+Қорғау тәртібі, антигеморрагиялық терапия(вит.К),седативті терапия ***
224. Жаңа туылған нәресте қыз бала, III жүктіліктен, 39 апталық мерздегі III туыттан, туған кездегі салмағы –2200гр., бойы –50 см, бас шеңбері- 36 см, кеуде шеңбері –35 см. сіздің алдын ала диагнозыңыз://
ҚІДТ(ЗВУР) І дәр. гипотрофия типі бойынша//
ҚІДТ(ЗВУР) ІІ дәр. гипотрофия типі бойынша//
+ҚІДТ(ЗВУР) ІІІ дәр. гипотрофия типі бойынша// ҚІДТ(ЗВУР) гипопластикалық типі бойынша//
ҚІДТ(ЗВУР) диспопластикалық типі бойынша
***
225. Нәресте туылғанына 7 күн. Қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, жақсы, белсенді емеді. Физиологиялық рефлекстері мен бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Тері жабындыларының түсі әдеттегідей, маңдай, шүйде, кеңсірік, кас аймақтарында қызғылтқызыл-көкшіл дақтар мен жолақтар бар. Дақтар бұрыс пішінді, түрлі көлемді. Саусақпен басқан кезде қызару жойылады, бірақ қайтадан пайда болады, бала жылағанда күшейеді. Балада терінің қандай ауруы://
+Телеангиоэктазия// Гемангиома//
«Монғол» дақтары//
Пигменттік дақтар//
Нейротерілік меланоз
***
226. Туылғанына 1 күн болған ұл бала О. Анасы 23-те, дені сау. Сіңілісі тері ауруынан зардап шегеді. Баланың жағдайы туылғаннан өте ауыр. Бала тежелген. Бұлшық еттердің гипотониясы, гипорефлексия. Тері жабындылары жыланның терісін еске салады. Бала тығыз, ақшыл-сұрғылт мүйізді тас қабықпен (панцирь) жабылған. Қабақтары сыртқа айналған (эктропион), құлағы, мұрны және аузы ірі қабыршақтарға толған, мұрны мен құлақ қалқандары деформацияға ұшыраған, аузы үңірейіп тұр (“балықтың аузы”). Болуы мүмкін даигнозды таңдаңыз және емдік тактиканы анықтаңыз://
+Туа біткен ихтиоз// Буллезді емес Брок эритродермиясы//
Нерзертон синдромы//
Шагрен-Ларсен синдромы//
Руд синдромы
***
227. Туылғанына 2 күн болған ұл бала жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Баланың жағдайы өте ауыр. Бала тежелген. Ембейді, зонд арқылы тамақтандырылады. Өкпесінде пневмонияның көріністері бар. Менингоэнцефалиттің белгілері байқалады. Балаға «Неонаталдық сепсис» диагнозы қойылды. Баланың сан, балтыр, табан, шап аймағында жайылған тығыз ісінулер бар. Зақымдалған жердің үстіндегі тері боз, көкшіл түспен, сипағанда суық, катпар болып жиналмайды. Саусақпен басқанда орнында шұңқыр қалады. Болуы мүмкін диагнозды көрсетіңіз және емдік тактиканы таңдаңыз://
+Склерема// Адипонекроз//
Ихтиоз//
Тербөртпе//
Телеангиоэктазия
***
228. 8 күндік қыз бала К., нәрестелер патологиясы бөлімшесіне түсті. 8-ші күні педиатр баланың денесінен көпіршіктер тапты, бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орта ауырлықта, енжар емеді, оқтын-оқтын лоқсиды, дене температурасы 37,4-37,6°С. Денесінің, санының терісінде инфильтрацияланған негіздің үстінде полиморфты, айналасы гипермияланған солған көпіршіктер бар, диаметрлері 1 см-ге дейін, ішінде серозды-іріңді сұйықтық бар. Жарылған элементтердің орнында – құрғақ қабыршақпен жабылған эрозиялар. Өкпесінде пуэрилді тыныс. Жүрек үндері ырғақты, анық. Іші жұмсақ. Диагноз қойыңыз және емдік тактиканы таңдаңыз:://
Риттердің эксфолиативті дерматиті//
Фигнердің жалған фурункулезі//