II. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЕЛЕКЕТТІК- ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ
2.1 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Орта және шағын кәсіпкерлік — экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторларының бірі. Жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және аудандардың экономикасын тұрақтандыруда шағын бизнес шешуші фактор болып табылады. Шағын бизнес үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60 пaйызы, жаңа жұмыс oрындaрының 70-80 пaйызы келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер жaлпы ішкі өнімнің елеулі бөлігін құрaйды. Oрта және шaғын кәсіпкерлік нарықтық қатынастaрды алға жетелеуші буын бoлғандықтан кәсіпкерліктің бұл түрлерін дамытпай нaрықтық экономиканы дамыту мүмкін емес.
Кәсіпкерлік іс қана экономиканың өте икемді саласы, себебі, адамдардың өз кәсібін қабілетіне сай игеруі тез әрі жеңіл, өйткені, ол сүйікті ісімен шұғылданушы, сол үшін саналы түрде тәуекелге де барады. Тағы бір ерекшелігі, шағын және орта кәсіпкерлік – бұл отандық тауарлы өндірістің негізі, демек, ұлттық экономиканың негізі. Дамыған елдерде, мысалы, Жапонияда шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95 пайызынан асады, елдегі өндірілетін ішкі жалпы өнім көлеміндегі жеке кәсіпкерліктің үлесі 50 пайызды құрайды. Өндірісті жерде тұрақты жұмыс орындары болады, тұрғындар ұлттық өнімдермен қамтамасыз етіледі, ұлттық мүдде ескеріледі, игілік елде қалады, қоғам көркейеді.
Кәсіпкерлік эконoмиканың бәсекелeстігін, серпінділігін жәнe көп тарaптылығын қамтамасыз етеді. Оны oтандық өндіріс негізіндe дамыту нарықтың жаңа тауарлар мен қызметтерге тез тoлуын қамтамасыз етеді, жергілікті монoполияның қарқын алуын тежейді. Сонымен бірге, ол жергілікті шикізат ресурстaрын және өндіріс қалдықтaрын тиімді пайдалануғa, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге оң әсер етеді. Сондай-ақ, халықтың бей-берекет миграциясын азaйтады, тұрғындардың табыстары мен тұрмыс деңгейін көтеругe де oң ықпaл етеді.
Ғалымдар экономикалық дағдарыс пен тоқырау жағдайларында да шағын және орта бизнестің маңыздылығы мен рөлінің артатынын айтады. Олай болса, шағын бизнес арқылы экономиканы жаңғырту мүмкіндігі де мол. Президент Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновацияларды ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттық әлеуетті ұлғайтатын басты көз де солар болуы тиіс», деп кәсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударды.
Елбасы өзінің жолдауларында нарықтық қатынастар мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде кәсіпкерлікті дамыту мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Осы міндеттерді орындауда кәсіпкерліктің маңыздылығы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен және экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылатындығымен анықталады. Себебі, ұлттық инновациялық жүйені құру мемлекеттің кәсіпкерлік ортаны дамыту жағдайларын қамтамасыз ету қабілетімен тікелей байланысты. Жалпы, кәсіпкерлік ортаны дамыту экономикалық әлуетті арттырудың бірден-бір жолы болса, ол инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асады [16].
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Нарықтық экономикада мемлекеттік меншіктің үлесі мүмкіндігінше азайып, жеке сектордың үлесі басым болып келеді. Қазақстанда 1993-1995 жылдарды мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы негізінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән берілді. Осы кезеңнен бастап шағын бизнесті дамыту, оған түрлі жағдайлар жасау және оны мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жұмыстары жүргізілуде. Себебі, шағын бизнесті дамыту ол – кез-келген ел экономикасының негізі. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырып, халықтың сатып алу қабілетін арттыруға және ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді. Нәтижесінде, шағын бизнес жүздеген адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына Жолдауында «Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі» - деп атап өтті [17].
Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 3 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпкерліктің ел экономикасының тұрақты сегменті ретінде қалыптасуына Қазақстан үкіметі көп жылдан бері ерекше көңіл бөліп келеді. Осы тұрғыда кәсіпкерлікті қолдаудың әр түрлі бағдарламасы әзірленіп, әкімшілік кедергілер бірте-бірте азаюда. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының бағалауы бойынша, бұл жұмыс өзінің оң нәтижесін көрсетуде.
2.2 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістері
Шағын және орта бизнес үнемі мемлекет қолдауына зәру. Еліміздегі шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
а) шағын кәсіпкерлікті реттеу жөніндегі заңдарды жетілдіру;
ә) жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту орталықтарын, кәсіпкерлік инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалдық аймақтар және шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру;
б) бюджеттік қаражаттар есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
в) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік органдар қарамағында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелерді зерттеу және шағын ұсыныстарды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу институттарын құру жолдармен жүргізілетінін анықтайды;
г) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қаржылық институттарын құру;
ғ) кәсіпкерлік-инкубатор және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
д) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін, құрылыстарды сату [18].
Бүгінгі күнде шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында түрлі институттар бар. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмдері шағын кәсіпкерлікті қолдаудың дамыған инфрақұрылымы арқылы жүргізіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тұрақтануын және қалыптастыруын ынталандыру үшін мемлекеттік даму институттары құрылған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту механизмдері келесі жолдармен жүзеге асырылады:
қаржылық көмек көрсету;
шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ұйымдастыру; – кәсіпкерлік-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;
ШКС бір жылдан астам уақытта қолданбаған мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқаруға немесе жалға беру;
ШКС ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен келісімге отырғаннан кейін бір жылдан астам уақыттан соң өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыруға сенімді басқаруға немесе жалға берілген объектілерді қайтарымсыз негізде беру.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау мына жолдармен жүзеге асырылады:
а) мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарлардың (жұмыс, қызмет) көлемін кепілді сатып алу. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыс, қызмет) номенклатурасы, олардың көлемін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
ә) екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруді ұйымдастыру; экономика салаларында әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
б) арнайы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;
в) бюджеттік қаражаттар есебінен займдар беру.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады: табыстылықтың және өсімнің кепілі ретінде жеке меншікті қорғау. Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеке меншік институты кәсіпкерлері кез келген табыс алуды емес, алдағы уақытта өндірістің дамуы туралы ойлайды. Кәсіпкерлікке толықтай қолдау жасау саясатын жүргізу. Бұл саясат кәсіпкерлікті мемлекеттік даму бағдарламасы етіп жариялауды, кәсіпорын ашудың еркіндігін беруді, өндірістік қызметтің еркіндігін, жарғылық капитал талаптарына шек қоюды мәлімдейді. Импорттық тауарларға эмбарго жариялау. Отандық тауар өндірушіні қорғау үшін, импорттық тауарларға эмбарго жарияланып жатыр. Елге тамақ өнімдерінен бастап, машиналар мен механизмдерге дейін барлық тауарларды әкелген кезде америкалық кәсіпкерлерді қорғау үшін осындай шаралар қолданылды. Өз кезінде осындай саясат отандық кәсіпкерлерді сыртқы бәсекеден қорғауға, айналымдарын өсіріп алып, соңынан шетелдік фирмалармен бәсекеге түсуге мүмкіндік берді. Салықтық тарифтерді төмендету. Егер салықтар деңгейі теңгерімдік табыстан артық болса (45-50 %), бюджетке түсім көлемінің өсуі әуелі тоқтап, кейіннен төмендей бастайтыны белгілі: кәсіпкерлер салық төлеуді доғарады, бұл салықтық базаның қысқаруына әкеледі. Бұл эффект «Лаффер қисығы» деп аталады және ТМД елдерінде де, біздің елде де байқалады. Банктік жүйедегі өзгерістер. Кәсіпкерлікті дамытудағы қиын мәселелердің бірі фирмалары қаржылық қамтамасыз ету. Бастапқы кезеңде, кәсіпкерлердің қолында қаражат жоқ кезінде банктік несиелер қаржыландырудың жалғыз шешімі болып табылады. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, несиелендіру мерзімін ұзарту кәсіпкерлік белсенділік танытудың маңызды факторы болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту – қаржыландырудың екінші көзі, нақты инвестиция- лар түрінде ғана емес, технология, «ноу-хау» түрінде көмек алуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын, корпорация құру, акция шығару тәртіптемесін жеңілдету. Шектеулі жауапкершілік механизмін енгізу кәсіпкерлік қызметті белсендіреді. Кәсіпорынды тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, анықтамалар, талаптар санын қысқарту уақытты үнемдеп қана қоймай, кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құру процесіне қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарламаларда шағын кәсіпкерлікті қолдаудың – негізгі және қамтамасыз ететін екі түрі бөліп көрсетіледі. Негізгі бағдарламалардың мақсаты – кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға сәйкес кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға, ресурстардың қажетті түрлерімен (материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық) қамтамасыз етуге қызмет етеді. Жаңа құрылып жатқан кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің саясаты көп еңбекті, мемлекеттік қызмет тарапынан көп ұйымдастырушылық күштерді жұмылдыруды талап етеді, ол келесі 6 бағыт бойынша топтастырылуы мүмкін:
– шағын кәсіпорындарға көмек көрсету;
– шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;
– кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін (менеджментін) құруда көмек көрсету;
– шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау;
– кәсіпкерлік белсенділікті тиісті салық салу жүйесімен және басқа да реттеу механизмімен ынталандыру;
– қоғамда кәсіпкерлік климат орнату.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызмет құру, дамытуға қолайлы жағдай туғызатын шаралар кешенін сипаттайды. Қазақстан Республикасында осындай ұйымдар қатарына мемлекеттік және мемлекеттің тарапынан құрылған ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және шетел ұйымдары, коммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады. Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы төмендегідей анықталады: кәсіпкерліктің қалыптасуы, қызмет етуі, және дамуы кезінде мемлекеттік жәрдем беру және қолдау, қаржылық көмек, ақпараттық-сараптамалық көмек, білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыруда материалдық-техникалық көмек көрсету.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді [19].
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «Даму» Қорының жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
«Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде 18 жылдық тәжірибесі бар. 2010 жылға дейін «Даму» Қорының бағдарламаларының қатысушыларының көпшілік бөлігі екінші деңгей банктерінде қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларының шеңберінде қаржылық қолдау алған. Қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларын іске асыру шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетуде маңызды орын алды.
«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.
Қаржылық қолдау түрлері:
аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру;
субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;
кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру;
гранттық қаржыландыру.
Қаржылық емес қолдау түрлері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады:
«ШОБ топ-менеджментін оқыту», «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау», «StartUp Болашақ», «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» секілді көптеген тегін оқыту бағдарламалары мен жобалары.
бизнестің бейінді бағыттары бойынша тегін семинарлар мен шеберлік сабақтары;
ШОБ қолдау жөніндегі мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен бизнесті жүргізудің маңызды бағытары бойынша тегін консалтинг пен сервистік қызмет көрсету.
2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосудың арқасында «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдарының спектрі елеулі кеңи түсті. Соның ішінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнеске кеңес беріп қолдау және оқыту бағдарламаларын ауқымды іске асыру бастау алды.
«Даму» Қорының барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында он алты филиалы бар. Оқыту және кеңес беру бағдарламаларының аясында «Даму» Қоры бүкіл дерлік Қазақстанды қамтиды.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Даму» Қорымен 2012-2014 жылдары Кәсіпкерлердің құзыреті орталықтары құрылды. Нәтижесінде облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында 18 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, моноқалаларда 27 кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, аудан орталықтары мен шағын қалаларда 161 кәсіпкерлікті қолдау орталықтары және 14 кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары құрылды. 2015 жылдан бастап, «БЖК 2020» бағдарламасына сәйкес Қаржылай емес қолдау операторы, оның ішінде моноқалаларда, аудан орталықтарында және шағын қалаларда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының Операторы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.
Бүгінгі таңда «Даму» Қоры 2015-2018 жылдарға Кәсіпкерлік құзыретін арттырудың бірыңғай бағдарламасын іске асырып отыр, бұл бағдарлама аясында жаңа бастаған, және де әрекет ететін бизнеске қаржылай емес көмек көрсетіледі.
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы – бұл коммерциялық емес ұйым. «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Үкіметімен және мемлекеттік органдарымен бизнестің келіссөздік күшін кеңейту үшін құрылған. Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен кәсіпкерліктің, соның ішінде ішкі және сыртқы сауданың барлық салаларын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін ұсынады.
«Атамекен» ҰКП басты міндеті – бизнестің заңнамалық және өзге нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің қатыстырылу және кең ауқымды қамтамасыз ету және бизнес мүдделерін және құқықтарын қорғау болып табылады.
Ұлттық палатаның қызметі елдегі ұлттық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін бизнесті жүргізу шарттарын дамыту, тұрақтылық, инвестициялық, ресми климатты жақсартуға бағытталған.
ҰКП негізгі функциялары:
кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік;
аймақтардағы кәсіпкерлік қызмет талаптарын, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін өткізу;
кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу;
ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық өндірісті қолдау;
техникалық және кәсіби білімді дамыту, кадрларды аттестаттау және сертификаттау, біліктілігін арттыру кадрларды сертификаттау және аттестаттау, техникалық және кәсіби білімді дамыту;
кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
инвестицияларды тарту және экономиканы диверсификациялау.
Сонымен қатар, ҰКП мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда қазақстандық бизнесті белсенді тарту үшін шығады. Мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы ресми топтардың мүдделерін қорғайды. ҰКП шетелдік елдер қауымдастығының бизнеспен байланысын нығайтады және кеңейтеді [20].
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың заманауи жағдайы
Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Қазіргі кезде нарықтық экономиканың ерекшке секторы ретінде шағын кәсіпкерлік қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды.
Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы шешетін өзекті мәсәлелерінің бірі. Бұл тұрғыда негізгі мақсат-шағын кәсіпкеліктің экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады. Экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты — оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Негізгі басымдылықтар: мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс- қимылы; несиелендіру тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылым дамыту;
Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілері санының өсуі; жаңа жұмыс орындарының құрылуы; шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы; нақты бәсекелестік орта құру; қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселе қозғалғанда несие меселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі.
Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несие жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда шағын кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді.
Қаржы институттары; Қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары;
Халықаралық институттар.Микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихын, рентабельді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсіпкерлер үшін өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебінен кредит беруді жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттік қатынастар жүйесі деңгейін мемлекет тарапынан аз реттелуші болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушілердің нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдерді ескере отырып, аталған операциялардың қызметі басқа басқа кредиттік мекемелердің қызметімен салыстырғанда көлемі көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары өз қызметінде микрокредиттер берумен қатар өз тәуекелдерін төмендету үшін әлеуетті қарыз алушыларды шағын бизнесті жүргізу жөнінде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық міндеттерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсеңді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады [21].
Бірақ шағын және орта бизнестің рөлін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет [22].
Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық палатаның міндеттері:
кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
аумақтық деңгейде:
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);
қалалық және аудандық деңгейлерде:
тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары) [23].
Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.
Сондықтан, Президент Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті.
Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын болып табылады.
Сонымен, кәсіпкерлік – жаңа мүмкіндектерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларлы жаңарту және өркендету.
Шағын және орта бизнес ірі фирманың кішірейтілген моделі неемесе ірі фирмаға дейінгі аралық кезең болып саналмайды, ол өздігінше ерекше белгілері бар жеке, дербес модель ретінде айқындалған. Қазіргі уақытта еліміздің саясаты кәсіпкерлік идеясын кеңінен таратып, оның жан-жақты дамуына барлық жағдай жасауға бағытталған. Шағын және орта бизнесті қолдау бағытын айқындап және дамыта отырып, мемлекет оның статистикалық зерттелуіне де айрықша көңіл бөледі. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика комитетінің мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.
Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың қызмет ету мәселелері жан-жақты зерттелген шет елдерде осы кәсіпорындардың үйлесімді қызметін статистикалық есепке алудың бірқатар тиімді құрылымдары бар. Алайда шет елдік тәжрибені қазақстандық болмысқа дәлме-дәл тікелей көшіру мүмкін емес және ол шет елдегідей тез оң нәтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін шағын өндірістік кәсіпкерліктің айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпкер азаматтардың өз меншігіне немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген және заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.
Республикамыздағы шағын және орта бизнестің мәнін тереңірек түсінуге Қазақ КСР-ындағы шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді. 1990 жылдың тамыз айында Кеңес Одағы министрлер Кеңесінің жарлығымен шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы қабылданған Заңның негізінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің N 432 жарлығын қабылдау арқылы шағын кәсіпорындарды жіктемелеу әдістемесінде жұмыс істейтіндердің саны алынған. Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 8 сәуіріндегі N 499 жарғысына сәйкес келесідей:
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін;
- ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында жұмыскерлер саны 20 адамға дейін;
- көлік пен байланыс салаларында жұмыс істейтіндердің саны 25 адамға дейін;
- бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін, ал активтерінің жалпы құны 60 мың АЕК жоғары емес кәсіпорындар шағын деп есептелініп отыр. Орта кәсіпкерлікте – жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық активтері 352 мың АЕК дейін, ірі кәсіпкерлікте жұмысшылар саны 250 және одан жоғары, жылдық активтері 325 мың АЕК болатын кәсіпкерлік нысандары жатады.
Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің нысандары үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан тауарлары мен қызметтерінің маңыздылығын ескере отырып, әртүрлі жеңілдіктерді қолдану және жалпы құқықтық шарттарды қалыптастыру керектігіне мән берілуде.
Үкімет шағын және орта бизнестің дамуына айрықша қолдау көрсетуде. Аталған саланы дамытуға бағытталған көптеген жобалар іске қосылды.
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің басты көрсеткішіне айналды. Сонымен қатар, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың 20 басымдығы тұжырымдалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат болып танылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан–2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді.
Республикамызда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік деңгейдегі мынадай іс-шаралар кешенін жүргізу керек:
шағын және орта бизнесті статистикалық мониторингілеу (кәсіпкерлерге атаулы көмек беруді жеңілдету үшін);
салық салу базасын жетілдіру;
салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;
қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;
шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік- экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.
Өтпелі экономикада шағын және орта кәсіпкерлік пен бизнестің біртіндеп қалыптасуы – заңды құбылыс. Мемлекет тарапынан жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді уақыттың өзі түзеп отыратыны да белгілі. Республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсенді бөлігінің – шағын кәсіпкерлік пен орта бизнестің дамуына даңғыл жол ашады.
Шағын кәсіпкерлік пен орта бизнесті аймақтық дамыту, ең алдымен, өндірістік секторды көтеруге, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының неғұрлым көп санын құруға, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік орта мен неғұрлым жоғары деңгейде өзара іс-қимыл жасауына бағытталатын болады. Аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыту тек халықты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалық іргелі мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді.
Кәсіпкерлік белсенділік көп қырлы түсінік болып табылады, халықтың жаңа компаниялардың құрылуына, әрекет етушілерді басқаруға араласуын, бизнесті жабуды сипаттайды. Кәсіпкерлік белсенділік – бұл динамикалық үдеріс, сондықтан GEM («Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі» жобасы) кәсіпкерліктің компания құру туралы ойдың пайда болуынан бастап қалыптасқан кәсіпкерге дейінгі түрлі кезеңдерді талдайды. Кәсіпкерлік белсенділікті құраушылардың әртүрлі болуы жаңа бизнес орындарын құру үдерісіндегі ерекшеліктері көруге мүмкіндік береді. Осылайша, жаңадан құрылған бизнес иелері мен кәсіпкерлер саны ресурсты бағдарланған экономикада жоғары болатындығын пайымдауға болады, себебі олардың басым көпшілігі экономикалық қажеттілікпен пайда болған. Инновацияға бағдарланған елдерде ресурстық және нәтижеге бағдарланғандармен салыстырғанда инновацияға бағдарланғандар саны басым [24].
Экономикалық серіктестік пен даму ұйымы (бұдан әрі- ЭСДҰ) елдерінде кәсіпкерлік жағдайына мониторинг жүргізіледі, оның мақсаты болып кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы тұрақты мағлұматтармен қамтамасыз ету табылады. Ең қолайлы деген төрт негізгі көрсеткіш таңдалған, олар ұлттық, салалық және аймақтық деңгейді қамтиды.
Жаңа бизнес start-up-тар саны (жаңадан бастаған кәсіпорындар).
Олар бірнеше әдістермен өлшенеді:
кәсіпорынды тіркеу;
салық декларациясы;
лицензия алуға деген өтініш беру;
сондай-ақ (кейбір секторларда), санақтар немесе іріктемелер.
Ұйымдастырушылық құрылым мен тіркеу рәсімдері бойынша шағын бизнестің бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: жеке кәсіпкерлер, серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі компаниялар және т.б.
Шағын және орта бизнестің өміршеңдігі.
Бұл көрсеткішті мониторингілеу мынадай саясатты әзірлеуге қажет, яғни мемлекеттік қолдау жабылу қаупі үлкен жаңадан пайда болған кәсіпорындарға емес, бұрыннан бар кәсіпорындарға көрсетіледі.
Шағын және орта бизнес секторының өсімі.
Шағын және орта бизнес секторының өміршеңдігі мен өсуі бойынша аймақтар арасында үлкен айырмашылықтар бар. Шағын және орта бизнестің әлеуеті жоғары аймақтарда әлсіз бизнес-секторы бар аймақтармен салыстырғанда экономикалық өсім айтарлықтай жоғары болады. Сонымен, әрбір аймаққа ШОБ дамыту стратегиясы керек деп айтуға болады.
Қатынастарды өлшеу.
Шағын және орта бизнес секторы жағдайы мен даму мониторингі бизнесті бастау мен дамытуға қатынасты өлшеуді де қамтуы мүмкін.
Алынған индекстердің мәні, сонымен бірге елдердің осы мониторинг бойынша орналасқан орындары тиісті халықаралық ұйымдармен олардың есептерінде жарияланады. Бұл есептерден индекстерді қалыптастырудың методологиялық тәсілдемелерін, қолданылып отырған көрсеткіштердің тізімі туралы ақпаратты пайдалануға болады. Индексті қалыптастырудың жан-жақты үлгілері мен бағдарламалары тиісті ұйымдардың интеллектуалды меншігі болып табылады және де таратылмайды.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды диагностикалау мақсатында кәсіпкерлікті дамытудың факторларын талдау үшін көрсеткіштер панелі әзірленді, Қазақстан Республикасындағы жағдаймен салыстырмалы талдау жүргізу үшін басқа елдердің панелі тұжырымдалды, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды интегралдық рейтинг құрастырылды және де еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту үшін шарттардың әлсіз және күшті жақтарына талдау жасалды.
Диагностикалау үшін Еуроодақ пен Экономикалық серіктестік пен даму ұйымы қолданатын кәсіпкерлікті дамытудың шарттарын бағалайтын индикаторлар панелін негізгі алып, арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылды. Көрсеткіштердің аталған панелі факторлардың алты тобын (немесе саласын) қамтиды:
реттеу ортасы;
нарықтық ортасы;
қаржыландыруға деген қолжетімділік;
ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар) және технологиялар;
кәсіпкерлік қабілеттер;
кәсіпкерлік мәдениет.
Бағалау үшін индикатор ретінде халықаралық статистика мәліметтері (мысалы, экономиканың жеке секторын банктердің несиелеуі мен елдің ЖІӨ арақатынасы) және халықаралық зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелері пайдаланылды. Атап айтқанда, бірінші кезекте Бүкіләлемдік банктің «Бизнесті жүргізу» атты зерттеуі, Бүкіләлемдік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі бойынша Баяндама шеңберінде жарияланған компания басшыларын сұрау нәтижелері, сондай-ақ, Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі нәтижелері пайдаланылды.
Жаңа жұмыс орындарын шағын және орта бизнес арқылы қалыптастыру – халықты кәсіпкерлік қызмет саласына да белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді. Мұның өзі аймақтардағы өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етіп, ондағы тұрғындардың жұмыссыздық салдарынан ірі қалаларға көшуін тоқтатады. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс-шараларды дайындаумен қатар, алдағы жылдардағы оның даму стратегиясын үкімет стратегиясы негізінде әзірлеуі тиіс. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуда мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау – кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін төмендетумен қатар, оның нарық талаптарына сәйкес жоғары нәтижемен жұмыс істеуіне көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, шағын және орта бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті тауарлармен, қызметтермен толықтыру екендігін айтып кетуге болады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру сияқты экономикалық шаралар жасалды. Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын және орта бизнесті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы-қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың біріне айналды [25].
Достарыңызбен бөлісу: |