1. Жаһандық мәселе: демография
Сіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы зерттеуіңіз туралы шағын мақала жазыңыз.
2. Роботтар мен киборгтер әлемі
Оқушылар арасындағы мектепішілік олимпиадада «Сіздің ойыңызша, болашақта адам еңбегін роботтар толықтай алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Берілген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз.
3. Қазақстандық туризм және экотуризм
Туристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы нұсқаулық мәтінін жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақпарат беріп, туристерді қызықтыруға тырысыңыз.
Жаһандық демократия
Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс.
Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым.
Э. Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың "бүкіләлемдік азаматтық қалып" жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл]], Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады.
Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам қүқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге біріктіретін жаңа саяси және мәдени қүрылымдар құру мүмкіндіктері бар. ____________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |