48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет166/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: құзыр, құзырлық, сыни. 
 
Білім беру үрдісі болашақ маманға негізгі теориялық білім бере отырып, сонымен қатар кәсіби 
тәжірибелік қабілеттілікті және шеберлікті қамтамасыз етеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламаға сәйкес мемлекет жоғарғы оқу орындарының экономиканы дамытуға салмақты үлес 
қосып, жаңа технологияларды құру, толыққанды жоғары интеллектуалды өнімдер даярлауын талап 
етіп отыр. 
Еліміздің білім беру мекемелерінде оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту – заман талабы 
болып табылады. Қазіргі кезде білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-


193
тәсілдерін, инновациялық педагогикалық, технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан 
нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-
зерттеуші, ойшыл оқытушы болуын қажет етеді. Яғни, өмірдің сұранысына қарай бейімделе алатын, 
жастардың мәселесін сезетін, жаңаша ойлайтын, жаңа оқыту технологияларын меңгеруге ізденетін, 
әрбір студенттің психологиясын, жас ерекшеліктерін, студент мүмкіншіліктерін анықтай алатын, өз 
мамандығы бойынша ғылыми, әдістемелік және кәсіби деңгейін көтеруге ізденетін жоғары білікті 
маман ұстаздылықты талап етеді.
Қазіргі білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру 
әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған 7 модуль аясында 
қамтылады. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы 
оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория студенттердің ойлауын дамыту, олардың бұрын алған 
білімдері мен жаңа дерек көздерінен (оқытушыдан, оқулықтан және достарынан, әртүрлі ақпарат 
құралдарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асуы керек деген 
тұжырымдамаға негізделген. Себебі, «дайын» білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы 
алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді болмайды, сол себепті механикалық 
есте сақтау, үстіртін білім алу жағдайлары да орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған білімді емтихан 
кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең түсінілмей, жай ғана 
жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткеннен кейін керексіз болып 
қалады және оны өмірде пайдалана алмайды. Ал сындарлы (сыни) оқытудың мақсаты – студенттің 
пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана 
білуін қамтамасыз етуін қарастырады. 
Біліктілікті арттыру бағдарламасы білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан 
ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпарттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, студенттердің жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру 
және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық. Яғни, оқытушы өз сабақтарын оқушының 
идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. 
Мұндай міндеттер студенттердің оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір 
болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-
түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Оқытушы қызметіндегі маңыздысы студенттердің 
тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс 
жүргізу қажеттілігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір студенттердің тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей 
тәсілдермен меңгеретідігін жете түсінуі [1].
Модульдік оқыту және сыни тұрғыда ойлау, тағы да басқа эксперименттік әдістерді тәжірибеден 
өткізе отыра, студенттердің топтық жұмысқа деген қызығушылығы арта түседі. Топтық жұмыс – 
студенттердің бір-бірімен диалогтық қарым-қатынас жасап, ой пікір бөлісіп, қызығушылығын ояту 
сатысында студенттерге ой тастау, ой шақыру.
Топтық жұмыс кезінде әр деңгейдегі студенттердің өзін-өзі реттеуін, сыни тұрғыдағы ойлауын
мәдениетін, ұйымдастырушылық қабілетін, құндылығын, ұстамдылығын және қалыптасып келе 
жатқан студент, болашақ маман ретінде бойындағы қаситетерді аңғаруға болады. Олар өз білген 
ойларын ашық айтып, ортаға салып, ақылдасып, талқылайды. Әрбір топтың хатшысы ортаға салған 
ойларды қорытып жазып отырады. Әр топтан ортаға бір студент шығып топтың атынан 
тұжырымдалған ойларын айтып, сызылған схема немесе жасаған жоба-презентацияны қорғайды. Бұл 
үлкен жауапкершілік. Тыңдаушыларға өздерінің негізгі айтқысы келген ойларын түсінікті етіп 
жеткізіп, басқа топтардың қойылған сұрақтарына жауап береді. Осы кезде «Диалогтік оқыту» әдіс 
тәсілін пайдаланып, сұрақ қою арқылы, топпен-топ арасында нақты дұрыс жауап іздеп диалог 
жүргізеді. Оқытушы студенттердің тұжырымдауымен кемшіліктері мен жетістіктерін айта отырып, 
қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, маңыздылығын түсіндіріп бекітеді [2]. Сонымен, студенттер 
сабақтарда сыни ойлаудың 4 негізгі – бақылау, талдау, шешім, интерпретация дағдысын 
көрсетеді. Студент сыни тұрғысында ойланып жетістікке, нәтижеге өзі жету керек.
Қазіргі жаңа технологияларын толығымен пайдаланып, заман талабына сай, когнитивті, жан-жақты, 
білімді, қандайда болмасын жағдайда өзі нақты дұрыс шешім қабылдай алатын, өзіне-өзі сенімді 
отансүйгіш, көшбасшы болуға дайындау. Яғни, оқытушы – бағыттаушы. Студенттерге оқи білуді 
үйрету, сенімділік арту, сыни тұрғыда ойлауға үйрету – баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай 
жасайды. Осы орайда студенттердің зерттеу мен жоба жасауда мақсатты жүйелі түрде бағыттау 
қажеттілігі туындайды. Оқытуда тиімді әдістерді қолдану технологиясы ретінде ұсынатын жобалау 
технологиясын қолдану арқылы студенттердің білімге, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын 
арттыруға, жасампаз әрі өнерлі тұлғаның қалыптасуына, ой-өрісінің кеңейуіне, көшбасшылыққа 


194
сенімді қадам жасай алатын, еңбекті бағалай білетін тұлға қалыптастыруға бағытталған [3]. Қазіргі 
білім беру саласындағы жаңа бағыттардың бірі – оқытушы мен студенттердің кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастыру және дамыту. Яғни, «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер щеңберінде қатысты білімі, 
біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал 
«құзырлық» – адамның іс-әрекеті саласына сай құзырылықтардың меңгеруі [4].
Қорытындылай келгенде, білім берудің әмбебаптылығы: үштілділік бағдарламалары бойынша 
бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орында оқитын студенттің мамандықты 
игеру кезінде ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар жаңа техникаларды және технологияларды игеру, 
адамдармен қарым қатынасты, әкімшілік құрылымдар мен нормаларды, еңбек нарығындағы 
туындайтын мәселелерді шеше білу кабілетін қамтамассыз етеді. 
Ақпараттық қоғам талабына сай оқытушы студенттерді алға қойған мақсатына жету үшін сапалы 
дайындық қажеттілігін талап етеді. Демек, кәсіби өнімді қызметінде қарым қатынастың жиі өзгеруіне 
байланысты студент өзін өзі жетілдіру, өзін өзі ұйымдастыру, өзін өзі бақылау мәдениетін дамыту 
жолдарын қалыптастырады. Оқу орындағы пайдаланылатын жаңа тәсілдердің негізгі әдіс түрлерінің 
бірі құзыретті – бағдарланған сыни – технологиясы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет