бөкеев шығармаларында кездесетін бейвербалды амалдардың омонимдік қатары мынадай



бет2/4
Дата21.05.2020
өлшемі30,04 Kb.
#70257
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (6)

Бөкеев шығармаларында кездесетін бейвербалды амалдардың омонимдік қатары мынадай:

1.Қол алысу

  • Сәлемдесу

  • Қоштасу

  • Танысу

  • Құттықтау

Мысалы:

  • Қол беріп амандасқан соң:

Төрге шық, – деді Дарханға

(“Өз отыңды өшірме”)

  • Сау бол, – деп жұп-жұмсақ қолын ұсынды, алақаны әрі майда, әрі жып-жылы екен

(“Өз отыңды өшірме”)

  • Танысып қойыңыздар, менің досым – Надежда.

Әуелі өз есіміңізді айтпайсыз ба? – деді Иван қолын ұсынып

(“Бәрі де майдан”)

  • О, о, жақсы қызмет екен, қайырлы болсын, Ереке, –деп ұша түрегеліп қолына жармасты

(“Өз отыңды өшірме”)

2.Бас шайқау

  • Кекету

  • Сенімсіздік білдіру

  • Келіспеушілік білдіру

  • Жанашырлық білдіру

Мысалы:

  • Ауру қалса да әдет қалмайды” деген, отырғандар, әсіресе, Ерік басын шайқап мырс-мырс күлді, тек жылқышыға ғана көзінің қиығымымен қарап сыр берген жоқ.

(“Атау-кере”)

  • Әй, қайдам, – деп сенімсіздікпен басын шайқаған еді Нүрке

(“Атау-кере”)

  • Күйеуі ұртын толтыра ұрттаған суды тағы да бүркей берем дегенде, басын шайқап, өте әлсіз үнмен: “Керек емес”, – деді, қолтығымнан сүйеші, тұрайын.

(“Атау-кере”)

  • Қарындасының бетіндегі осылып түскен тыртықты сипап басын шайқады

(“Өз отыңды өшірме”)

3.Қол көтеру

  • Назар аудару

  • Пікірге қосылу

  • Тоқтау салу

  • Жанын мазалаған сұраққа жауап іздеу

Мысалы:

  • Жолдастар! – деді былғары киген жігіт оң қолын көтеріп

(“Өз отыңды өшірме”)

  • Осы пікірге қосылам дегендерің қол көтеріңдер,–деп кесіп айтты Нұржан. Нұржан мен Бақытжан қол көтерді.

(“Қар қызы”)

  • Қоя тұр, келінжан, – деді оң қолын көтеріп. – Келсін де өзі осында. Шақыр.

(“Атау-кере”)

  • Тау асып бекер келмегеніне көзі енді ғана жеткендей, тырайып жатқан Таған самсаған ағаштың басына қарап: “Неге біз осы?.. ” деп, оң қолын көтерді.

(“Атау-кере”)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет