5 1 Әлемдік шаруашылықТЫҢ жаһандану жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің Қызмет етуінің теориялық аспектілері


Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі



бет4/6
Дата04.03.2020
өлшемі158,23 Kb.
#59558
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шағын және орта кәсіпкерлік


2.4 Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мəліметтері бойынша əлемдік экономикада шағын кəсіпорындардың саны барлық кəсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі əрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа əлемдік көрсеткіштер. Ал Жапонияда мысалы, шағын жəне орта кəсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын жəне өнеркəсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды. АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кəсіпкерлікте еңбек етеді.



ШОК секторының кәсіпорындарына кепілдік беру жүйесін құру ШОК-тің қаржы ресурстарын алуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі. Осы орайда, Қытай Үкіметі «Даму банкіне» (The Development Bank) негізін жергілікті билік органдары қалаған кепілдік беру компанияларына жеңілдігі бар несиелер мен субсидиялар ұсынуды тапсырды. Қаржыландырудың кәдімгі схемасының мәні «Даму Банкінің» жеткілікті кепілдік беру капиталын құруға қажет қаражат жинайтын қандай да бір мемлекеттік компанияға кейіннен әрекетті немесе қайта ұйымдастырылатын несиеге кепілдік беру компанияларына беріліп отырған жеңілдігі бар заем немесе субсидия беруінде. Осы бағдарлама бойынша қаржылық қолдау ШОК-тің 2 197 субъектісіне көрсетілді. Бұл 220 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. аталмыш бағдарламаның шеңберінде бүгінде 106 түрлі несие мен несиелерді кепілдікпен қамсыздандырудың 121 түрі жүзеге асырылуда, сондай-ақ елдің 334 қаласы мен аудандарында заемдардың берілуін қамтамасыз ететін 79 несие комитеттері құрылды. Шағын және орта бизнестің Италия экономикасында алатын мәні зор. Италияда шамамен 15,3 млн адам немесе жұмыс күшінің 79% жұмыс істейтін барлығы 3,6 млн жуық. ШОК субъектілері қызмет етеді. ШОК қолдау инфрақұрылымын қаржыландыруға италия Үкіметі жыл сайын $5 млрд астам қаржы бөледі. Жеңілдікпен несиелеу және несиелерге кепілдік беру бағдарламаларына жыл сайын $15 млрд астам сома бөлінеді. ШОК-тің дамуын жеделдету үшін ШОК-ті дамыту орталықтары құрылған. Бүкіл елде бұлардың саны 1 200 бірлікті, ақпарат  орталықтары 50 бірлікті, бизнес-инкубаторлар мен технопарктер – 26 бірлікті, экспортты жылжыту орталықтары – 123 бірлікті құрайды [2]. Түркияда коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктер түріндегі ШОК қолдау және оған қызмет көрсететін айтарлықтай дамыған инфрақұрылым жұмыс істейді. 1990ж. түркияның Өнеркәсіп пен сауда министрлігі жанында мемлекеттік ұйым – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша бас басқарма (KOSGEB) құрылған. KOSGEB негізгі міндеті ұлттық және халықаралық тәжрибені талдау негізінде шағын кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясат дайындау және ШОК-тің дамуына жан-жақты жәрдемдесу. 2009жылы  KOSGEB бюджеті шамамен $280 млн болды, оның $220 млн ШОК-ті қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады. 2003–2009 жылдар аралығында KOSGEB бағдарламалары $480 млн астам сомаға 157 мыңнан астам ШОК субъектілері жұмылдырылды. Бұл 42 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қазақстанда дағдарыстан кейінгі даму міндеттерін шешу үшін, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бизнестің жол картасы 2020» Кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК 2020» бағдарламасы) іске асырылуда. Бұл бағдарлама экономиканың шикізатсыз секторларындағы өңірлік кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету бойынша ең ауқымды бастама болып табылады, бағдарлама бар жұмыс орындарын сақтап, жаңа орындардың құрылуына септігін тигізеді. Бағдарламаның қаржы агенті «Даму» Қоры болып табылады, Қор кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін ішінара қаражаттандырып, кәсіпкерлерге несие алу барысында банк алдында ішінара кепілдіктер ұсынады. «БЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 01.01.2014 ж. қарай «Даму» Қоры Бағдарламаны іске асыруға қатыстырылған басқа ұйымдармен бірлесе отырып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:

- кәсіпкерлердің мөлшерлемені қаражаттандыруға 3 589 өтінімі және кепілдендіру алуға 283 өтінімі мақұлданды;

- мақұлданған өтінімдердің жалпы санында 3 275 қаражаттандыру шарты және 259 кепілдендіру шарты жасалған, соның ішінде:

1) «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша 2 879 шартқа қол қойылған;

2) «Кәсіпкерлік секторын сауықтыру» бағыты бойынша 193 қаражаттандыру шартына қол қойылған;

3) «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту» бағыты бойынша 203 қаражаттандыру шартына қол қойылған.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі - ЖКС) қолдау көрсету мақсатында, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Стрестік активтер қоры» АҚ (бұдан әрі – САҚ) және «Даму» Қорымен бірлесе келе, 2009 жылдың қазан айында «Даму-Өндіріс» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама шарттарына сәйкес, ЖКС-ін қолдау өңдеу өнеркәсібіндегі ЖКС-нің бұрын банктерде 8% жылдық  мөлшерлеме бойынша алған несиелерін қайта қаржыландыру механизмі арқылы жүзеге асырылады. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайына қарай серіктес-банктермен жалпы сомасы 77 258 млн.теңгеге 288 борышкер қаржыландырылды, соның есебінен 6 133 жұмыс орны құрылды. Несиенің орташа сомасы 268 млн.теңге, несиенің орташа мерзімі – 24 ай, орташа безбенделген пайыздық мөлшерлеме – жылдық 8%, тиімді пайыздық мөлшерлеме – жылдық 8,5% құраған. Әйелдер кәсіпкерлігін кейін кішігірім несиелендіру үшін қаражаттарды ЕДБ-де уағдаластықпен орналастыру бағдарламасы «Даму» Қорының Директорлар кеңесімен 2009жылы 30 қыркүйекте бекітілді. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылы 5 наурызда өткен Қазақстан әйелдерінің V Форумында берген тапсырмасына сәйкес, әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерінің жаңадан басталған және әрекет етуші жобаларын жеңілдікпен несиелендіру арқылы кәсіпкер-әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында әзірленді. 2013 жылы серіктес-банктермен жалпы сомасы 5 222 млн. теңгеге 941 борышкер қаржыландырылды. Несиенің орташа сомасы 6 млн.теңге, несиенің орташа мерзімі – 40 ай, орташа безбенделген пайыздық мөлшерлеме – жылдық 12,4%, тиімді пайыздық мөлшерлеме – жылдық 13,7% құраған, 328 жұмыс орны құрылған. ШОК субъектілері санының өсуі бизнесті жүргізу жағдайында халықаралық сарапшылармен атап көрсетілген жағымды өзгерістер барысында жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» 2014 жылғы рейтингінде Қазақстан 50-ші жайғасымда орын тепкен. Оң серпін, ең алдымен, меншікті тіркеуді (18-жайғасым) және салық салуды (18-жайғасым) оңайлату бойынша іс-шаралар есебінен қамтамасыз етілген [26].

Туристік бизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі:

Американың белгілі ғалымы Пол Самуэльсон – адамдар бірнеше мың доллар пайда таппаса да, күнделікті қажеттіліктері мен міндеттерін атқару үшін өздеріне ұнаған жұмыстарына жоспар құрып ұсақ кәсіпкерлік арқылы қандайда бір іс бастауға мүдделі екендігін атап көрсеткен.

Қазақстан жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану мемлекеттік заң актілері мен кәсіпкерлікті реттеуші әр түрлі құқықтық – үйымдастырушылық заңдар негізінде жүзеге ассады.

Өзінің жеке ісін бастайтын кәсіпкерге мынандай шарттар қойлады:


  • алғашқы капитал қалыптасуы үшін мүліктің болуы;

  • жарғылық қордың ең аз мөлшері құралу үшін белгілі бір көлемде қаржының болуы;

  • кәсіпкер өз ісінің нәтижесін жүзеге асыру үшін нарықты алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • кәсіпкерлік іс - әрекеттерді атқару үшін ғимараттың болуы;

  • орындалатын жұмыстың технологиясын жақсы білетін, кәсіби тамандалған әріптестердің, бухгалтерлік, қаржылық жұмыстарды жүргізуші мамандардың болуы.

Әдетте, кәсіпкер өз ісін жақсы меңгерген, бұрын тәжірибесі болған жағдайда және, өзі бастайтын ісіне аса ынталы болғанда ғана бизнес сәтті болып өркендейді.Кәсіпкер өзі тұрған жеріндегі кәсіпкерлікті қолдаушы мекемелерден кеңес алуына болады. Кәсіпкердің бастаған ісі нарық талабына сай болса, онда ісі табысты.

Болашақ кәсіпкер өз ісін жоспарлай отырып, нарықтың ең маңыызды принциптерін меңгеруі және оны жетекшілікке алуы тииіс:



  • бірінші, кәсіпкерлік басқа адамдардың қажеттілігіне бағытталғандықтан, ең бірінші, қажетінен шығуы тиіс. Кәсіпкер өз үшін емес, басқалардың қаажеттілігін қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алуы керек.

  • екінші, тауарды өндіруге жұмсалған шығындар барынша аз болуы тиіс, әйтпесе, кәсіпкер өткізілген тауардан жоспарланған пайданы алмауы мүмкін.

  • үшінші, кәсіпкер өндірілген тауардың бағасын белгілеу кезінде бәсекелестерді зерттеуі тиіс, сонымен бірге сатып алушылар көзқарасы мен нарық жағдайын да зертеп, талдау қажет.Көтерме сауда бағасын жоғарлатса, тауарды дер кезінде өткізе алмауы, ал төмендетсе, пайда түспеуі мүмкін.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық дағдарысты елдің темір жол көлігі саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26% болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. темір жол көлігімен тасылған өнім көлемі 34 %-ке өсті (135 198 млн. т -км).

Теміржол көлігі ҚР өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекет экономикасының тұрлаулылығы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың тұрмыстық жағдайы мен өмір деңгейі оның тұрақты және тиімді жұмысына байланысты.

Бүгінде Қазақстанның шойын жолдары – 14 мың километрден астам теміржол желілері. Еліміздің барлық жүк айналымының 70 пайызға жуығы және жолаушылар тасымалының 55 пайызынан астамы теміржолдың еншісінде. Теміржол саласында 135 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл дегеніміз Қазақстан халқының 1 пайызға жуығы.

Қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) 22 тәуелді акционерлік қоғам мен еншілес ұйымдар бар. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша персоналының жалпы саны 136,5 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 81 мыңнан астам адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та жұмыс істейді.



«ҚТЖ» ҰК» АҚ басым міндеттерінің бірі ҚР транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту болып табылады [27].

АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады. Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көқтеретіндігін көрсетіп отыр. Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953 ж. АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953 ж. Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін -шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмыс бастылардың 54% қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52% құрайды және 70 99,7% кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі – шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. АҚШ - тек үлкен корпорациялар елі ғана емес, сонымен қатар, жеке сектор жұмысшыларының 50% еңбек ететін шағын кәсіпорындар елі. Ең басты жұмыс беруші ірі емес, шағын және орта кәсіпкерлік болып отыр. Жобамен әрбір үшінші жанұя шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Яғни, АҚШ-тағы шағын және орта кәсіпкерлік – тек кәсіпкерліктің бір тірі ғана емес, сонымен қатар, өмірлерінің құрамдас бөлігі. Ол елде жыл сайын 600 мыңға жуық шағын кәсіпорындар тіркеледі және 400 мыңға жуығы қысқарады. Алайда, мұндай статистика ешкімді таң қалдырмайды. Басқа жерде немесе басқа салада өзінің істері жақсырақ жүретіндігін түсінген кәсіпкер көнесін жауып жаңасын аша қояды. Егер олардың кәсібі босқа кетсе, үміттерін үзбей, көне кәсібінің соңын жаңа кәсібінің басы деп санайды. АҚШ тұрғындарының 90% шағын кәсіпкерліктің рөлін оң бағалайды. Шағын және орта кәсіпорындар сауда, өндірістік, қаржы, кеңес беру, инновация және қызмет көрсету салаларында жұмыс жасайды. Ұлыбритания тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рөлін ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты - қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатың курстардың болуы ықпал етті. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус-квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті акырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты - тұрақтылықты қамтамасыз ету. Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорымдардың орташа көлемі — 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар — 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің кызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді: - «Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары» және «шағын және орташа кәсіпорындардың пайдасына 37 шара» [28].

2.5 Әлемдік қаржылық дағдарыс және оның қолдау институтына әсері
Әлемдік қаржы дағдарысы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін айқын көрсетті. Бұл – жаһандану үрдісінің кең қанат жайып келе жатқанының белгісі. Алдымен ең ірі экономикасы бар АҚШ-та ипотекалық дағдарыс басталды. Ол біртіндеп осы елдің және Европа мемлекеттері мен Жапонияның қаржы саласына әсер етті.

Әлемге дендеп енген қаржы дағдарысы барлық елдердің экономикасын әлсірете түсті. Әсіресе, шикізат өндіретін дамушы мемлекеттер аяғына жем түскен жануардай қиналып қалды. Тіпті қуатты елдердің өзі тығырыққа тіреліп, өндіріс қарқындарын едәуір төмендетті. Мәселен, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2008 жылдың 4-ші тоқсанында 3,8 пайызға төмендеген. Бұл – 1982 жылдан бергі ең ірі құлдырау. Германияда Еуропа елдеріне өндіріс тауарларын сату деңгейі 12 пайызға кеміген. Экспорт 8,2 пайызға, ішкі нарықтағы сұраныс 5,1 пайызға азайған. Қытай экономикасы да өндіріс көлемін кемітіп, тікелей инвестиция мөлшері 2008 жылы 32 пайызға, импорт ауқымы 18 пайызға төмендеген. Үндістанда экспорт деңгейі 12 пайызға, Ресейде өндіріс көлемі 2 есеге кеміген. Қаржы дағдарысының алғашқы 4 айының ішінде Араб елдері шетелдік активтерінің 40 пайызын жоғалтып, 2,5 триллион шығынға батқан. Исландия сияқты тұтас бір мемлекет банкротқа ұшырады. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы әлсіреген елдер Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін кезекке тұрды.

Дағдарыс әлемдік ірі компаниялардың өзін жан алқымнан алып, құтын қашырды. Жылдық табыстары азайып, шығынға батқан алпауыттар амалдары таусылған соң, жұмысшылардың санын қысқартуға мәжбүр болды. Мысалға, мұнай алыбы Royal Dutch Shell Plc компаниясы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2,9 миллиард шығын шекті. Ал Exxon Mobil-дің кірісі, 8 миллиард долларға қысқарды. 2007 жылы ғана аталмыш компания 12 миллиард доллар көлемінде пайда тапқан еді. Мұнай алпауыттарының шығыны қара алтын бағасының айтарлықтай төмендеуінен қалыптасты. Бір жыл бұрын ғана рекордтық көрсеткіш барреліне 147 долларға дейін көтерілген мұнай бағасы 2008-дің желтоқсанында бес жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке құлдырап, 33 долларға дейін түсті. Дағдарыс салдарынан ірі көлік шығаратын компаниялар да едәуір зардап шекті. 2008 жылдың 3-ші тоқсанында «Тойота» компаниясының шығыны 1 миллиард доллардан асты. Бір жыл бұрын оның табысы 5 миллиард доллардан көп еді. «Мерседес-Бенц» кәсіпорны өнімінің сатылымы да төмендеді. 2008-ші жылдың қаңтарында сатылған көліктердің саны 32 пайызға кеміген. Ал Оңтүстік Кореяның «Саньён мотор» автоконцерні төлем дағдарысына ұшырап, корпорация президенті қызметінен кетті. Бұрындары жылына 200 мың көлік сатып келген ұжым тек 92 жарым мың өнімін ғана сата алған, өндіріс көлемі 30 пайызға азайып кеткен. Әйгілі көлік компанияларының құлдырауына өнімге деген сұраныстың төмендеуі себеп болды. Мәселен, АҚШ-та Тойотаға сұраныс бірден 32 пайызға кеміген. Әлемде тіпті күнделікті тұрмыстық заттарға деген сұраныс та азайған. Электроника саласындағы көшбасшылардың бірі «Сони» компаниясы 2008 жылды 1,1 миллиард доллар шығынмен жапты. Теледидар шығаратын европалық алпауыт «Филипс» бұл жылды 1 миллиард 47 миллион еуро шығынмен аяқтады. Міне, осындай шығынға батқан әлемдегі үлкенді-кішілі компаниялар жұмысшылар санын қысқартуды қолға алған соң, жұмыссыздық деңгейі өсіп кетті. Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зелликтің айтуынша, экономикалық дағдарыс нәтижесінде әлем бойынша 60 миллионға жуық адам кедейлікке ұшыраған. Германияда 3 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Ұлыбританияда жұмыссыздар саны 2 миллионға жуықтаған. Ресейде 5 миллионға жетті.

Дағдарыс ірі мемлекеттердің амбициясына да әжептәуір әсер еткен сыңайлы. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа елдерінің «жүні жығылыңқырап» қалды. Бұрындары өздерін өктем ұстайтын бұл мемлекеттер экономикалары мен қаржыларын тізгіндей алмай әуреге түскенін дүниежүзі көріп, бақылап отырды. Олар мың жерден мықты ел болса да, төтеден келген дағдарыстан абдырап қалды. Бір сарапшылар Ресей мен АҚШ-тың Грузиядағы оқиғаларға қатысты текетіресі дағдарыстың күшеюінің арқасында сейіліп қалды деген пікір білдірді. «Байтал түгілі бас қайғы» демекші, АҚШ Ирактағы әскерилерінің санын да қысқартқаны белгілі [29].



Қазақстан да қаржы дағдарысының толқынына ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең алған тұста еліміздегі құрылыс саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы мекемелері орта және шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары көбейді. Қалыптасқан бұл жағдайды дереу реттеу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын» іске қосты. Оған сәйкес, негізінен 5 бағыт бойынша қаржы секторы, шағын және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде үкіметке нақты тапсырмалар жүктелді. Осы талапқа сай, үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алып, жұмыс істеді. Алғашқы кезекте еліміздің негізгі мұнай-газ, атом, электр энергетикасы, металлургия, тау-кен, көлік, коммуникация салаларындағы және жеке компаниялардағы мемлекет активтерін, даму қорлары мен басқа да қаржы тетіктерін бір мүддеге, бір мақсатқа тиімді жұмылдыру үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры құрылды. Ол экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының негізгі операторы болды. Елбасы бұл қор басшылығы мен үкіметке әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою тетіктерін сонымен қатар экономиканы диверсификациялау арқылы жаңа отандық өнім өндіруге негізделген өндіріс орындарын құру, ішкі инфрақұрылымды жаңалау жобаларын жасауды міндеттелді. Бұл мақсаттарға бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, экономиканың негізгі салаларын тұрақты сақтауға жағдай жасалды. Осы басты жоспар қаржы дағдарысының зардаптарына төтеп беруге көмектесті. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы алынды. Мұнай өндіруден жиналған қор қаражаты қысылтаяң сәтте көмекке жарады. Бұл қорды құрудағы негізгі мақсаттың бірі де сол болатын. Ұлттық қордан бөлінген қаражат та 5 бағыт бойынша жұмсалды. Қаржы саласын тұрақтандыруға 4 миллиард, шағын және орта бизнеске 1 миллиард, ауыл шаруашылығы жобаларына 1 миллиард, инфрақұрылымдық және серпінді жобаларға 1 миллиард доллар бөлінді. Ең алдымен экономиканың күре тамыры қаржы саласының түйткілдерін шешуге айрықша назар аударылды. Мемлекет 4 ірі негізгі банктің акцияларын сатып алып, олардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Әр банк бір-бір саланың операторы атанып, нақты секторға қажет қаражат айналымына қан жүгірді. Олар арқылы құрылыс саласына да қаржы аударылып, үлескерлер мәселесін шешуге мән берілді. Мемлекет құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйлердің толық бітуіне көмек жасады. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс компанияларына қаржылық қолдау көрсетілді. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры арқылы жеңілдетілген несие беретін арнайы желі ашылды. Оларға ипотекалық несиені 10,5 пайызбен беру талабы қойылды. Екінші тетік ретінде дайын пәтерлерді коммерциялық банктер арқылы нарық бағамымен несиелеу ұсынылды. Үшінші мәселе, бұған дейін берілген ипотекалық несиенің пайызы бір баспана алғандарға 9 пайызға дейін төмендетілді. Экономиканың тұрақты тірегі болғандықтан орта және шағын бизнеске ұлттық қор қаржысынан бұрын «Даму» кәсіпкерлік қоры арқылы 10 миллиард теңге бөлініп, ірі банктер арқылы 156 миллиард теңгелік несие беру бағдарламасы да іске асты. Бұл қаржылар отандық тауар өндірушілерге зор қолдау болды. Бұған қоса үкімет елдегі өндіріс орындары мен мекемелерге отандық өнімдерді тұтыну жөнінде ұсыныс жасады. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық компанияларға отандық өнімдерді алу талабы қойылды. Орта және шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Жаңадан «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жасалды. Бұл да мемлекет тарапынан жасалған оңтайлы қадам еді. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да зор көңіл бөлінді. Өйткені дағдарыс шикізат өндіруден гөрі, нақты өнім өндіру тиімді екенін көрсетті. Бұл сала бірден табыс әкелмесе де, біртіндеп қор жасауға болатынын байқатты. Ең бастысы, тәуекел аз да, тұрақты табыс бар. Бұған қоса Қазақстан экономиканы диверсификациялап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік туындағанын дөп пайдаланды. Осы бағытта «Қазагро» ұлттық холдингі арқылы бір жылда 199 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіретін жобаларға басымдық берілді. Агроөнеркәсіп саласы алдағы уақытта да тұрақты дамудың кепілі ретінде қалыптаса түспек. Мемлекет дағдарыс кезінде инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды да ұмытқан жоқ. Мұндай қысылтаяң сәтте мемлекеттің ішкі инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құюы тиімді екенін заманында АҚШ президенті Рузвельт те атап өткен. Америка ұлы депрессия тұсында көпірлері мен жолдарын жөндеуге мән бергені тарихтан белгілі. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл тәжірибеден бас тартқан жоқ. Үкіметке «Жол картасы», «Индустриялық-инновациялық» бағдарламаларын тиянақты жүзеге асыруды тапсырып,оның орындалу барысын қадағалап отырды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінудің арқасында қалалар мен қоса ауылдарда да жолдарды жөндеу ісі жүргізілді.Мектеп, денсаулық сақтау, басқа да әлеуметтік мекемелердің құрылыстары жалғасты. Бұл бір жағынан ішкі өндірістік белсенділікті арттырып, жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер етті. Ірі жобаларды қаржыландыру да тоқтаған жоқ. Мәселен, 2009 жыл бюджетінен Бейнеу-Шымкент газ құбыры магистралін салуға 32,8 миллиард, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне 31,3 миллиард, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен құрылысына 4 миллиард теңге қарастырылды. Мемлекет ірі өндіріс орындарынан жұмыс орындарын қысқартпауды да талап етті. Олар мен облыстық әкімшіліктер меморандумдарға қол қойысты. Арнайы бағдарлама жасалып, мамандарды қайта оқыту ісі қолға алынды. Бұл жұмыссыздықты ауыздықтауға бағытталған қадамдар болды. Ең бастысы, дағдарыс кезінде бюдджеттегі әлеуметтік шығындар қысқартылған жоқ. Жоспарланған төлем уақытында тұрғындарға беріліп отырды. Тіпті ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдікті несие беру жобасы да ұсынылды. Үкімет мемлекеттік органдардың шығындарын үнемдеуге де барды. Ұлттық компаниялар басшылары мен қызметкерлерінің бонустары, сыйақылары азайтылды. Дағдарыс барысында теңгеге девалвация жасалды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы өсті. Бұл әлемдік тәжірибе де бар үрдіс, еліміздегі сыртқа шикізат және өнім жіберетін компаниялар үшін үлкен қолдау еді. Міне, Қазақстанның дағдарыс кезінде жүзеге асырған кешенді іс-әрекеттері осындай болды. Сарапталып барып іске асырылған дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы оң нәтижелері 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындыларынан анық байқалды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 8 пайызды құрады, өндіріс көлемі 11 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде – 18,3, кен өндіру өнеркәсібінде 6,3 пайыздық өсім қалыптасқан. Іске қосылған агроөнеркәсіптік жобалардың арқасында тамақ өнеркәсібінің өндірісі 14,6 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 3,1 пайызға өсті. Бұған дейін төмен көрсеткіш көрсетіп келген құрылыс қарқыны маусым айында 0,5 пайызға көтерілген. Инфляция деңгейінің төмендеу үрдістері байқалды. Жыл басынан бері жалпы инфляцияның деңгейі 4,4 пайызды құрады. Бірақ бұл көрсеткіштер дағдарыстың толық еңсерілгенін көрсетпесе керек. Кейбір әлемдік сарапшылардың дағдарыстың әлі де бір құйтырқысы шығуы ықтимал екендігін болжаған жорамалдары да БАҚ-та оқтын-оқтын жарияланып қалып жүр. Сондықтан «сақтансаң сақтармын» дегендей, қазіргі әлемдегі қаржы орталықтары мен қор биржаларындағы жағдай әрдайым сақтықты қажет етеді [30].

Дағдарыс — әлем экономикасы үшін жиі кездесетін жағдай емес. Дегенмен кез келген экономикалық күйзеліс мемлекетті соның ыңғайына қарай әрекет етуге мәжбүрлейді. Мемлекеттердегі қиындықтар бір-біріне ықпал етіп, әлемдегі экономикалық күйзелістің туындауына себеп болады. Ал әлем бойынша бір-біріне ықпал еткен ең ірі дағдарыстар туралы айтсақ.

1857–1858 жыл. Әлемдегі алғашқы экономикалық дағдарыс:

1857 жылдың күзінде АҚШ-тың қор нарығындағы баға белгіленімі құлдырады. Мұның себебі — темір жол акцияларының алыпсатарлыққа ұшырауы және осыдан кейінгі америкалық банк жүйесінің күйреуі. Дәл осы жылы америкалық компаниялардың акцияларына инвестиция салып отырған Англия билігі де дағдарысқа ұшырады. Осыдан соң күйзеліс Германияға келіп жетті.

1849 жылдан бастап АҚШ-тың экономикасы өте жылдам дамиды. Банктер кәсіпкерлікті қаржыландыруға кірісті. Алайда астық тұқымының бағасы құлдырауы несие алғандардардың қарыздарын төлеуіне мүмкіндік берген жоқ. Халық арасында дүрбелең туып, жан сақтау үшін ұрлыққа бару жиі кездесті.  Огайо штатындағы провинциялық банктің қазынашысы ақшаны жымқыру себепті банк өзін банкрот деп жариялады. Жарты ай ішінде 200 банк жабылған. Несиелендіру саясаты тоқтатылды. Ал қаржыны тек 100 пайыз жылдық есеппен алуға болатын еді.

1857 жылдың 13 қазанынан бастап халық өз салымдарын алып, банкноттарды алтынға айырбастай бастады. Вексельдердің барлығы қолма-қол ақшаға айналдырылды. Таңертең ғана өз міндеттерін орындап, ақша таратып отырған Нью-Йорк банкі жұмыс күні аяқталғанда банкрот болды.   Қор биржасында акция курстары құлдырады. Америкадан кейін  Англия банктері де банкрот болды. Тоқыма және авто өндірісі тоқырауға ұшырады. Ал 1957 жылдың желтоқсан айында дағдарыс Германияға келіп жетті.

Нәтижесі: Дегенмен дағдарыс уақыты тым ұзаққа барған жоқ. 1958 жылы америка билігі қалпына келе бастады.  Банкрот болған кәсіпорындар орнына басқа компаниялар келді. Англия бастапқы кезде жағдайды қайта қаржыландыру бойынша шешуді қолға алғанмен, кейін банкноттар эмиссиясы жолын таңдады. Ал Германияны дағдарыстан  несиені күміспен беру арқылы Австрия құтқарып қалды.

1873–1896 жыл. Ұзақ мерзімді депрессия: 

1873 жылдың мамыр айында Венаның қор биржасында баға құлдырауының әсерінен ұзақ уақытқа созылған тарихи қаржылық дағдарыс басталды. Себебі — Австро-Венгрия мен Германия елінде жылжымайтын мүлік нарығының қарқынды өсуі. Құрылыс жүргізушілерге көптеп несие берілді. Біра олардың көпшілігі есепсіз төленбей жатты. Осылайша Еуропада басталған күйзеліс АҚШ-қа, одан соң Ресей еліне жетті.

ХІХ ғасырдың соңында Аустро-Венгрия, Германия және Фрнция билігі құрылысы үшін мөлшерлемені арттырды. Нысанды салушыларға несие беретін банктер ашылды. Алғашқы ипотека қағазы да осы жылы пайда болды. ҚҰрылыс компаниялардың қарыздары көбейе бастады. Артынша, жылжымайтын мүлік бағасы көтеріліп, 1873 жылдың 9 мамырында Венаның қор биржасы құлады. Соңынан Амстердам мен Цюрих нарығы құдырады. Осыдан соң Еуропа биржаларында дүрбелең болып, германиялық банктер америкалықтарға берген қарыз мерзімін ұзартудан бас тартты. Сөйтіп, дағдарыс АҚШ-қа қадам басты.

1873 жылдың қыркүйегінде америкалық теміржол девелопері, инвестициялық Jay Cooke & Co. компаниясы қарызын өтей алған жоқ. Баға белгіленімі құлдыраған соң, Нью-Йорктің қор орталығы жабылды. Орта және шағын бизнестер үшін несие берілмейтін болды. Жұмыссыздық деңгейі 25-30 пайызға жетті.

Нәтижесі: Алайда бұл дағдарыстан да құтылуға мүмкіндік туды. Қаржы дағдарысынан шығуда америкалық ірі банкирлердің бірі Дж.П.Морганның әсері көп болған деседі. Ол АҚШ-тың қаржы министрлігіне 62 млн доллар алтын жеткізген. Бұл қарыздардан құтылуға көмектеседі. Осыдан соң біртіндеп корпорациялар ашыла бастайды. Бірнеше жыл өткен соң Edison General Electric Company-ны құрады. 1896 жылы АҚШ-тың алғашқы Dow Jones Industrial Average индексі тарихқа енеді.

1907 жылғы Ұлы дүрбелең:

Бірнеше сарапшылардың сөзінше, осы жылы тарихтағы ең үлкен дағдарыс орын алады. Күйзеліс бірден 9 мемлекетке әсер етеді. Себебі  — Англия банкі өздерінің алтын резервтерін толытыру мақсатында есеп мөлшерлемесін 1906 жылы 3,5%-дан 6%-ға көтереді. Сондай-ақ, Сан-Францискода болған жер сілкінісі әсерінен жылжымайтын мүлікті сақтандыру келісім-шарттары бойынша қаржы төлемі 1906 жылы Ұлыбританияның қаражатының шетелге кетуіне себепші болды. Осы себепті де Англия есеп мөлшерлемесін екі есе арттырды.

 1907 жылы Нью-Йорктың қор нарығы күйреп, күйзеліс 6 айға созылды. Тоғыз ай ішінде Dow Jones Industrial Average индексі 40%-ға дейін төмендеді. Дағдарыстың әсерінен коммерциялық компаниялар зардап шеге бастады. Халық банк жүйесін қолдануды шеттетті. Осының салдарынан банк секторы банкротқа ұшырады. Қаржы институттарындағы қаржы жетіспеушілігі мемлекеттегі дағдарысқа алып келді.

profi-forex.org

Қаржы министрлігі мемлекетті дағдарыстн шығаруға қауқары жетпей, АҚШ президенті Теодор Рузвельт министрлік арқылы елдегі ең ірі қаржы олигархы Джон Пирпонт Морганнан көмек сұрады. Ол банктерге 10 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 25 млн доллар көлемінде қаржы берді. Сондй-ақ, ірі акциялардан бас тартуды ұсынды. 1907 жылдың желтоқсан айында нарықтағы жағдай реттеле бастады.

Нәтижесі: 25 банк пен 17 трест банкрот болды;


Штаттағы жұмыссыздар саны 8%-ға артты. Ұлыбритания мен АҚШ-та өндіріс көлемі 15% және 6%-ға қысқарды; 1913 жылы АҚШ-та орталық банк — Федералды резервті жүйе құрылды.

1929-1933 жыл.  Ұлы күйзеліс:

Ұлы күйзеліс 1929 жылы басталып, 1933 жылға дейін созылды. Осыған дейінгідей ұлы держава АҚШ-та басталды. Әдетте «Ұлы күйзеліс» термині Америкаға ғана қатысты қолданылады, өзге елдерде әлемдік дағдарыс деп есептеледі.

Merrill, Lynch & Co сынды танымал инвестициялық компаниялардың иесі Чарльз Меррилл өзінің клиенттерінен жоғарғы бағаны ұсына отырып акцияларды сатуды ұсынады. Себебі ол елдегі дағдарыс болатынын білген еді. 1929 жылдың қазан айында Нью-Йорк қор биржасында үлкен өзгерістер орын алып, акция курсы құлдырады. Бұл күн тариха «қара бейсенбі» деп аталды. АҚШ Президенті Герберт Гувер халыққа жодау жасап, биржадағы жағдайды экономикалық мәселе емес, техникалық себеп деп түсіндірді.

Шалва Куртишвили атты жазушының мақаласында берілген мәлімет бойынша, Нью-Йорк қор биржасындағы акциялардың баға белгіленімі 1 қыркүйекте 9 млрд долларға тең болған. 1932 бұл сан 16 млдр долларға жетеді. Акция иелері 74 млрд доллар көлемінде шығын шегеді. Соңғы сан дүнижүзілік соғыс кезінде екі есе өсті. Американың ұлттық кірісі 1929 жылдан 1933 жылға дейін 87,8 млрд доллардан 40,2 млрд долларға төмендейді. 135 мыңға жуық кәсіпорындар мен қаржы компаниялары шығынға ұшырайды. Тіпті бірде-бір кішігірім орындардың өзі бұл дағдарыстан айналып шыға алмайды.

Дағдарыс жұмыссыздар санының артуына әкелді. 1932 жылдың басында Герберт Гувер жағдайды алдын алу үшін бағдарлама ұйымдастырмақ болады. Алайда бұдан еш нәтиже болмайды. 1933 жылғы есеп бойынша жұмысқа қабілетті халықтың 17%-ы жұмыссыз қалды.

Нәтижесі: Үш жыл ішінде 4835 банк банкрот болды;
АҚШ-тың өзінде ғана 109 фирма тарап кетті; Елдегі жұмыссыздардың саны 35 млн адамға жетті; Өндіріс белсенділігі АҚШ-та 46%-ға, Ұлыбританияда 24%-ға, в Германияда 41%-ға, Францияда 32%-ға қысқарды.

1973-1975 жыл. Энергетикалық дағдарыс:

1973 жылы әлемде алғаш рет энергетикалық дағдарыс орын алды. Бұған ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін азайтуы әсер етті. Мұнай өндіруші елдер қара алтынды аз мөлшерде өндіру арқылы әлемдік нарықта бағаны өсіруге тырысты. 1973 жылдың 16 қазанында мұнай бағасы барреліне 3 доллардан 5 долларға дейн өсті. 1974 жылы баға 12 долларға жетті.

АҚШ, Англия, Германия, Жапония және Батыс Еуропа елдерін жайлаған экономикалық дағдарыс басталды. Мұны экономистер  1929-1933 жылдардағы «Ұлы күйзеліспен» салыстырды.

АҚШ-та банкрот болған банктер саны 1974 жылы 1973 жылмен салыстырғанда 6%-ға, Жапонияда — 42%, Германияда — на 40%, Ұлыбританияда — 47%, Францияда — 27%-ға өсті. Салдарынан қаржы саласында, несие нарығында көптеген биржалық күйреу орын алды. 1974 жылғы дағдарыс коммерциялық банктерге 2 млрд доллар көлемінде шығын әкелді.

Нәтижесі: 1973 жылы болған мұнай дағдарысы алғашқы энергетикалық дағдарыс болды; Штатта өздерінің жеке мүліктері мен үйлерін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың банкрот болу туралы заң шығарылды;


1974-1975 жылдары АҚШ-тың 21 мыңға жуық ірі және орта компаниясы банкрот болды.

2007-2009 жыл. Ұлы тоқырау: 2007 жылдың жазында басталған әлемдік дағдарыс «Ұлы тоқырау» деп аталды. Бұл АҚШ-тың ипотекалық тұрғын үй нарығындағы үлкен күйзелістен басталды. Ал 2008 жылдың көктемінде дағдарыс әлемнің барлық елінде орын алды.

2008 жылы АҚШ-тың тұрғын үй нарығы жеке бағасының 18 пайызын жоғалтып, 11,2 трлн долларға тең болды. Нарықтың мұндай дәрежеге жетуі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған алғашқы жағдай еді. Федералды резервті жүйе үй шаруашылығын арнайы бақылауға алды.

2008 жылдың күзінде америкалық Lehman Brothers банкі қарызға батып сотқа өздерінің банкрот болғаны және кредит берушілерден қорғау туралы өтініш жіберді. Осыдан соң Merrill Lynch және  Morgan Stanley банкрот болғаны туралы жария етті.

АҚШ банктерін қолдау мақсатында басқа да еуропалық банктер дағдарысқа тап болды. Ұлыбритания билігі Royal Bank of Scotland (RBC) және Lloyds банктерін акция пакеттерін сатып алу арқылы қаржы институттарды қайта қаржыландырды. Ал 2009 жылы үкімет қарамағына басқа банк жүйелері өтті. Осылайша, басқа да еуропалық мемлекеттер елдің экономикасы мен қаржы институттарына көмектесу үшін бағдарламалар енгізді.

Осыған қарамастан дағдарыс барлық елдерге әсер етті. 2008 жылдың қараша айында Жапония, артынша Канада ресми түрде рецессияны мойындады. Мұнай бағасы 147 доллардан 40 долларға түсті. Әлемдік баға құлдыраған соң дағдарыс Орталық және ШЫғыс Еуропа елдерін және бұрынғы КСРО елдерін жайлады.

Нәтижесі: 2008 жылы штатта 25 банк банкрот болып олардың активтері банк салымдарын сақтандырудың федералды корпорациясына (FDIC) өтті, 2009 жылы 140 банк күйреді; Америкадағы дағдарыс әсерінен корпорацияларға көмектесу үшін 4,62 трлн доллар қаржы жұмсалды.

2015 жылы басталған дағдарыс кезеңін көптеген сарапшылар 2008 жылмен салыстырады. Өткен жылдың басында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард мұнай бағасының төмендеуі және АҚШ-тағы өсімнің жоғарылауы әлемдік экономика келешегін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін айтқан еді.

«Көптеген елдер әлі де қаржылық дағдарыспен қоса өте көп мөлшерде  қарыздану және жұмыссыздықты  бастан өткеруде. Көптеген компаниялар және үй шаруашылығы болашаққа алаңдағандықтан инвестиция мен тұтынуды қысқартып жатыр», —  деген ол 2015 жылдың қаңтарында  Вашингтонда өткен халықаралық қатынастар Кеңесінде.

Кристин Лагардтың болжамы бойынша, геосаяси қауіптер болады. «Украинадағы жағдайларға қолдау көрсететін Халықаралық валюта қорынан қосымша халықаралық көмек керек. Осыған байланысты, ынталандырушы монетарлық саясатты  сақтау маңызды. Ал, оның нормализациясы экономикалық өсім мен жұмысбастылық ара-қатынасында орнықты болуға тиіс»-деп атап өткен К.Лагард.

Сонымен, Кристин Лагардтың жоғарыда айтылған болжамдары дәл келді деуге болады. Мұнай бағасы төмендеді, Қытайдың қор нарығы құлдырады, АҚШ ФРЖ мөлшерлемесін 0 пайыздан 0,25 пайызға көтерді. Мұнай өндіруші державаларда мұнай өндірісі артты. АҚШ пен Еуроодақ елдерінен бөлек мемлекеттерде геосаяси шиеленістер туындады.

2015 жылы басталған дағдарыс әлі шегіне жеткен жоқ. Бұл дағдарыстың енді қаншаға созылатыны да әзірге белгісіз.

Себептері:


  1. Қор нарығындағы «көпіршік кеңістік». Соңғы уақытта қор нарығы тым жақсы көрсеткішке жетіп жүрді. Сарапшылардың сөзінше, белгілі бір уақытта бұл көпіршік жарылып кетуі мүмкін.

  2. Қытайдың банк секторы. Дағдарыс Қытайдағы көлеңкелі банк секторының өсуіне себепке болуы мүмкін. Бұл сектор тіпті мемлекеттік институттарға да жоғары пайызбен несие береді. Егер олар дефолтқа ұшыраса, әлемдік экономикаға да әсер етпей қоймайды.

  3. Энергетикалық дағдарыс. Егер АҚШ газ экспорттай бастаса, Ресей мұхиттың ар жағынан қауіп сезіп, геосаяси жағдайды одан әрі шиеленістіре түспек. Ал энергетика саласында басымдылыққа ие болған АҚШ Ұлыбритания мен Үндістанды, Жапонияны өз жағына тарта бастайды. Мұның барлығы геосаяси жағдайдың ушығып кетуіне себеп болады.

  4. Тұрғын-үй нарығындағы «көпіршік кеңістік». Бұл саладағы көпіршіктің ұлғая түсу қаупі Бразилия, Қытай, Канада және Германия елдерінде бар. Аталған елдердегі несиенің қолжетімділігінен баға шарықтап, нақты құнынан да тым көбейіп кетті.

  5. Компаниялардың үлесі және рейтинг. Компанияларда қарыздың тым көп болғандығы сондай,  ВВВ рейтингі қалыпты деп танылды. АҚШ-та ААА рейтингісіндегі 3 компания ғана қалды: ExxonMobil, Microsoft және Johnson&Johnson. Егер рейтингтер кәсіпорындардың банкроттыққа қаншалықты  жақын екендігін аңғартатын болса, жаппай дефолт күтуге болады.

  6. Соғыс. Қазір АҚШ пен Еуроодақтан бөлек барлық аймақта геосаяси шиеленіс арта түсті. Ал Қрымның айналасындағы тәрізді жағдайлар нарықтың құлдырауына да себеп болады.

  7. Кедейліктің өсуі. Кедейлер одан әрі кедейлене түскен сайын, әлеуметтік жағдай ушыға түсуі мүмкін.

  8. Қолма-қол ақша және гиперинфляция. Орталық банктер мен корпорациялардағы қолма-қол ақшаның тым көп болуы экономикаға зиянын тигізеді. Еуропалық Орталық банк қайтадан өздеріне салу үшін қаржы инстиуттарына қарызға ақша беруін жалғастыруда. Мұндай тұйық шеңбердің әсерінен  Google Ирландияның бақылау акцияларын, ал «Майкрсофт» Сингапурдың 50 пайызын сатып алатындай дәрежеге жетуі мүмкін [31].

Әлемдік экономикалық дағдарыстың біртіндеп саябырсығандығы байқалғанмен, оның жалғасу ықтималдығы азайған жоқ. Бұл тұжырымдамаға дәлел ретінде бірнеше дәйек келтірейік, экономикалық дағдарыстың алғышарттарын анықтап көрейік.

Біріншіден, әлемдік экономика АҚШ секілді негізгі тұтынушы нарықтың көрсеткішіне арқа сүйеді. Яғни американ экономикасының жағдайына байланысты өзге елдер өз экономикалық стратегиясын анықтап, соған қарап бой түзеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Брейтонвудтық валюталық жүйе американ долларының үстемдігін орнатты. Логика бойынша американ доллары өзінің төлемдік мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алтынға, ал әлемнің өзге мемлекеттерінің валютасы өз төлем мүмкіндігін долларға байланысты айқындады. Бұл жүйе екніші дүниежүзілік соғыстан жапа шеккен мемлекеттердің бюджетін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Ол кезде Маршалл жоспары бойынша Еуропа елдерінің экономикасын қалпына келтіру жолындағы көмек тек АҚШ доллары арқылы берілді, яғни әлемдегі АҚШ долларының резервтік валютаға айналуына барлық жағдай жасалды. Алайда, АҚШ пен КСРО арасында геостратегиялық бәсекелестікті қамтамасыз етуге деген ынта АҚШ шығындарының өсуіне алып келді. Нәтижесінде долларды алтынмен қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеле бастады. АҚШ бұл жағдайда президент Ричард Никсон тұсында долларды алтынмен қамтамасыз етуден бас тартты. Әрине әлемдік экономика тұрғысынан бұл жағымсыз құбылыс қарсылық тудырды. Франция президенті генерал Шарль де Голль өз елінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін АҚШ доллары тиеген екі кеме жіберіп алтынға айырбастатса, Германия да осы жолды қолдайтындығын жасырмады. Дегенмен өзге мемлекеттер, ал уақыт өте келе Франция мен Германия да АҚШ-тың ақша шығыратын станогына тәуелді екендігін мойындап, өзінің алтын қорларының негізгі бөлігі АҚШ долларынан тұратындығын ескере отырып Ақ үй әкімшілігімен келісуге мәжбүр болды. Бұл үдеріс бүгінгі күні де жалғасуда. Тұжырымдық тұрғыдан ештеңе өзгерген жоқ. Барлық дерлік мемлекеттер өзінің алтын қорын әлі күнге дейін АҚШ долларында ұстап келе жатыр. Бұл әлемдік экономика АҚШ долларына тәуелділіктен айрылған жоқ деген тұжырымдамаға әкеледі. Әлемдік дағдарыстың негізгі себептерінің бірі резервтік валютаның АҚШ доллары болуы өзгері-ссіз қалып отыр. Бұған дәлел ретінде соңғы уақыттарда орын алған ТМД елдеріндегі валюталық өзгерістерді айтуға болады.

АҚШ-тың бюджеттік саясаты дағдарыс уақытында үлкен өзгерістерсіз өз жалғасын тапты. Ақ үй әкімшілігі ештеңемен қамтамасыз етілмеген доллардың эмиссиясын көбейтпесе азайтқан жоқ. Мемлекеттік билік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеке банктер мен инвестициялық компаниялардың шығындары мен қаржылық міндеткерліктерін кеңінен сатып алуға кірісті. Бұл процесті қаржылай қамтамасыз ету үшін жаңа доллар толқыны басылып шығарылды. Обама Үкіметінің зардап шеккен әлеуметтік топтарды қолдау саясаты шығындар қатарын онан әрі молайтты. Бұл үшін станокта тағы жаңа ақша басылды, яғни тұжырымдамалық және институционалдық тұрғыдан АҚШ экономикасында үлкен өзгерістер болды деуге негіз жоқ. Бұл дағдарыстың институционалды яғни жүйелік негіздері жойылған жоқ дегенді білдіреді.

         Дағдарыстың екінші себебі АҚШ экономикасының өсу орнына тежелуі болатын. Бұл бірінші кезекте экономиканың жүйелік диверсификацияланбауынан туындаған дағдарыс еді. Яғни ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бері дамыған елдердің экономикасында өндіріс, ауыл шаруашылығы секілді материалды секторларға қарағанда қызмет көрсету саласы басымдыққа ие болды. Жалпы ұлттық өнімнің негізгі бөлігін интеллектуалды еңбек пен қызмет көрсетуден құралуы және экономиканың дамығандығының негізгі көрсеткіші ретінде мойындалуы бұл салаға басымдық беруге итермеледі.

Алайда, қызмет көрсету саласының бір ерекшелігі тәуекелдің жоғарылығында. Нақты тауар өндірісінде негізгі кепіл тауардың өзі, яғни материалдық құндылық болып есептелсе, қызмет көрсету саласында кепіл ретінде идея немесе ой бағаланады. Шын мәнінде бұл ойдың дұрыс бұрыстығы, қолданысқа ену мүмкіндігі тек тұтыныс барысында анықталады. Ал идея тұтынудан бұрын түрлі инвестицияларды талап етеді. Яғни шын мәнінде идея немесе интеллектуалды меншік жарамсыз деп табылған жағдайда бұл шығындардың орны толмасы анық. Бұл экономиканың құрылымдық ерекшелігі  әлі күнге дейін аяғына дейін шешілмеген күрделі мәселе күйінде қалып отыр.

Бұдан басқа дағдарыстың әлемдік сипатқа ие болуы осы уақытқа дейін белсенді өсім көрсетіп келе жатқан Қытай, Ресей секілді мемлекеттердің экономикалық өсімін кешеуілдетуде. Бұл әсіресе экспортының негізгі бөлігін шикізат құрайтын мемлекеттерге қауіпті құбылыс. Себебі, шикізатты өсім үстіндегі экономика ғана белсенді тұтына алады. Сұраныстың төмендеуі шикізат құнын төмендетеді. Тиісінше шикізатқа деген сұраныстың азаюы шикізат экспортымен айналысатын елдердің табысын азайтады. Бұдан әрі қарай бұл жүйелік дағдарысқа әкелуі заңды. Себебі жеткілікті дәрежеде диверсификацияланбаған экономика жағдайында, мемлекеттің шығындарын қалыпты ұстап тұру қиындықтар тудырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономиканы әртараптандыру мен даму бағдарламаларына қаржы бөлу мүмкіндігін шектейді.

Дағдарыстың үшінші себебі - ретсіз тұтынудың нәтижесінде материалдық құндылық құнының өсуі. Инвестициялардың ең жылдам пайда әкелетін, қайтарымдысы - құнды қағаздарға салынған инвестициялар болып табылады. Бұл қаржы нарығының жылдам өсуіне тікелей ықпал еткен факторлардың бірі. Қаржы нарығындағы алыпсатарлық (спекуляция) құнды қағаздардың құнын еселеп арттырып жіберді. Ал компаниялардың табысы өзгерісссіз қалды. Бұл жағдайда табыстың инвестициялар көлеміне сай келмеуі инвестициялардың бұл салалардан кетуіне себепкер болды. Тиісінше бұл құнды қағаздар нарығының қаншалықты қорғансыз екендігін көрсетті. Себебі құнды қағаздар құнының құлдырауы инвестициялық компаниялар табысының төмендеуі және олардың несиелік мүмкіндігінің төмендеуімен ерекшеленді. Тиісінше АҚШ Үкіметі бұл мәселені шешу үшін ең ірі инвестициялық компаниялар мен банктердің несиелері мен қарыздарын сатып алуға мәжбүр болды.  Бұл тағы да ештеңемен қамтамасыз етілмеген доллар басу үдерісін жалғастырды.

Оның үстіне бұл қаржыны қамтамасыз ету үшін мемлекет өзі қарыздық міндеткерліктерді мойнына алуға мәжбүр болды. Мемлекеттің реттеушілік рөлі мұнда шығындардың көбеюіне соқтырғандығы сөзсіз. Әрине инвестициялық компаниялардың ақшамен толықтыру саясаты қысқа мерзімді басымдықтарда тиімділік көрсеткенімен, ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ете алмайтындығы анық. Бұл мәселені басқа тұсынан қарастырар болсақ, дағдарыстың бастамасы қамтамасыз етілмеген несиелер берумен айналысқан бірқатар ипотекалық компаниялар банкроттығынан болды. Шын мәнінде американдық қаржыгерлердің қаржылық тәуекелді есептеудегі басты ерекшелігі оны дұрыс жоспарламауында.

Мысалы: Сіздің төлем мүмкіндігіңіз жоғары делік. Яғни, банк Сізге несие бергенде Сіздің жұмыстан табысыңыздың төмендеу немесе жоғарылау мүмкіндігін, жасыңызды және нарықтың даму тенденцияларын ескере отырып несие береді. Ал ,Сізбен бірдей дәрежеде несие алатын өзге адамның төлеу мүмкіндігі Сізден төмен және әлеуметтік жағдайы тұрақсыз делік. Бұл жағдайда банк элементарлы есепті негізге ала отырып, екі борышкерге тең шарттарда несие беріп, тиісінше тәуекелді екі тұлғаның арасында тең бөледі. Бірінші санаттағы табысы тұрақты борышкерлердің саны азаюына байланысты, несие беруші бұл процесті тоқтатпай қайта тәуекелі мол кредиторларға қарыз беруге мәжбүр.

Бұл процесс бірнеше заңдылыққа негізделеді:

– кез келген инвестор қаражаттың жай жатқанша, айналымға түсіп табыс әкелуін қалайды. Демек, логикалық тұрғыдан тәуекелі мол болса да ипотека секілді күмәнді жеке кредиттерді беруге мәжбүр;

– банктердің несие беру саясатына экономиканың жекелеген секторлары, әсіресе, құрылыс тәуелді. Құрылыс компанияларының өздері бұл банктің борышқоры болып табылады. Яғни құрылыс компаниясының табысының өсуі банк табысының өсуіне ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде қамтамасыз етілмеген борыштардың көбеюіне әкеледі;

– ипотекалық сектордың дамуы жылжымайтын мүлік құнының өсуіне тікелей ықпал етеді. Себебі нарық заңы бойынша нарықтағы бағаны белгілейтін – сұраныс. Жеңіл алынатын кредиттер тұтынысының көбеюі тиісінше жылжымайтын мүлік құнының өсіміне алып келеді. Бұл өз кезегінде банкте кепілдемеде тұрған жылжымайтын мүліктің құны тұрақты түрде өсуіне жағдай жасайды. Алайда, ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие берілуі оның қайтарым мүкіндігімен шектеледі, тиісінше, несие қайтарылмайды. Несие қайтарылмаған жағдайда банк өз шығындарының орнын толтыру үшін жылжымайтын мүлікті нарыққа шығарады. Бұл жағдайдың жүйелі түрде қайталануы жүйелік дағдарыс тудырады. Осы тенденциялар тек АҚШ-та емес, өзге де мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да орын алуда. Альянс Банктің банкроттыққа ұшырауының негізгі себебінің бірі жеткілікті қаматамасыз етілмеген жеке несиелердің берілуінде. Мемлекеттердің бұл сектордағы жағдайды оңтайландыруды тырысқанымен, дағдарыстың бұл себебі де оң шешімін таппады.

Тағы бір себеп ретінде Ресейдің Қырымды қосып алуына байланысты халықаралық қауымдастық тарапынан қолданылып отырған ықтимал санкцияларды қосыңыз. Еуропаның альтернативті қайнар көздерден шикізат алуы, қаржылық саладағы санкциялар сөзсіз тек қана аймақтық экономикаға емес, ғаламдық экономикаға да кері әсерін тигізбей қоймасы анық.

 Қазақстан экономикасының негізгі экспорттаушы өнімдері шикізат болғандықтан әлемдік экономиканың дамуының тежелуі шикізат тұтынуды шектейді, оның үстіне Ресейге қолданылатын санкциялар шикізатпен байланысты болса экономикалық шығындардың көбеюіне алып келуі мүмкін.

АҚШ пен Ресей арасында орын алуы мүмкін валюталық «соғыстың» нәтижелері Қазақстан ұлттық валютасына кері әсерін тигізуі ықтимал. Себебі Қазақстанның алтын қоры валюталық қақтығысқа қатысу ықтималдығы бар барлық тараптармен тығыз байланысты, өйткені әлемдік нарықта шикізатты саудалау АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Яғни мемлекетке кіріс АҚШ долларымен келеді. Алтын қорымыздың бір бөлігі Еуропада сақталатындығы да белгілі жәйт. Ал Ресей болса Қазақстанның бүгінгі күні ең ірі экономикалық әріптесі. Рубльдің құлдырауы ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттігін сақтап қалу мақсатында теңгенің арзандауына да ықпал ететіндігі сөзсіз [32].

        




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет