55.Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру.ҚР-ның Саяси партиялар,үкіметтік емес ұйымдар,кәсіподақтар және азаматтық қоғам институттары туралы Заңы. Егемендіктің 20 жылында Қазақстанның партиялық жүйесі де түбегейлі өзгерді. Кеңестік дәуірде үстемдік еткен бірпартиялық жүйенің орнына бірте–бірте көппартиялық жүйе орнықты. Саяси сан алуандылықтың арқасында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай жүздеген партиялар мен қоғамдық қозғалыстар дүниеге келді. ХХ ғасырдың 90 жылдарында партиялар мен қоғамдық қозғалыстар коммунистік партияға қарсы, балама ұйымдар ретінде қалыптасты. Олардың қатарында ұлттық–демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақстанның халық конгресі партиясы, «Алаш» партиясы, Қазақстанның социал–демократиялық партиясы болды.Елiмiздегi көппартиялық жүйенiң қалыптасуы жолындағы алғашқы қадам 1990 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесiмен қабылданған «Қоғамдық ұйымдар туралы» заң болды. Бұл Кеңес тарихында алғаш рет азаматтардың саяси партияларға, кәсiби одақтар мен қоғамдық ұйымдар құруға құқы мойындалған заң.
1991 жылдың қыркүйегiнде Қазақстанның Коммунистiк партиясының мүшелерi оны Социалистiк партия ретiнде қайта құру туралы шешiм қабылдады. 1992 жылы маусым айында «Қазақстанның халық конгресi» партиясы құрылса, 1993 жылдың ақпанында «Қазақстан халықтарының бiрлiгi», кейiннен партияға айналған, одағы құрылды.Саяси партиялардың құқықтық негiзiне 1999 жылғы 19 қаңтардағы жалпы жиналысының шешімімен «Отан» республикалық партиясы болып қайта құрылды. Парламент Мәжiлiсi депутаттарының құрамындағы партия мүшелерiнiң саны да дәл осы 1999 жылғы сайлаудан кейiн түбірімен өзгердi. Егер 1994 жылы сайлау нәтижесiнде Жоғарғы Кеңесте саяси партия мүшелерi – 28,2%, 1995 жылғы Парламент Мәжiлiсiнде – 61,2% құраса, ал 1999 жылғы Парламент Мәжiлiсiнде – 84,4% құрады. Тек Отан партиясының 39 мүшесі Парламент депутаты болып сайланды. Олардың 12 – Сенат депутаты болса, 27 – Мәжіліс депутаты.ХХІ ғасырдың басында партиялық алаңда жаңа күштер, жаңа партиялар пайда болды. Халық арасында сауалнамалар жүргізілді.Сауалнамаға қатысқандардың – 42% партия қызметі ешқандай сезім тудырмайды, немесе 24,8% – бейтараптық сезімде, 14,5% – қызығушылық және 9,3% – ғана сенім тудырады. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі (31,5%) республикада қызмет істеп отырған партиялармен таныс емес, немесе 26,7% оларға сенім көрсетпейді. Мұндай жағдайда тұрғындарды партия қатарына тарту қазақстандық партиялар үшін өте күрделі болды..Президенттікке үміткерлер қатарында оппозициядан ортақ үміткер ретінде ұсынылған Ж. Тұяқбаймен қатар сайлау додасына «Отан» саяси партиясынан – Н.Ә. Назарбаев, «Ақ жол» партиясынан – Ә. Бәйменов қатысты. Сайлаушылардың 91,15% қолдауына ие болған Отан партиясы ұсынған үміткер Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, Президент болып сайланды.Партиялық жүйедегі келесі өзгерістер 2006 жылы «Отан» партиясының ІХ съезінде «Асар» партиясымен бірігуі туралы қабылданған шешімге байланысты болды. Кейінірек қараша айында «Азаматтық» және аграрлық партиялары бірікті. Нәтижесінде партиялық алаңда ірі саяси күш – «Нұр Отан» партиясы қалыптасты.2007 жылы жүзеге асырылған саяси реформа партиялар қызметіне тікелей әсер етті. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Парламент Мәжілісін қалыптастырудың жаңа тәртібі енгізілді: 107 депутаттың 98 партиялық тізім бойынша жалпыұлттық сайлау округінен пропорционалдық негізде, ал 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады [8].
Осы өзгерістерге сай өткізілген 2007 жылғы Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижесінде «Нұр Отан» Халықтық–демократиялық партиясы сайлаушылардың 88% дауысына, Мәжілістегі 98 депутаттық мандатқа ие болды. Ал сайлау науқанына қатысқан Жалпыұлттық социал–демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан «Ауыл» социал–демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, Қазақстанның Патриоттары партиясы, Руханият партиясы 7 % кедергіден өте алмауына байланысты, парламентте бірде–бір орынға ие бола алмады.