22) Әбілқайыр хандығы XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілқайыр
Мауеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен
Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілқайыр
қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады,
әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру
басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілқайыр
мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар,
көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы
1456–1457 жылдардағы Әбілқайырдың Үз-Темір тайшы басқарған ойраттармен
Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы
талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр
болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілқайыр Сырдария бойындағы бұрын
өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілқайыр 1468 жылы
Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда Алматы маңындағы Аққыстау
деген жерде кенеттен қайтыс болды.Ішкі және сыртқы қайшылықтардың
шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып,
Әбілқайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің
Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір
бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мауеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде
қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары
үкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы үкімет билігін
басып алды.
20) Қазақстанды басып алған соң . Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының
құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және
оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс
Достарыңызбен бөлісу: |