38 жастағы М. деген науқас, аурухананың қабылдау бөлімшесіне «Жедел медициналық жәрдем» бригадасымен жеткізілді



бет20/32
Дата19.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#103535
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Клиникалық есептер. ответ (1)

Объективті тексеру:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Науқастың түрі шаршаңқы, қойылған сұрақтарға құлықсыз жауап береді. Терісі мен көздерінің склералары сарғайған, ауыз қуысының шырышты қабығы ақшыл-қызғылт түсті, t0-36,90C. Іші дұрыс пішінді, операциядан кейінгі тыртықтар байқалады – ешқандай ерекшеліксіз; іш тыныс алуға симметриялы түрде қатысады, оңжақ қабырға асты аймағы тыныс алудан қалып отырады. Пальпация кезінде іші жұмсақ, оңжақ қабырға астында бұлшық еттердің резисттентілігі мен ауыру сезімі байқалады. Бауырдың төменгі жиегі оңжақ қабырға тұсында орналасқан. Боткин және Мюсси-Гергиевский симптомдары оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Ішек перистальтикасы анық естіледі. Ps–96 соққы 1 мин., ырғағы дұрыс. АҚ–130/90 мм.сын.бағ. Үлкен дәреті үйінде болған, ақ түсті. Зәр шығаруы қалыпты, түсі күңгірт.

Құрал-аспаптық зерттеу нәтижесі:



СТУДЕНТКЕ ТАПСЫРМА:

  1. Науқастың шағымдарын талдап беріңіз.

  2. Cуретте қандай құрал-аспаптық зерттеу әдісі көрсетілген және Сіз қандай патологиялық өзгерістерді байқадыңыз?

  3. Сіздің диагнозыңыз және әрі қарайғы тактиканы анықтаңыз.


1.шағымдары:эпигастрий және оңжақ қабырға астындағы ауыру сезімі, ол арқаға беріледі; терісі мен склерасының сарғаюы, үлкен дәретінің түссізденуі, зәр түсінің күңгірттенуі, лоқсу және бірнеше рет құсуы, жалпы әлсіздік. Ауруы басталған кезде ауыру сезімі эпигастрий және оңжақ қабырға астында пайда болған, уақыт өте келе ауыру сезімі күшейе түскен, ал кешеден бері терісі мен көздері сарғайып кеткен.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет