2. ШЖМ оқушылардың әлеуметтік даму ерекшеліктері
Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға болады: адамның стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік бақылауы адамдардың өзін-өзі өзгертуі. Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол негізде өзінің жеке басын қалыптастырады. Талдай келе біз әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте балалардың әлеуметтенуі арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, алаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді.
Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.
Талдай келе әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте балалардың әлеуметтенуі арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, алаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді.
Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты — ой-өрісінің жаңашыл, жан-жақта қалыптсқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу-бүгінге күннің ең басты талабы. Ел тағдыры, оның келешекке кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты.
Ұлы данышпан Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім — адамзаттың қаса жасуы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген сөзі көрегендік. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біз бүгінгі заман талабыны сай тәрбие білім жүйесімен жұмыс істеп келеміз.
Парасатты да саналы адамзат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімі терең, әрі жан-жақты болуы тиіс. Елбасының 2030 жылға арналған бағдарламасында ұрпаққа білім, тәрби берудің, оны дамытудың ерекшеліктері айтылған. Тәрбие жүйесінде, жеке тұлғаның жақсы қасиеттерін қалыптстыруда мектептің алатын орны ерекше. Мектептің тәрбие жұмысы бойынша өзекті мәселесі: мектептегі тәрбие жұмыстарын, жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамыту. Жан-жақты сана-сезімі дамыған, құқықтық мәдениеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік, дені-сау, патриоттық сана сезімі жоғары, әлеуметтік белсенді жеке тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасау.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым- қатынасын реттейді.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі — тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып тәрбие адамдардың іс-әрекетін ұйымдастырады.
ҚР оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесін әлеуметтендіру жүйесін дамыту қажеттілігі ХХІ ғасырдың талаптарымен байланысты болып отыр. Бұл талаптар: экономика мен мәдениеттің, халықаралық кооперация мен интеграцияның бұрын болып көрмеген жаһандануы, демократиялық мемлекеттердің құндылықтарына деген акцент, азаматтық қоғамның құндылықтарын жақтаушылық, өмірдің мемлекеттік-қоғамдық құрылымы құндылықтары мәдени-тарихи игілік ретінде мойындау, тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарға акцент.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселесі әрқашан да мемлекеттің білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұған дейінгі кезеңде тұлға қалыптастырудың біртұтас үдерісіндегі тәрбиенің маңызын жете бағаламау жастардың белгілі бір бөлігінің моральдық санасы мен мінез-құлқындағы жағымсыз салдарға алып келгені мәлім. Бұл жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың, нашақорлықтың, ішімдік құмарлықтың және басқа да асоциалды мінез-құлықтың өршіп отырғандығынан көрініс табуда. Қазіргі таңда Қазақстанның болашақ дамуы тұлғаны табысты әлеуметтендіру мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбейінше мүмкін еместігі айдан анық.
Қазақстандағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі бірқатар проблемаларының бірі жасөспірімдер арасындағы қылмыс.
ҚР Ішкі істер министрлігі мәліметтері бойынша 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының 9,6% құрады. Аймақтар бойынша жеке қарастырсақ, қылмыстың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында , Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан областарында тіркелген.
Жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында 4156 панасыз және қараусыз қалған бала орналастырылды. Құқық қорғау органдарының есебінде 12 мыңнан артық жағдайсыз отбасы тіркелген, оларда 20 мыңнан артық бала бар. Жыл сайын ата-ана құқығынан 800-ден астам ата-ана айрылады, ал балалар үйіне 2 мыңнан 3 мыңға дейін бала түседі.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбие
жұмысының басым бағыттары:
Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Зияткерлік тәрбие
Еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау
Дене және психологиялық тәрбие , сламатты өмір салты
Экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті тәрбие
Көркем-эстетикалық тәрбие
Көшбасшылық қасиеттерін дамыту
Отбасы тәрбиесі — болып былады.
Біздің мектептерде шағын жинақты кешенді мектептер қатарында болғандықтан мына міндеттер қамтылудаы; заманауи білім беру жағдайында педагогтарға ғылыми — теориялық, әдістемелік көмек көрсетілуде, оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық, басқару технологиясын және әдістемесін енгізілуде, білім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақталып және таратылуда.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру.
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет — материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен аударғаңда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты деріптеп кетеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің
«Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э.Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік денгейінде зерделеген.
С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген. Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие — өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.
Достарыңызбен бөлісу: |