2. Негізгі бөлім: Жаңадан үйренген сөздерді немесе тілдік форманы
жаттықтыруға арналған тапсырмалар. Бұл жаттығулар бақылауға алынған
практикалық жұмыстардан бастап, жартылай бақылауға алынған практикалық
жаттығуларды қамтуы мүмкін. Оның барлығы сынып деңгейі мен сабақ
мазмұнына байланысты.
3. Бекіту бөлімі: оқушыларға тақырып аясында еркін сөйлеуге және
үйренгендерін қолдануға мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұрады.
Айтылымды жаттықтыруға арналған сабақ үлгісі: Сабақ мақсаты: Шаблонды сөйлем үлгісін пайдалана отырып, «Менің сүйікті ісім» тақырыбы аясында жаңа сөз тіркестері мен етістіктерді үйрету. 1-тапсырма. Суреттерге қарап, сөздермен танысып шығыңыз. балық аулау гүл өсіру ән салу сурет салу суретке түсіру Ән жазу 2-тапсырма. Алдыңғы тапсырмадағы сөздерді көп нүктенің орынан қойып, өз