44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі



бет18/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
шпор

59. «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы заң. ҚР-ның 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы. Қазақстандағы жастар жылы.
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУ ПАЙЫМЫ
1. Қазіргі жастардың өзекті проблемалары
Қазақстан жастарын әлеуметтендіру мәселелеріндегі қауіптер мен тәуекелдер мемлекеттік жастар саясатының өзекті күн тәртібін қалыптастырады, мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың және азаматтық қоғам институттарының бәрінің күш-жігері соның айналасына шоғырлануға тиіс.
1. Дәстүрлі құндылықтар жүйесіне жаһанданудың қысымы
Жаһандану процесі экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени даму деңгейі әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шекараларын ашады. Жаппай тұтыну мәдениетінің қысымымен дәстүрлі құндылықтардың аражігі жойылып бара жатыр.Бүгінде бүкіл әлемде ұлттық мемлекеттер жас ұрпаққа ашық әлем шарттарында қоғамның дамуындағы сабақтастықты сақтап қалуға мүмкіндік беретін құндылықтардың сенімді жүйесін ұсынуға мүдделілік танытып отыр. 2. Еңбек құндылықтарының доминантты емес дәрежесі
Қазіргі уақытта жастар арасында прагматикалық бағдар күшейіп келе жатыр. Өмір құндылықтарының қатарында материалдық игіліктерге ұмтылу анағұрлым маңызды болып отыр. Бұл ретте көбінесе өмірдегі жетістік, әлеуметтік жоғары мәртебеге қол жеткізу өз қабілетімен еңбек етумен, алға қойған мақсаттарға қол жеткізумен, қойылған мақсатқа біртіндеп жетумен тікелей байланыстырылмайды. 3. Патернализм және әлеуметтік инфантилизм
Экономикалық өсу қоғамда әлеуметтік межелердің ұлғаюымен қоса жүретінін, мемлекетке деген патерналистік көңіл-күйдің тарауына және инфантильді азаматтардың ұрпағын қалыптастыруға ықпал ететінін әлемдік практика көрсетіп отыр. Мұндай құбылыстар Қазақстанда да байқалады. Социологиялық зерттеулер бүгінде Қазақстан жастарының 58 %-ы өз мәселелерін шешуде мемлекет тарапынан болатын көмекке толықтай сенім артатынын, бозбалалар мен бойжеткендердің 92,5 %-ы тікелей қолдауды және жұмысқа орналасуда әлдекімдердің қол ұшын беруін күтетінін растап отыр. 4. Тұтынушылыққа құштарлық
Жастардың дүниетанымдық дағдарысының бір көрінісі – жаппай тұтынушы қоғам дағдарысының бір бөлігіне айналған тұтынушылыққа құштарлық болып табылады. Жастардың қазіргі өмір сүру тәсілінің ерекшелігі болып табылатын тұтынушылық тәжірибе олардың тек қана материалдық байлыққа ие болуын көздейді. 5. Жастар арасындағы радикализм қаупі
Өмірлік тәжірибесі мен білімі жоқ жастар өзінің саяси мақсаттарын іске асыру үшін жастарды айналдыратын сыртқы және ішкі ыдыратушы күштердің ықпалында қалу қаупіне ұшырайды. Экстремистік көзқарастар мен идеялардың жастар арасына енуі, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеу қоғамдағы этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімдерді бұзу қаупін туғызады. 6. Жастар маргинализациясы Мемлекет атқарып отырған жедел әлеуметтік жаңғырту жағдайында мінез-құлқы жалпыға бірдей қабылданған, қалыптасқан нормалардан көбінесе ерекшеленетін, қайта құрудан "артта қалған" әлеуметтік топтар пайда болады. Әлеуметтік аутсайдерлердің немесе маргиналды жастардың пайда болуы қоғамға кірігудің және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделудің қиындығына байланысты.Сонымен қатар, жастардың әлеуметтену процесі, оларды қоғамдық-саяси өмірге жұмылдыру мынадай құндылықтарға негізделеді:
Патриотизм,Мәдени ,Толеранттылық,Заңға мойынұсынушылық,Білім,Еңбекқорлық,Отбасы,Денсаулық және спорт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет