44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі


Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары. ҚР ақпараттық саясаты



бет17/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
шпор

58.Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары. ҚР ақпараттық саясаты.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес..ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті.Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады. Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды.Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Осы заңдардың қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады.Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет