№4 дәріс Тақырыбы: “Липидтер, жіктелуі (қарапайым және күрделі липидтер), қызметі, май қышқылдары”



бет4/4
Дата10.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#78762
1   2   3   4

Маңызды қаныққан май қышқылдары

  • Тривиалдық атауы
  • (С атомдарының және қос
  • байланыстың саны)
  • Жүйелік атауы
  • Формуласы
  • Май қышқылы (С4:0)
  • Бутан қышқылы
  • СН3−(СН2)2-СООН
  • Капрон қышқылы (С6:0)
  • Гексан қышқылы
  • СН3−(СН2)4-СООН
  • Каприл қышқылы (С8:0)
  • Октан қышқылы
  • СН3−(СН2)6-СООН
  • Каприн қышқылы (С10:0)
  • Декан қышқылы
  • СН3−(СН2)8-СООН
  • Лаурин қышқылы (С12:0)
  • Додекан қышқылы
  • СН3−(СН2)10-СООН
  • Миристин қышқылы (С14:0)
  • Тетрадекан қышқылы
  • СН3−(СН2)12-СООН
  • Пальмитин қышқылы (С16:0)
  • Гексадекан қышқылы
  • СН3−(СН2)14-СООН
  • Стеарин қышқылы (С18:0)
  • Октадекан қышқылы
  • СН3−(СН2)16-СООН
  • Арахин қышқылы (С20:0)
  • Эйкозан қышқылы
  • СН3−(СН2)18-СООН
  • Беген қышқылы (С22:0)
  • Докозан қышқылы
  • СН3−(СН2)20-СООН
  • Лигноцерин қышқылы (С24:0)
  • Тетракозан қышқылы
  • СН3−(СН2)22-СООН

Маңызды қанықпаған май қышқылдары

  • Тривиалдық атауы
  • (С атомдарының және қос
  • байланыстың саны)
  • Жүйелік атауы
  • Формуласы
  • Пальмитоолеин қышқылы (С16:1)
  • цис- 9-гексадекен қышқылы
  • СН3−(СН2)5-СН=СН−(СН2)7-СООН
  • Олеин қышқылы (С18:1)
  • цис- 9-октадекен қышқылы
  • СН3−(СН2)7-СН=СН−(СН2)7-СООН
  • Вакцен қышқылы (С18:1)
  • транс- 11-октадекен қышқылы
  • СН3−(СН)5-СН=СН−(СН2)9-СООН
  • Линол қышқылы (С18:2)
  • цис-цис- 9,12-октадекадиен қышқылы
  • СН3−(СН2)4− (СН=СН−(СН2)2−(СН2)6−СООН
  • Линолен қышқылы (С18:3)
  • тұтас цис-9,12,15-октадекатриен қышқылы
  • СН3−СН2−(СН=СНСН2)3−(СН2)6−СООН
  • Арахидон қышқылы (С20:4)
  • тұтас цис-5,8,11,14-эйкозатетраен қышқылы
  • СН3−(СН2)4−(СН=СНСН2)4−(СН2)6−СООН
  • Клупанодан қышқылы (С22:5)
  • СН3−СН2−(СН=СНСН2)5−(СН2)4−СООН

Липипдтердің жіктелуі

  • Липидтер
  • Қарапайым липипдтер
  • Күрделі липипдтер
  • Балауыздар
  • Майлар
  • Алкил-ацилаттар
  • Үшацилглицерид-тер
  • Фосфолипид-тер
  • Сфинголипид-тер
  • Гликолипид-тер
  • Фосфоглицерид-тер
  • Сфинголипид-тер
  • Церамид-
  • тер
  • Глюкоцереброзид-
  • тер
  • Ганглиозид-
  • тер
  • Цереброзид
  • тер
  • Галактоцереброзид-
  • тер
  • Фосфатидтер
  • Плазмалогендер
  • Холинфосфатидтер
  • Серинфосфатидтер
  • Этаноламинфосфатидтер

Қарапайым липидтер және жеке өкілдері

  • Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты үшацилглицеролдар мен балауыздар құрайды.
  • Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
  • СН2−ОН СН2−СОО−R
  • │ │
  • СН −ОН + 3R−СООН → СН −СОО−R + Н2О
  • │ май қышқылы │
  • СН2−ОН СН2−СОО−R
  • глицерол үшглицерид (үшацилглицеролдар)
  • Балауыздар дегеніміз жоғары молекулалы май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері. Олар адамдар мен жануарлар организмінің жіне өсімдіктердің құрғаудан (сусызданудан) сақтайды.

Күрделі липидтер және жеке өкілдері

  • Күрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.
  • Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген.
  • Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі.
  • Сфинголипидтердің төрт тобы бар:
  • 1) сфингомиелиндер,
  • 2) цереброзидтер,
  • 3) ганглиозидтер, сфигозин
  • 4) сульфолипидтер.
  • Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.
  • Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.

Липидтердің физикалық қасиеттері

  • Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылы), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады.
  • Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%). Қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.
  • Әр түрлі майлардың балқу температурасы мынадай мөлшерде ауытқиды (°С есебімен):
  • Сиыр сүтінің майы 28-42 Сиыр майы 42-50
  • Қой сүтінің майы 29-36 Шошқа майы 34-48
  • Ешкі сүтінің майы 27-39 Кокос майы 20-28
  • Адам сүтінің майы 32 Пальма майы 27-42

Липидтердің химиялық қасиеттері

  • Триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:
  • 1. Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.
  • 2. Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.

Липидтердің биологиялық маңызы

  • Липидтер мынадай биологиялық маңызы бар:
  • 1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі немесе энергия көзі;
  • 2) тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші;
  • 3) липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі;
  • 4) липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыс-тардың алғы заты бола алады;
  • 5) қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық-суықтан, электр және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;
  • 6) липидтерде көптеген витаминдер ериді және құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.

Бақылау сұрақтары:

  • Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?
  • Липидтер қалай жіктеледі және жәй (қарапайым) липидтерге қандай қосылыстар жатады?
  • Күрделі липидтерге қандай қосылыстар жатады?
  • Липидтердің сабындану реакциясы қандай реакция және практикалық маңызы қандай?
  • Липидтердің биологиялық және практикалық маңызы қандай?

1. Салханова С.Н. және т.б. Биоорганикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешен, 2011. 2. Сейітқалиев Қ.С. Органикалық химия. – Алматы, 1993. 3. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.А. Биоорганическая химия.- М.: Медицина, 2005.

  • Әдебиеттер:

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

  • Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
  • Тапсырма:
  • Маңызды қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының химиялық формулаларын тәжірбиелік сабаққа жаттап келу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет