III. НӘТИЖЕЛЕР ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктерді қолдау инфрақұрылымын құрудың мәселелері мен болашағы
Шағын бизнес-нарықтық экономиканың негізі. Қазақстан Республикасында шағын бизнес субъектілерін қолдау және мемлекеттік жүйесі құрылған. Бұл жүйеде шағын кәсіпкерлікті дамытудың салық салу механизмі ерекше орын алады. Нарықтық қатынастардың даму кезеңінде шағын және орта бизнес субъектілері басқа елдерден тауар өнімдердің орнын басуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және де республикалық, жергілікті бюджеттердің салықтар арқылы кіріс көзін ұлғайтуға міндетті.
Сонымен бірге мемлекеттік аймақтық қолдау белсенділігін, оның ішінде, әсіресе несие қамсыздандыру және инвестиция сфераларын ынталандыру жағдайына қажеттілік туғызу керек.
Ең негізгісі, мемлекеттің шағын бизнесті қолдау бағдарламаларының қажеттілігінен реттеу саласында нәтижелі жүйесін әзірлеу керек. Ол үшін бір-бірін байланыстыратын элементтер керек. Олар:
– құқықтық қамтамасыз ету;
– қаржымен қамтамасыз ету;
– салықтық реттеу;
– инфрақұрылымдық және жұмысшылардың құрамын қамтамасыз ету.
Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру көлемін ұлғайту; халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту.
Шағын кәсіпкерлік-өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелейшектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі-салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен жәнехалықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады
Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы” Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынандай кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған.
– шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;
– шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
– шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);
– шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу-ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру
Елімізде он жылдан астам шағын кәсіпкерлік экономикалық субьект ретінде өз қызметін жүзеге асыруда. Осы жылдар шағын кәсіпкерлерге біршама ауыр тиді. Мәселен, тұрақтандыру кезеңі, кәсіпкерлік қызметті реттейтін құқықтық-нормативтік база қайта жасалды және қолдау көрсету бағдарламасының құрылымы қалыптасты.
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпорын саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпорын инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін болашақта шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет. Нарық инфроқұрылым дамыту шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды бөлігі болып келеді. Шағын бизнестін тиімді қызмет етуін қамтымасыз ететін нарықтық инфроқұрылымға мынадай элементтер жатады: аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік және басқа қызмет түрлері, қаржы – несие институттары сақтандыру конпаниялары әр түрлі оқу орындары жатады. Сонымен қатар бұл нарық инфроқұрылым субъектілерінің өзіндік проблемаларын шешу қажет. Қазақстанда кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгресі, кәсіпкерлер мен өндеушілер одағы. Лизинг және франчайзингті қалыптастыру.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жедел және қаржы лизингі іс жүзінде дами алмай отыр. Мұндай жағдайға лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы басты себеп болып табылады. Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын қолдау жөнінде бірқатар шамаларды қабылдау қажет. Франчайзинг шағын кәсіпкерлік өкілдерінің ірі бизнеспен қарым-қатынасының тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда франчайзингтің даму үшін: франчайзинг ассоциациясын, франчайзингтің оқу – консультациялық орталығын құру қажет. Ақпаратық қамтамасыз ету:
Бұл орайда бағдарлама бойынша шағым кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудін ұлттық жүйесін жасау жоспарланған осы жүйе шеңберінде заңдық-нормативтік актілер, оқу орталықтары, заңгерлік фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфроқұрылымдық басқа да объектілері бойынша деректердің ақпараттық базасы құрылады. Шағын кәсіпкерліктің Респибликалық ақпараттық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қорғау инфрақұрылымын құру.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік өзінің құқықтық мәртебесі жағынан жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды, бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты. Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін күшейту мақсатында, әр түрлі заңдарды жүзеге асыру керек. Кәсіпорынды тіркеу процесі бастаушы кәсіпкерлерге өз ісін бастауда үлкен кедергі келтіреді. Жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындардың тағы бір проблемасы – бұл жарғылық қорды төлеу мәселесі. Жарғылық қорды төлеу заңмен бекітілмесе де, Президент Жарлығы негізінде жүргізіледі. Кейбір кәсіпкерлер бұл талапты орындай алмайды. Лицензия беру мәселесін де заңдық жағынан қайта қарау қажет.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – ол мемлекеттің қаржы –несиелік және инвестициялық саясаты. Қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып отыр. Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін тапай тұр: несие алудың шектеулігі; коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы; берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы болуы және қысқа мерзімділігі; шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы; банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолданудың басты бағыты осы секторға несие мен инвестицияны кеңінен тарату. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржылық-несиелік саясат салалық, аймақтық басымдылықтарға және төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік несиелеу жүйесіне негізделуі қажет [33]. Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар. Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына: мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер; үкіметтік емес мекемелер; коммерциялық мекемелер кіреді.
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :
бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;
қаржылық қолдау ;
ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;
кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;
материал ды -техни калық жағынан қолдау .
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.
Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер: Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.
Индустрия және Сауда Министрлігі құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.
Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары былай белгіленген:
• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;
• Департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.
Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, және сол арыз бойынша қажетті шаралардың орындалуын қадағалауға міндетті
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы № 1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген).
Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы мен Астананың қалалық Департаменттері) өз құзыры аясында шағын және орташа кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысы;
• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
• қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді қарастыру.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады.
Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:
• шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;
• жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу.
Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе бірлестіктердің өз орындары болады.
Кәсіпкерлермен осындай «кері байланыс» ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:
• кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;
• Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік ассоциациялар мен одақтарды біріктіру;
• кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті ұсыныстар дайындау.
Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ. Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;
"Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті к орпорациясы» АҚ - үкiметке мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;
«Даму» Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;
«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;
«Қазақстанның инвестициялық қоры» - жаңа және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау көрсету;
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;
Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар – қалыптасу және даму кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау [34];
3.2 Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік жағдайы
Қазақстан Республикасында 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеді. Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі ШОК) субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 68,7%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 16%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 15,1%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.
2017 жылғы 1 қаңтарға ШОК жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны
бірлік:барлығы: 1 185 163, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар: 189 637, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар: 2 711, дара кәсіпкерлер: 813 482, шаруа немесе фермер қожалықтары: 179 333, барлығы, өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен: 95,4%.
2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6%-ға төмендеді. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 68,1%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 16,3%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 15,4%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады [35].
Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:
1). Бюджеттік (ведомстволық);
2). Қоғамдық (корпорациялар);
3). Араласакционерлікқоғамдар (холдингтер).
Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:
масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;
кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:
1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындаужәнет.б.)
2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі жәнет.б.).
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы. Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру. Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс [36] .
“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:
- жетілген салық жүйесі;
- оңайлатылған валюталық режим;
- бюджет жүйесі;
- кедендік режим;
- тиімді есеп беру мен есепке алу;
- жетілген банк жүйесі;
- шаруашылық басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі;
- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;
- жетілген сақтандыру жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.
Жаңа серіктестіктерді іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.
Қазіргі кезде Қазақстан мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.
Экспорттық-импорттық стратегия. Экспорттық-импорттық стратегияны “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына сәйкес дайындау керек. Оған сәйкес экспорт, импорт сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын және рөлін өсіретін бағыттары бар.
Республиканың экспорттық стратегиясын нақты бір нарықтардың ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау керек. Сондықтан, жаңа дүниежүзілік нарықтарға ену мүмкіндіктерін зерттеу кезінде ең алдымен коньюктуралық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады [37].
Жаңа технологияны сатып алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.
Екінші бағыт – республиканың халық шаруашылығының әрбір саласы импорттық саясатын дайындауы керек, әсіресе аграрлық секторда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде.
Үшінші бағыт – бұл едәуір аз шығындармен өнім шығаруға және қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар импорты. Бізбің елімізде лизингті ұйымдастырып, дамыту қажет. Бұл мәселелерді шешу дүниежүзілік экономикалық жағдайға күрделі талдауды қажет етеді. Барлығын қымбатырақ сату және арзанырақ сатып алу саясаты – бұл люмпен саясаты.
Ғылыми сыйымы тауарлар импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекетіміздің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияларды шығару керек [38].
3.3 Шағын және орта бизнесті қолдауды ұйымдастыруда америка тәжірибесін қолданудың маңыздылығы
Шағын және орта бизнесті дамыту қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады.
Нарықтық қатынастардағы салық жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді [39].
Осы себептерді еске ала отырып, теория және тәжірибе көзқарасы жүзінде кәсіпкерліктің экономикалық мазмұнын зерттеудің үлкен маңыздылығы бар.
Бұл кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық-делдалдық, қаржы лизингі, бағалы қағаздармен операциялар, көтерме сауда, инновация қызметтерді атқаруға ат салысады. Сондықтан да кәсіпкерлік шағын бизнеспен тығыз байланысты, бірақта ол шағын бизнес түсінігінен жоғары. Шағын бизнес мағынасы кәсіпкерлікте істейтін адам санына, капиталдың көлеміне, таза табысы мен жылдық айналымына байланысты көрсеткіш.
Мемлекеттің экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуы қазіргі уақыттың ең бір актуалды мәселелеріне жатады. Сондықтан да шағын және орта бизнес Республика экономикасындағы сфераларда басымдылық жолымен өсу үстінде.
Экономикалық тұтқалардың ішінде нарықтық экономиканың өсіп дамуына ең қажетті рөлді салықтар алады. Қай мемлекеттің болмасын нарыққа көшкен кезде ең тиімді қолданатыны салық саясаты, себебі салықтар мемлекеттің экономикасының ең негізгі тірегі және белгілі бір тұтқасы болып табылады. Қай мемлекеттің болмасын, шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсекте салық және салық саясаты экономиканы басқарудағы ең күшті ұтқыр қаржы институттарына жатады.
Республикада кәсіпкерлік қызметті реттеу мен экономикалық қолдаудың жиынтық механизмі әзірленуде. Осы жиынтық механизмнің негізгі элементі болып салық реттеуі жатады. Оған себеп, Республика нарықтық экономикаға көшкен және орныққан кезде кәсіпкерлік қызметтің одан әрі дамуына ең негізгі құрал, ол нәтижелі салық жүйесін құру. Осы кезде дәл уақытында жүргізілген кәсіпкерлік қызметтің салық реттеуі фискалдық және реттеу функцияларының уақытында орындалуын қамтамасыз етеді [40].
Барлық мемлекеттерде шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, оларға салық жеңілдіктерін беру арқылы шешіледі. Бұл жерде бірден салық ставкаларын төмендету емес, тек қана салық жүйесін реформалау арқылы осы саладағы экономиканы көтеру.
Шағын бизнес секторындағы ең негізгі мәселелердің бірі, ол бұл саладағы қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі. Оған себеп, шағын кәсіпкерліктің алғашқы капиталы аз және де алғашқы шығындарын жабуға жетпейді. Ал коммерциялық банктер негізінен өз қаражаттарын сауда операцияларын қаржыландыруға несиелерін бөледі. Ал шағын кәсіпкерлікті несиелеуге олардың қызығушылығы шамалы, себебі, бұл саланың кепілдікке қоятын капиталы аз.
Келесі бір мәселе – ол шағын бизнес саласы кәсіпкерліктің ең бір салықтық бақылауға қиыншылық туғызатын экономикалық салаға жатады, егерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары салық органдарының бақылауында болса, мониторинг объектілері ретінде ылғи көңіл бөлінсе, онда шағын кәсіпорындар бұл бақылаудан тыс қалады.
Бюджетке түсетін салықтардың басым көпшілігі аса ірі немесе орташа кәсіпорындардан түседі, бірақ шағын кәсіпкерлікте жергілікті бюджеттердің түсімдерін көбейтуге өз үлестерін қосады.
Оған себеп, біріншіден, шағын кәсіпорындар мемлекеттің өнім өндіру, қызмет көрсету салаларының негізгі көлемін құрайтын болғандықтан, олардан түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер қомақты болып келеді.
Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және шағын заңды тұлғалар бұрын есепте жоқ, жаңа салық төлеушілер ретінде бюджет жүйесіне қосымша салық түсімдерін әкеледі.
Салықтық текесерулерге талдау жасасақ, онда мынандай фактілерге көз жіберуге болады: өмірде ең көп салықтық құқықты бұзушылық осы шағын кәсіпорындарда байқалады, әсіресе уақытында салық тіркеуіне тұрмау, уақытында салықтық есепті өткізбеу, түскен қолма-қол ақшаны есепке алмау, жымқыру, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу және тағы басқалары.
Сондықтан да салықтық бақылауды күшейту осы салада өзінің еңбегін өтейді деп ойлауға болады. Сонда ғана қосымша салықтар бюджетке көбірек түседі, әсіресе ірі салық төлеушілерден. Себебі, мұндай фирмалар салық төлеуден бұлтару үшін тәжірибеде өтірік шағын кәсіпорындарды ашып, солар арқылы өнім бағаларының арқасында қолмен епті іс жасау арқылы салық базасы болатын таза табыстарын жасырып қалады, сол себептен мемлекет қазынасына көп салықтар көлемі түспей қалады.
Үшіншіден, салық органдары да шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілерді тексеру барысында, алдымен оларға мәлімет жинап, қайсысы салық есебіне тұрғанын, қай салада қызметтерін атқаратындарын, барлық құқық қорғау орындарындағы оларға түскен мәліметтерді жинап, содан кейін ғана білікті, әрі сапалы салық тексерулерінің сапасы артып, бюджетке қосымша салықтар түсуіне жол ашылады.
Ол үшін:
әрбір салық төлеушінің, әсіресе шағын кәсіпкерлік саласында тексеру ұйымдары алдымен қолда бар барлық шаруашылық-қаржылық есеп құжаттарына талдау жасау;
камералдық бақылау барысында негізінен:
әрбір жеке есеп құжаттарының бір-бірімен байланысын талдап, оның салық базасын шығару,
есеп беру көрсеткіштерінің салыстырмалығын, олардың салық декларациясында көрсетілгендей табыс көздерінің растығын,
салық деларациясы мен бухгалтерлік есептің дұрыстығының бағасын, олардың сапасын өздерінде бар мәліметтермен салыстырып, олардың дұрыстығына көз жіберу.
Төртіншіден, осы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің мәлімет көзін басқа да ұйымдардан, әсіресе қызмет көрсететін банктерден, энергосбыт кәсіпорынынан, жол полициясының және кеден органдарының мәліметтерінен жинап, содан кейін ғана сапалы салық тексерулерін өткізу керек [41].
Экономикасы дамыған шет мемлекеттердің салық жүйелеріне талдау жасасақ, мынадай тұжырымға келуге болады: қосылған құн салығы мен акциздер негізінен сатылатын тауар құнына қосылуға тиіс және оны тұтынушылар ғана төлеуге міндетті, ал тәжірибе жүзінде негізгі қосылған құн салығын төлеушілер болып бәрібір шаруашылық субъектілер табылады. Себебі, олар өздерінің таза табысын төлейтін салық мөлшеріне кемітеді. Бұл ауыртпалық акциз бен қосылған құн салығын төлеушілер тауар шығаратын субъектімен бұл тауарды тұтынушылар арасында бірдей шамада болады.
Ал, заңды тұлғаның төлейтін корпоративтік табыс салығы мөлшерімен тауардың бағасын көтеру арқылы тұтынушыға түсетіні анық. Ал мүлік салығына келсек, ол да арендаторға аренданың құны ретінде немесе тұтынушыға баға арқылы ауыртпалық әкелуі мүмкін. Сондықтан да салық ауыртпашылығы басқа салық қатынастарымен тығыз байланысты болып келеді. Сол себептен, осы мәселелерді есептесек қай салықтық тауар шығаруға, оның бағасына және кәсіпкерліктің даму жолдарына тигізер әсерін біліп болмайды.
Салық салудағы кейбір дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне келсек, оның өзіндік себебі бар. Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия сияқты ірі мемлекеттердің салық жүйесіне қысқаша болса да тоқталып өтейік. Себебі, бұл мемлекеттер әлем экономикасының алдыңғы қатарында болса, екіншіден, шағын және орта бизнесті дамытуда да алдыңғы орынға ие [42].
Шет мемлекеттердің тәжірибесі мен Қазақстандағы кәсіпкерліктің экономикалық мазмұнына сүйеніп, шағын және орта бизнес субъектілеріне кімді жатқызуға болатынын мына өлшем бірлігінен көруге болады: Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қарамағындағы қызметкерлердің саны 100-ден аспаса және жылдық табысы 50,0 миллион теңгеден аспаса, ал орта бизнес субъектілеріне қарамағындағы қызмет істейтін адам саны 500-ден аспаса және жылдық тапқан табыстары 350,0 миллион теңгеден аспағандарды жатқызуға болады.
Қазіргі таңда Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдауға аса көңіл бөлініп отыр. Себебі, шағын және орта бизнес, ол біздің болашағымыз, Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыған мемлекет болғанмен, оның шикізат және еңбекке жарайтын адамдарының мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар мемлекеттің ерекшелігі, оның ауыл шаруашылығының дамығандығы. Ауылдағы жұмыссыздық, еңбекке жарамды адамдардың жұмыссыздықтан қалаларға көшуі ауыл шаруашылығын одан әрі құлдыратады. Біздің ойымызша шағын бизнесті көркейту үшін тек қана салық құралдары жеткіліксіз. Ол үшін ауылдағы шағын бизнес субъектілеріне несие қорларына, қаржылық лизингтерге жол ашу керек және олар ашылып келе жатыр.
Сондықтан да салық құралдары, салықтық реттеу басқа да мемлекеттік құралдармен бірігіп қолданылуы керек. Сонда ғана біз экономикамызды ілгері дамыған мемлекеттердің қатарына қосуымызға болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда. Монополизмге қарсы күресудің тиімді жолдарының бірі- шағын және орта бизнесті дамыту.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н. Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызында қабылданған “Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары” деген қаулысынан басталады.
Одан кейін “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы” жарлық шығарды. Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының экономика және сауда Министрлігінің жанынан шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті құрылды.
Соңғы жылдары шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлердің саны ұлғаю үстінде. Себебі елімізде шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 1997 жылдан бастап шағын бизнес субьектілеріне салықтық жеңілдік ретінде арнаулы салық режимдері енгізілді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында шағын және орта бизнестің дамуына тоқталып өтеді: “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуге, кәсіпкерлік ортаның бастамалырын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек [43].
Американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой-пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шүғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды. 17-ші, 18-ші ғасырлардың ішінде жабайылықтан асып, үй салып және өмір жолын белгілеп, қиыншылықтарды жеңгендердің алғашқыларын халық қолдаған еді. Ал 19-шы ғасырда Америкада ауыл шаруашылығы кәсіп ретінде барлық алыс жерлерге жедел таралды. Шынайы фермерлер экономикалық дара дамудың көптеген идеяларын нақтылы көрсетті. Бірақ халық санының үлғаюы қалалардың экономикалық маңызын арттырды. Бизнес арқылы өзін өзі дамытсам деген арман кішігірім саудагерлерді, шеберлерді және де дербес кәсіпқойларды осы жолға тартты. 19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмкіндік берді, қаржы табуда және өндіріс көлемін үлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жүмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақты түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар. 1995 жылы Құрама Штаттарда жеке иемденушінің меншігіне жататын 16,4 миллион фермерлік емес жеке кәсіпорындар, 1,6 миллион серіктестік және 4,5 миллион корпорациялар, ұзын саны 22,5 миллион тәуелсіз кәсіпорындар қызмет атқарып тұрды.
Бүгін де АҚШ экономикасында алып корпорациялардың ешқандай да шешуші жағдайға ие емес екендігі сырттан келушілерді таң қалдыруда. Елдегі тәуелсіз кәсіпорындардың 99 пайызында 500 адамнан кем жұмыскер қызмет істейді. АҚШ-тың Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің (8ВА) мәліметтеріне сәйкес барлық қызмет етушілердің 52 пайызы осы шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Шамамен 19,6 миллион американдық жиырмадан кем жұмыс орны бар компанияларда, 18,4 миллион адам 20-99 аралығында кісіге жұмыс бере алатын фирмаларда, ал 14,6 миллион адам 100-499-ға дейін жұмыс орны бар кәсіпорындарда қызмет етеді. Ал, керісінше американдықтардың 47,7 миллионы 500-ден жоғары жұмыс орнын ұсына алатын фирмаларда қызмет етеді.
Шағын бизнес кәсіпорындары Америка экономикасы үшін тұрақты динамизмнің түп негізі болып табылады. 1990-1995 жылдар аралығында олар экономикадағы 3/4 жаңа жұмыс орнын ашты, бұл 1980-ші жылдарға қарағанда жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне қосқан үлкен үлес болып табылады. Сонымен қатар бұл экономикаға жаңа топтардың кіруіне жол ашылғанын көрсетеді. Мысалы: әйелдер кіші бизнеске белсене қатысады. Әйелдердің жеке меншігіндегі кәсіпорындар саны 1987-1997 жылдар аралығында 89 пайызға, яғни 8,1 миллион- ға дейін өскен, ал 2000 жылы кәсіпорынның сол секілді түрлерінде әйелдер жеке меншігіндегі жеке иеленушілер саны 35 пайызға жетеді деп күтілген болатын. Кіші фирмалардың қызметтен жасы үлғайғандар мен жарым-жартылай жалданып істеуді қалайтындарды жұмысқа көптеп тартуға ұмтылыс барын байқауға болады. Шағын бизнес кәсіпорындарының ерекше күші - олардың экономикалық жағдайдың өзгеруіне жылдам бейімделе алатындығында. Олар көбінесе өз клиенттерін жақсы біледі және олардың қажеттіліктерін қолма-қол қанағаттандыруға қашан да әзір тұрады. Шағын кәсіпорындар, мысалы, Калифорния штатындағы компъютермен байланысты Силикон аңғарындағы кәсіпорындар, тағыда басқа жоғары технологияларға негізделген техникалық жаңартулардың көзі болып табылады. Компьютер өнеркәсібіндегі көптеген жаңашыл фирмалар өз гараждарында механизмдерді қолмен құрастырушы «бесаспап шеберхана» ретінде бастап тез арада үлкен, қуатты корпора- цияларға айналды. Аз ғана уақытта ұлттық және халықаралық экономиканың негізгі ойыншыларына айналған шағын компаниялар тобына бағдарламалармен қамтамасыз етумен шүғылданатын Microsoff компаниясы, тасымал қызметін атқаратын Ferarri Ехpress; спорт киімдерін өндіруші Мike компаниялары жатады. Әрине, көптеген шағын кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен Құрама Штаттар басқа елдер секілді емес, онда бизнестегі сәтсіздіктің әлеуметтік таңбасы болмайды. Сәтсіздік кәсіпкер үшін құнды тәжірибе ретінде қарастырылады. Себебі, бұл сәтсіздік алдағы әрекеттеріне сабақ болады. Экономистер былай дейді: нарықтық күштер үлкен тиімділікке мүмкіндік туғызып, сәтсіздік ретінде көрініс табады. Адамдар тарапынан шағын бизнеске көрсетілетін үлкен құрмет штаттардың мемлекеттік органдары мен АҚШ Конгресінде шағын фирмалар пайдасына көрсетілген қолдау мен лайықты шешімдер қабылдауға ұласып жатады. Шағын компаниялар көптеген федералды реттеуші ережелерден, мысалы қауіпсіздік пен денсаулық сақтау ережелерін сақтаудан босатылған. 1953 жылы Конгресс Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілік (8ВА) құрған болатын, ол кәсіби сарап пен кіші бизнесті ашып немесе басқарғысы келетін адамдарды қаржылық көмекпен қамтамасыз ету үшін керек (келісім төлеміне пайдалануға берілген федералдық қаржының 35 пайызы шағын кәсіпорындарға бөлінеді). Әдетте әр жылы шағын кәсіпорындарға айналым капиталына мекеме мен машина және қүрал-жабдық алу мақсатында несиеге 10 миллиард доллар алуға 8ВА кепілдік береді. 8ВА шеңберінде қаржы салатын компаниялар кәсіпорындардың капиталы ретінде тағы да 2 миллиард доллар бөледі. 8ВА азшылық топтарды, әсіресе, шығу тегі африкалық, азиялық және испандық американдықтарға арналған бағдарламаларды қолдауға тырысады. Ол экспорттық қабілеті бар шағын кәсіпорындарының бірігіп жұмыс істеу мүмкіндіктері мен нарықты таразылай алатын нақты пәрменді бағдарламалардың іске асуына басшылық жасайды. Сонымен қатар агенттік зейнетке шыққан кәсіпкерлердің жаңа және толқымалы кәсіпорындарды басқаруда көмек ұсынған бағдарламаларға демеушілік көрсетеді.
Кәсіпорындардың көпшілігі бір ғана меншік иесінікі болып табылады, яғни олар жалғыз адамдікі және өзінің басқаруында. Жеке меншік кәсіпорынға иеленуші бизнестің жетістігі мен сәтсіздігіне толығымен өзі жауап береді. Ол кез келген түскен пайдаға ие. Бірақ кәсіпорын ақшаны жоғалтып, бизнес шығындарын өтей алмаса, онда меншік иесі қолда барының барлығын салса да, шығынды, төлемді өтеп шығуға тиіс. Меншікке жеке құқық іскерлікті ұйымдастырудың басқа формалары алдында кейбір артықшылықтарға ие.
Кіші және орташа компаниялар сан жағынан көп болғанымен, Америка экономикасында ірі іскер қауымдастықтар шешуші рөль атқарады. Бұның бірнеше себебі бар. Үлкен компаниялар тауар мен қызмет ұсына алады, ол белгілі бір иелік етушіге қастандық жасау немесе қызығушылықтың жоқ болуына әкеледі. Сондай-ақ, олардың көбінесе сатылатын өнімнің әрбір түрінің қүнының төмендігіне және көп мөлшерде болуына байланысты өз өнімдерін арзан бағамен сатуға мүмкіндіктері болады. Олардың нарықтағы тағы бір артықшылығы - тұтынушыларды өнімдерінің сапасының белгілі бір деңгейіне кепілдік беретіндігіне сендіре алатын фирмалық таңба-белгілерімен өздеріне қарай тарта алады. Ірі кәсіпорындар бүкіл экономика үшін өте маңызды рөль атқарады. Жаңа өнімдерді өндіру және ғылыми зерттеулер жасау үшін ұсақ фирмаларға қарағанда оларда үлкен қаржылай қорлары бар. Осы сияқты фирмалар көбірек және әртүрлі қызмет орындарын және оған жоғарырақ кепілдік бере отыра жоғары еңбек ақы және қартайғанда, ауырып қалғанда алатын ұтымды жәрдемақы ұсына алады. Дегенмен де, американдықтар үлкен компанияларға екі жақты қарайды: экономикалық жағдайдағы маңызды үлесін мойындай отыра, олардың жаңа өндіріс орындарын тұншықтырыл, түтынушылардың таңдау мүмкіндіктерін жойыл тастайтындай күш алып кетуінен жасқанады. Бүдан басқа, үлкен корпорациялар кейде өзгеріп жатқан экономикалық жағдайларға бейімделуде икемсіздік көрсетеді. Мысалы үшін, 1970-шы жылдарда АҚШ-тың автомобиль компаниялары бензинге бағаның өсуі жанармай үнемдегіш жеңіл көліктерге сүранысты өсіргендігін кеш түсінді. Нәтижесінде, осы компа- ниялар шетелдіктерге негізінен жапондық өндірушілерге жол бергендіктен, ішкі нарықтық айтарлықтай бөлігінен айрылып қалды. АҚШ-та көптеген үлкен компаниялар корпорациялар болып құрылды. Корпорация - іскер шаруашылығы ұйымдастырудың нақты заңды формасы. Ол 50 штаттың біреуінің корпорация құруға келісімі бар құжаттарымен жеке адамдікі сияқты заңды түрде тіркелген болуы қажет. Корпорациялар мүліктерді иемдене отырып, сотта іздене немесе сотқа жауап бере және келісім-шарттар жасай алады. Корпорацияның заңды мәртебесі болғандықтан, иеленуші оның қызмет әрекеттерден белгілі бір мөлшерде қорғалады. Одан басқа, корпора- ция иелерінің қаржылық жауапкершіліктері шектеулі. Мысалы, олар корпорациялардың қарыздарына жауап бермейді. Егер акционер белгілі бір корпорацияның акционерлік капиталының 10 акциясына 100 АҚШ долларын төлесе, соңғы корпорация банкроттыққа ұшыраса, төлеген 100 доллардан айрылып қалады. Корпорацияның акционерлік капиталы нақты иесі қайтыс болған жағдайда бір иеленушіден екінші иеленушіге өтетін болса да корпорация ештеңеден ұтылмайды. Акция иемденуші кез келген жағдайда өз акцияларын сатуға немесе өз мүрагеріне қалдыруға қүқықты. Корпоративтік форманың кейбір кемістіктері де бар. Корпорациялар заңды тұлғалар ретінде салық төлеуі тиіс. Корпорациялардың акция иелеріне төлейтін дивидендтері, облигация пайызы сияқты емес, салық салынбайтын шығын болып табылады. Сондықтан, қандай да болсын корпорация дивидендті өзінің кірісінен төлейді, акционерлер салығы сол дивидендтен алынады. Көптеген үлкен корпорацияларда акционерлер мен иелік етушілер саны өте жоғары болады. Ірі компаниялар миллиондаған немесе одан да көп адамды біріктіреді, бірақ олардың көпшілігі 100 акциядан да аз ұстайды. Кең тараған жеке меншік формасының бүл түрі көптеген американдықтарға елден кейбір ірі компаниялардың үлесіне тікелей ие болуға мүмкіндік береді. 1990-шы жылдардың ортасында американдық отбасыларының 40 пайызы тікелей немесе екі жақты қорлар арқылы немесе басқа делдалдар арқылы жай акцияларға ие болған еді. Көп жағдайларда корпорация бизнесінің барлық жақтарын жете біле бермегендіктен немесе басқаруға қабілет пен мүмкіндіктері болмағандықтан акция иелері кең корпоративтік саясат жүргізу үшін төрағалар кеңесін сайлайды. Әдетте корпорация директорлары кеңесінің мүшелері мен менеджерлері жай акциялардың 5 пайызынан кеміне иелік етеді, әрине олардың кейбіреулері одан да жоғары мөлшерде иелік етуі мүмкін. Жеке тұлғаларда, банктер немесе зейнетақы қорларында акция пакеттері болады, бірақ бұл пакеттер де жалпы санның тек аз ғана үлесін құрайды. Әдетте, кеңес мүшелерінің шағын бөлігі ғана корпорацияның лауазымды қызметкерлері болып табылады. Кейбір директорларды басқаруға ықпал жасау үшін компаниялар ұсынады, ал басқалар белгілі бір біліктілікпен корпорация жұмысына үлес қосу үшін немесе қарызға беретін мекеменің өкілі ретінде ықпалды қамтамасыз етеді. Бір адам- ның бірнеше корпорация кеңестерінде жұмыс атқаруы өрескел іс деп қарастырылмайды. Корпорация кеңесі немесе директорлар кеңесі төрағасы бола алатын жоғары дәрежелі басқарушының (СЕО) қолына күнделікті басқару билігін береді. СЕО басқа орындаушылармен қатар әртүрлі корпоративтік қызметке жауап беретін вицепрезиденттерді бақылайды, сондай-ақ, бас қаржы басқарушысын, өндіріс жетекшісін және аға-қызметші мен аппарат жетекшісін де бақылайды. 1990 жылдардың аяғында АҚШ-тың іскерлік қарым-қатынасының басты бөлігі жоғары технология негізінде атқарылуға кешкен кезде корпоративтік СЕО қызметі пайда болады. Директорлар кеңесі СЕО-ға сенім білдірген соң, корпорацияны басқаруда оған үлкен еркіндік береді. Бірақ, кейде жеке немесе ұйымдасқан акционерлер тобы бірігіп әрекет жасай отырып, мысалы, басқару саласында басқаша дербес ойлайтын директорлар кеңесіне кандидаттарды қолдай отырып, басқару ісіне өзгеріс енгізу арқылы билікке қол жеткізе алады. Жалпы алғанда, тек бірнеше адам ғана жыл сайын өтетін акционерлер жиналысына қатыса алады. Акционерлердің көпшілігі «сенім негізіндегі» басқарудан кейін компанияның маңызды үсыныстарымен төраға сайлауда дауыс береді, яғни сайлау құжаттарын поштамен жібереді. Бірақ, соңғы жылдары жылдық жиналыстарға акционерлердің көпшілігі, тіпті бірнеше жүздеп келетін болды. АҚШ-тың Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиялары корпорациялардан басшылыққа қар- сы шығып отырған акционерлер тобына олардың көзқараста- рын білу мақсатында акционерлердің таратылымды тізіміне кіруіне жол ашуын талап етеді.
Жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын кәсіпорынды дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, кәсіпорын-инкубаторларын құру, кәсіпорын-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.
Жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі ретінде шет елде өзін-өзі жақсы танытқан кәсіпорын-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.
Жаңа кәсіпорын құру процесі — бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.
Болашақ кәсіпорынды бағаландыру үшін жұмыс барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол кәсіпорынның тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.
Осы жұмыс барысында қазіргі замандағы әлемнің ең жоғары дамыған елдерінің бірі — АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірибесі талданып, қорытылды. Жұмыс барысында бұл тәжірибелерді Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсынылған ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңу және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді [44].
Достарыңызбен бөлісу: |