48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет65/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   295
Байланысты:
3-книга
3-книга
Түйінді сөздер: Бағдарламаланатын логикалық контроллер (БЛК), микроконтроллер, симулятор, 
Tia Portal ортасы. 
 
Кіріспе. Siemens фирмасының БЛК - технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған 
өндірістік контроллерлер болып табылады [2].
Simatic топтамасына бірнеше БЛК түрлері кіреді - Simatic S5 пен Simatic S7. Simatic S7түрінің өзі 
S7-200, S7-300, S7-400, S7-1200 модельдерден тұрады [4].
Тәжірибеде әдетте S7-300 және S7-400 модельдері қолданылады, оларүшін арнайы Simatic Step 7 
бағдарламалық қамсыздандыру жасалған. 
БЛК құрамына кіреді: 

орталық процессормодулі (CPU); 

қорек көзі (PS); 

сигналмодульдері (SM), олардискретжәне аналог сигналдарды енгізу/шығаруға арналады; 

коммуникациялық процессорлар (CP), оларProfibus, IndustrialEthernet, және т.б. өндірістік 
желілерде автономды өңдеу жасайды; 

функционалдық модульдер (FM), оларавтоматтыреттеу, позициялау, және т.б. қызметтерді 
орындайды; 

интерфейс модульдері (IM), оларконтроллердің негізгі блогына кеңейту тораптарын жалғауға 
арналады. 
Сонымен қатар, БЛК-ға Profibus желісі арқылы жиіліктік түрлендіргіштер, жетектер, 
абсолюттік/инкременттік энкодерлер, т.б. жалғауға болады.
TIAPortal (Totally Integrated Automation portal) қызметі не? 
TIAPortal - бірыңғай жобалау және конфигурациялау құралыболып табылады.
TIA Portal концепциясы бойынша технологиялық процестің жеке кезеңдері біртұтас өндірістік 
процестің өзара байланысты бөлшектері болып қарастырылады. Кешенді автоматтандыру келесілер 
арқылы іске асырылады:
1 - SIEMENS TIA-PRO1 бірыңғай жалпы бағдарламалық платформа арқылы; 
2 - бірыңғай платформа барлық жеке есептер мен компоненттерді біртұтас қарапайым формаға 
біріктіреді (бірыңғай жобалау ортасы);
3 -берілгендерді бір жерден басқару (орталықтандырылған МҚ);
4 - жүйенің жеке компоненттері арасындағы жалпы коммуникация жасау. 
TIA Portal ерекшеліктері: 

бірыңғай жобалау ортасы;


75

жобаның автоматты біртұтастығы;

барлық автоматтандыру есептері үшін бірыңғай жұмысшы концепция

барлық SIEMENS TIA-PRO1 үшін қосымша кітапханалар. 
Tia Portal ортасында жоба құру үшін алдымен қондырғы конфигурациясын жасау керек. 
Конфигурация барысында жүйенің толық құрамы, оларды өзара жалғау әдісі, пайдаланылатын 
желілер, адрестеранықталады, осы модульдер үшін баптау ережелері таңдалады. сөйтіп, дайын 
конфигурация БЛК-ға жүктеледі де қондырғы толығымен бапталады. 
Конфигурация утилиттері қондырғы диагностикасын жасауға, аппараттық қалереді табуға, монтаж 
жасауға мүмкіндік береді. 
БЛК бағдарламалау Simatic Manager арқылы іске асырылады, бұл ортада үш тілде бағдарламалау 
код құруға болады: 
LAD (Ladder Diagram) – релелік диаграммалар тілі. Редактор бағдарламаны графиктік түрде 
көрсетеді, яғни, диаграмма электр монтаждық схемаға ұқсас болады. Логикалық схемалар 
бағдарламаға электр тогын қорек көзінен бастап тұтас қондырғыдан өту процесін сипаттайды. Кернеу 
көзі ретінде сол жақта орналасқан шина болып табылады. Схеманың негізгі элементтері болып нормал 
тұйық және тұйық емес контактілер есептеледі (сурет 1).
Сурет 1 – LAD тіліндегі блок схема мысалы 
Сәйкесінше, тұйық контактілер сигналды келесі элементке өткізеді, ал тұйық емес контактілер 
сигналды келесі элементке өткізбейді. 
Логика Network деп аталатын сегменттерге бөлінеді, бағдарлама солдан оңға қарай орындалады.
LAD тілінің ерекшелігі – бастауыш бағдарламашы үшін қарапайымдылық пен қолдану жеңілдігі 
[1]. 
FBD (Function Block Diagram) – функционалды блокты диаграммалар. Бұл редактор бағдарламаны 
жеке логикалық схемалар түрінде көрсетеді. Мұнда контактілер жоқ, бірақ тиісті ұқсас функционалды 
блоктар бар. Бұл редакторда LAD тілі секілді «сигнал ағыны» ұғым қолданылмайды, оның қызметін 
FBD логикалық блоктары арқылы басқару ағыны орындайды. 
Сигнал ағыны ретінде FBD элементтері арқылы өтетін «1» күйінің жолы боылп табылады. 
Бағдарлама 
логикасы 
осы 
функционалды 
блоктар 
арасындағы 
байланыстармен 
сипатталады.Функционалды жоспарды графиктік түрде сипаттау бағдарламаны орындау процесін 
толығырақ, бейнелі көрсетеді.
STL (StatementList) – нұсқаулар тізімі. Бұл редактор бағдарламаны командалардың мномоникалық 
белгілері арқылы жазуға мүмкіндік береді. Яғни, мұнда LAD пен FBD редакторлары мүмкін емес 
болмаған әдіспен код жазуға болады. STL-де бағдарламалау Ассемблер тілінде кодтауға ұқсас келеді 
(сурет 2). 


76
Сурет 2 –STL тіліндегі бағдарлама мысалы 
БЛК бағдарламада көрсетілген ретпен командаларды орындайды, яғни, жоғарыдан төмен қарай. 
STL редакторы арқылы LAD немесе FBD редакторында жазылған бағдарламаларды өңдеуге болады, 
бірақ керісінше іске асырылмайды [3].
Сурет 3 – Tia Portalортасында S7-400симуляторының сигналдарын зерттеу мысалы 
Қорытынды. Tia Portal ортасында микроконтроллерлер мен олардың симуляторларын оқытуда 
зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруда келесі мүмкіндіктер бар (сурет 3): 

бірыңғай жобалау ортасы;

жобаның автоматты біртұтастығы;

барлық автоматтандыру есептеріүшін бірыңғай жұмысшы концепция; 

барлық SIEMENS TIA-PRO1 үшін қосымша кітапханалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет