І. Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе сөз
II.Негізгі бөлім.
|
Амандасу.Шараның мақсатымен, таныстыру.Оқушыларды топқа бөлу.Әр топқа атау беру.
1−топ:Көкпар
2−топ:Күрес
3−топ: Асық ату.
4−топ:Қыз қуу.
−Оқушылар тобымыздың аттарына қарайық,бұларды қалай атауға болады?
−Дұрыс,біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлттық ойындар деп аталады.
−Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.
Ұлт ойындары атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
-Ал, балалар қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар.
Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?
−Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.
Тапсырма береді.
−Қазір әр топ мына ақ қағазға өз топтарын қорғайды.
−Топтың атауына анықтама береміз.
−Суретін саламыз.
−Жарайсыңдар.Оқушылар ұлт ойынының түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады.
-Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.
−Мына шаршыны әр топтан бір оқушы шығып жерге тастайды. Қай цифр түседі,сол жұмбақтың жауабын топпен табады.
1−топ:Көкпар
Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды
2−топ:Күрес
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
3−топ: Асық ату.
Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді
4−топ:Қыз қуу.
Сырт жағына зер жіппен,
Көз тартатын көрікпен,
Ою-өрнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдімгі сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкеріп,
Төңірегін көмкеріп,
Тостағандай бос тұрған,
Киіз үйден аумайды,
Басқұрмен бастырған.
Ойын: «Арқан тартыс»
Екі-екі топтан арқан тартысады.Екі топтан жеңімпаз анықталған соң,жеңген топпен жеңген топ жарысады.
Ойын: «Тақия ілу» .
Шарты: Газет жайылған жерге төрт тақия қойылады.Әр топтан бір оқушы шығып,аяқты бүкпей,қолды қолданбай жерден тақияны тіспен алу керек.Бір еңкейгенде алалма са,жеңіледі.
Тапсырма:
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.
−Ал енді,«Алтыбақан» сөзінен көптеген сөздер тауып жазамыз.
|
Амандасады.Шараның мақсатымен таныс болады.Топқа бөлінеді.
1−топ:Көкпар
|