Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын түрі: тал, төрт, бар, жаз, кең, қант.
Тасымал – Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буыннын келесі жолға тасымалдау буын жігінен жасалады. Мысалы: са-бақ, мек-теп, таңер-теңгі, таң-ертеңгі. Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауыстыдан басталады: жу-ын, қи-ыр, ти-ын, бу-ын, жи-ын.Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: от, кел, қарт.
2. Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды. Сондай-ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и, а, я, ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
3. А. Құнанбаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, м, см, мм) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды: 10кг, 25 км.
5. Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: АҚШ, ТМД, ҚазМҰУ, АлМҰУ т.б.
23) Үндестік заңы- қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп ,ыңғайласып келіп отырады. Сөзді бастан-аяқ біпкелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атайды. Үндестік заңа екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.
24) Буын үндестігі – Сөздегеі сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Мысалы, сана, ата, ана, бақыт, өріс, кереге, кілем. Жуан, жіңішке дауыстылар мынадай сөздерде араласып келеді:
1) басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, кино, қазір, зағип, математика.
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді: шекара, баспасөз, аман-есен, алай-дүлей, асты-үсті, асығыс-үсігіс.
25) Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар – 1) көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, Асанмен, қонақпен, сәнімен.
2) – нікі (- дікі, -тікі), -тал, - тал, -дар, -еке, -тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал;
3) –бей, -би, - кер, - гер, - қор, - паз, - қой, - кеш, - хана, - кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер, зиянкес;
4) –ов, -ова, - ева, - ин, - ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Жұмағазина, Сейфуллин. Қосымша: үндестік заңы бойынша жалғанатын қосымшалар мынадай жағдайларда бұл заңға бағынбай қолданылады. 1) Соңғы буында ә,я дыбыстары бар сөздерге және х дыбысына аяқталған сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: кінәлау, күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта.
2) Соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгісіне (ь) аяқталаған сөзге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: полюске, парашютті, паркте, хирургке, Томскіден, ансамбльден, бинокльден, рульді.
26) Дыбыс үндестігі – сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
27) Ілгерінді ықпал – көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз. Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан (есеп-тер), соңғы дыбыс ұяң болса, қосымша ұяңнан (қаз-дар), ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады (бала-лар, гүл-дер) .
28) Кейінді ықпал – сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: теп- теуіп, жап, жауып, кітап – кітабы, жазса( айбылуы жасса), көнбеді (айтылуы көмбеді).
29) «Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография - сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Ол дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.
30) «Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады. Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір-біріне үндесіп айтылуы керек. Мысалы: Жазылуы Айтылуы (Ілгерінді ықпал)
Достарыңызбен бөлісу: |