Қорытындылай келе Ұйым дегеніміз - қызметтері саналы түрде ортақ мақсатқа немесе мақсаттарға жетуге бағытталған адамдар тобы. Ұйым дегеніміз жалпы мақсатқа немесе мақсатқа жету үшін топ мүшелерінің ұйымдасқан іс-әрекеттері болып табылады. Ұйымды адамдарға жеке өздері жасай алмағандарын ұйымдасқын түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастыруға болады. Ұйымның болуы үшін кем дегенде екі мүшесінің болуы керек және олардың бір мақсатқа бағытталуы тиіс.
49.Басқару ғылымының эволюциясы.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану-техникалық білімдер жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғ-дың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйтқысы еді.
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
Ф.Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты. Тейлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:
-қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;
— еңбекке мамандандыру;
— еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
Денсаулық әдістерін басқару мектептері арқылы басқарады.
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920ж)
Ғылыми жолмен басқару мектебі У.Тейлер, Френка, И.Лили, Гилберт және Генри Гангтың еңбектерімен тығыз байланыста болды. Американ инженері Ф.Тейлор 1885 жылы еңбек процесін жүйелі түрде талдауға кірісті. Ол ғылыми менеджменттің алғашқы авторларының бірі болды. Басқарудың ғылыми мектебін құрушылар байқау, өлшеу, ойлау және талдау арқылы көптеген қол еңбегін жеңілдетіп, оны жетілдіруге , еңбек процесін неғұрлым тиімді орындауға болатынын дәлелдеді.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі(1920-1950ж)
Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар. Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізің қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |