4-ке, 5-ке оқимыз, 1-ші сыныпқа барамыз. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата20.07.2020
өлшемі19,97 Kb.
#63369
түріСабақ
1   2
1 бастауыш: ҚАЗАҚСТАН ЖАЛАУЫ
1 оқушы: Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.



2 оқушы: Ақ ниетті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалау бұл – халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.


2 бастауыш: ӘНҰРАН
3 оқушы: Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп,

Қайда әлгі мектеп? – деп

Жетпіс келеді сүрініп,

Жеті келеді жүгіріп.

4 оқушы: Балам, балам жақсы бол

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол тентегім.

Деп деп бір жетпіс күрсінді.

Жеті нені түсінді.


ТЫҢДАЙМЫН
Тыңдаймын әкемді,

Тыңдаймын тәтемді,

Оқы деп өзімді,

Мектепке әкелді.



5 оқушы: Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақыл болған кім бізге?

Десек ол – жан мұғалім,

Таласады сірә кім?



6 оқушы: Тақпақ, ертек, ән жырдың,

Бәрін бойға құйғыздық.

Санамызға сіз біздің,

Бар асылды сиғыздың.

Жақтың білім шырағын,

Рахмет сізге мұғалім.



7 оқушы: Арқанда өзіңнін,

Адам боп шығамыз.

Бәрі алтын сөзіңнің,

Ақылшы мұғалім.


ӘН: МҰҒАЛІМ ОЛ – БІЗДІҢ

ӘДЕПТІЛІК ӘЛІППЕСІ.

8 оқушы: Атам, маған әманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.



9 оқушы: Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем



10 оқушы: Атам, маған әманда,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.


БІЗ ӘДЕПТІ БОЛАМЫЗ
Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үйде жоқта мамамыз,

Жанға өзіміз барамыз.


САЛПАҢ, САЛПАҢ САЛАҚ БАЛА
11 оқушы: Анау бала, қолың қара,

Кір қожалақ, қап-қара.

Тырнақ өскен, шашы көптен

Алынбаптау маскара.



12 оқушы: Жүргендей-ақ ұй майлап,

Бетімді ылғи шимайлап.

Онымен қоймайды,

Бүктеп, бүктеп қинайды.



13 оқушы: Қарашы елдің кітабын

Ал мен, неге жұтадым?

Беттеріме сурет сап

Парағымды «бұтадың»



Барлығы: Салпақ-салпақ салақ бала.

Бекер босқа алақтама

Бәрімізді күтіп ұста.

Далаң-далаң далақтама!


ӘН: ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ.

НЕ ДЕУ КЕРЕК?
14 оқушы: Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әкелді.

Не деп барып жеу керек?

Барлығы: Рахмет деу керек.


15 оқушы: Балалар жүр көшеде

Естіледі шу айқай.

Сенде шықтың, көршінді

Қағып кеттің байқамай

Бұндайда не деу керек?

Барлығы: Кешіріңіз деу керек



16 оқушы: Осы келген бетіңде

Допты құдың жарыстың

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

Барлығы: Сәлеметсізбе деу керек


БИ: ШӨЖЕЛЕРІМ

ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН ТУРАЛЫ
17 оқушы: Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.



18 оқушы: Жақсы бала ол анық,

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып.



19 оқушы: Жаман бала құрысып,

Өз-өзінен тырысып

Түске дейін жатады,

Анасымен ұрысып.


ӘН: ҮЙРЕТЕДІ, ҮЙРЕТЕДІ.

КӨРІНІС: ОҢ ҚОЛ МЕН СОЛ ҚОЛ
Автор: Шешесі 5 жасар ұлы Елдосты нан дүкеніне жібереді де

Шешесі: Міне саған 55 теңге, оң қолыңа ұста, ұмытып қалма, бұған нан сатып ал, ал мына 35 теңгені сол қолыңа ұста, ұмытып қалма, бұған өзіңе балмұздақ сатып ал.

Автор: Елдос тез жүгіре жөнелді, көп кешікпей ол, балмұздақ жеп оралды.

Шешесі: Наның қайда?

Елдос: Алған жоқпын.

Шешесі: Неге алмадың?

Елдос: Ақшамды жоғалтып алдым.

Шешесі: Әә... жоғалтып алдың ба? Балмұздақ алғанша, нан сатып алмадың ба?

Елдос: Мен оң қолымдағы ақшаны жоғалтып алдым, сол қолдағы ақшаны жоғалтқан жоқпын.

Шешесі: Басып шайқап әй, әй, әй

Автор: Кешке тамаққа отырады, шешесі Елдостың алдына тамақ қояды бірақ нана берген жоқ

Елдос: Мама, нан жоқ па?

Шешесі: Нан жоқ, сен ақшаны жоғалтып, нан әкелген жоқсын.

Автор: Елдос қасықты сол қолымен ұстап, тамақты жей бастады.

Шешесі: Елдос сен неге сол қолмен қасықты ұстап ішіп отырсың?

Елдос: Ақшаны жоғалтқан оң қолым өзінің сазайын тартсын
БИ: БУРАТИНО
Қорытынды: Оқушылардың м.д. сыныбын қандай дәрежеде аяқталғанын хабарлап, қуанышты хабарлама тарату.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақ мақал-мәтелдері. Аккозин Н. 1990ж

  2. Е.Өтетілеуов «Балақай»

  3. Қ.Толыбаев «Жан серік»

Каталог: uploads -> doc -> 0b63
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b63 -> Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту
0b63 -> Алаштың асыл арысы Әлихан Бөкейхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет