104
Аңдатпа. Мақалада инженерлік білім беруде үдерістер мен аппараттар жайындағы ғылымның
физика, жоғары математика, физикалық химия, жалпы химиялық технология пәндерімен пән аралық
байланысы қарастырылған.
Түйін сөздер:
инженерлік білім, үдерістер мен аппараттар, химиялық технология.
Дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден-бір жолы – елімізде инженерлік білім беруді
дамыту. Себебі, экономиканың негізгі қуаты – өндірістің өркендеуі. Адамзат тарихында
технологиялық серпіліс бу машинасының пайда болуымен байланысты индустрияландыру кезеңінен
бастау алады. Электрификациялану кезеңі еңбек өнімділігін еселеп арттырды. Компьютердің пайда
болуы өндірісті автоматтандыруға алып келді. Қазіргі уақытта
интернетті қолдану арқылы
информатизациялау кезеңі басталды.
Заманауи кезеңде ғылым, техника және өндіріс өзара тоғысу арқылы инновациялық- инженерлік іс-
әрекеттер жүзеге асырылуы қажет [1].
Экономикалық жағынан дамыған озық елдер өндіріс салаларына cандық және информациялық-
коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануда. Бұл технология-ларды өндіріс салаларына
енгізу мен дамыту жоғары деңгейлі инженер мамандарынсыз мүмкін емес. Елімізде аталған
технологияларды халық шаруашылығының барлық салаларына енгізу үшін
инженерлік білім мен
ғылымды дамыту – ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі, еліміздің экономикалық өркендеуі инженер
мамандарының білім деңгейіне тікелей тәуелді.
Білім деңгейі білім беру бағдарламаларының мазмұнымен айқындалады. Сонымен бірге жоғары
деңгейлі инженер мамандарын даярлау тиімділігін арттыруды оқу үрдісінде заманауи құрал-
жабдықтар мен инновациялық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісі – білім алушылардың танымдық іс-әрекетін
басқару мен
дамытуды ұйымдастырудың күрделі жүйесі. Білім беру – оқытушы мен білім алушы арасындағы
байланыс арқылы білім, біліктілік,
дағды игерілетін ұйымдасқан, белгілі бір мақсатқа негізделген
үрдіс. Білім беруде оқу үрдісінің негізгі мақсаттары: оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттері жүзеге
асырылады [2].
Оқыту міндеті – білім алушылардың оқу мен танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру
негізінде интеллектуалдық, қызығушылық әрекеттер өрісін, ерік пен күш-жігерін дамыту.
Білім беруде дамыту міндеті –
білім алушылардың техникалық, экономикалық ойлау өрісін,
өздігінен оқуға қабілеттіліктерін жетілдіру және осы әрекеттерін бүкіл еңбек жолында дамытып отыру
қажеттілігін қалыптастыру.
Білім беруде тәрбиелеу міндеті – білім алушылардың дүниетанымын арттырып, әр адамның бойына
аса қажетті жеке қасиеттерді, атап айтқанда, өнегелік, еңбек сүйгіштік, мәдени, рухани құндылықтарды
қалыптастыру. Бұл аталған міндеттер оқу үрдісінде педагогикалық технологияларды қолдану арқылы
бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқу үрдісінде қолданылатын технологиялардың негізгі
сындарына заңдылық,
мақсатқа сәйкестік, басқарылу, тиімділік, көшірмелік жатады [3].
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология
факультетінде «5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «5В072000 –
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары
бойынша бакалавриаттың оқу
бағдарламасында «Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары» оқу курсының түрі
– базалық. Мамандықтардың оқу бағдарламаларында бұл курс «Жалпы химиялық технология»
курсымен бір модульді құрайды.
«Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары» оқу курсы екі бөлімнен құралады
және екі семестр оқытылады. Бірінші бөлімде гидродинамикалық үдерістерді, екінші бөлімде жылу,
масса алмасу үдерістерін оқыту қарастырылған.
Бұл курс инженерлік пән болғандықтан, пән аралық байланыс жан-жақты талдануы қажет. Себебі,
пәннің мазмұнын пән аралық байланыспен ұштастыра түсіндіру, білім жүйесінің біртұтас
қалыптасуына әсерін тигізеді. Пәннің пререквизиттерін жоғары математика, физика, теориялық
механика, физикалық химия құрайды [4].
«Химиялық өндірістің негізгі үдерістері мен аппараттары» оқу курсы үшін «Жоғары математика»
үдерістер мен құбылыстарды талдау әдістері немесе басқаша айтқанда ойлау әдісі болып табылады.
Жоғары математиканың «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия», «Дифференциалдық,
интегралдық
есептеулер»,
«Дифференциалдық
теңдеулер»,
«Ықтималдылық
теориясы»,
«Математикалық модельдеу» тарауларында қарастырылатын білім
химиялық-технологиялық
үдерістерді талдау мен сараптауда, химиялық өндірісті іске асыруда маңызы зор. «Физика» курсы –
105
химиялық-технологиялық үдерістер жөнінде түсінік беретін аппарат және құбылыстарды талдаудағы
феноменологиялық тәсіл. «Физикалық химия» курсы химиялық үдерістерді қарастырады.
Химиялық технологияның үдерістері мен аппараттары жөніндегі ғылымның теориялық
фундаментін табиғаттың келесі негізгі заңдары құрайды: 1) масса, энергия және импульстың сақталу
заңдары, бұл заңдарға сәйкес химиялық өзгерістерде жүйенің ішінде массаның, энергияның,
импульстың жиынтығы тұрақты болады. Сақталу заңдары баланс теңдеуімен (материалдық және
энергетикалық) сипатталады. Баланс теңдеулерін құрастыру химиялық-технологиялық үдерістерді
есептеу мен сараптаудың маңызды құрам бөлігі болып табылады. 2) Термодинамикалық тепе-теңдік
заңдары. Бұл заңдармен кез-келген субстанцияның (массаның, энергияның, импульстың) тасымалдану
үдерісі өзінің аяқталуына келер жағдайды анықтайды. Субстанцияның қайтымсыз тасымалдануы жоқ
кездегі жүйе күйі тепе-теңдік күй деп аталады. Тепе-теңдік
жағдайларды білу химиялық-
технологиялық үдерістерді есептеу мен сараптаудың маңызды міндеттерінің бірі – тасымалдау
үдерісінің бағытын, оның шекаралық жағдайларын және үдерістің қозғаушы күшін есептеуді
анықтауға мүмкіндік береді. 3) Массаны, энергияны, импульсты тасымалдау заңдары. Бұл заңдармен
меншікті тасымалдау потенциалына тәуелді кез-келген субстанция ағынының тығыздығы анықталады.
Тасымалдау заңдары химиялық-технологиялық үдерістердің өту қарқындылығын және үдерістерді
жүргізуге қолданатын аппараттардың өнімділігін анықтайды [5].
Жоғарыдағы аталған заңдар барлық технологиялық үдерістердің: гидромеханикалық, жылу, масса
алмасу үдерістерінің
Достарыңызбен бөлісу: