Анамнезі: 8 жыл бұрын ӨТА байланысты операция (лапароскопиялық холецистэктомия) жасалынған. Науқас қанағаттанарлық жағдайымен үйіне шығарылған. Соңғы жылдары 2-3 рет ауырсыну ұстамалары болған. Қазіргі кездегі жағдайының нашарлағанына 2 күн болған, оны науқас майлы және қуырылған тағам қабылдауымен байланыстырады. Ауруы басталған кезде ауыру сезімі эпигастрий және оңжақ қабырға астында пайда болған, уақыт өте келе ауыру сезімі күшейе түскен, ал кешеден бері терісі мен көздері сарғайып кеткен.