5-6 дәріс: «Сәйкестіктер. Қатынас. Бейнелеу»


Математикалық логика негіздері №7 дәріс: «Пікірлер және оларға қолданылатын амалдар»



бет12/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#94440
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
5-7 дәріс

Математикалық логика негіздері

№7 дәріс: «Пікірлер және оларға қолданылатын амалдар»


Жоспары:
1. Математикалық ұғымдар және олардың қалыптасу процесі. Анықталмайтын және анықталатын ұғымдар
2. Математикалық логиканың даму тарихына қысқаша шолу.
3. Пікір ұғымы. Жай және күрделі пікірлер.
4. Пікірлерге қолданылатын амалдар және олардың қасиеттері.
5. Де-Морган заңдылығы. Тавтология.


Математикалық логиканың даму тарихына қысқаша шолу. Кез-келген пiкiр бiр-бірімен белгiлi бiр ережелер бойынша байланысқан пiкiрлер тiзбегiнен тұрады Дұрыс ойлау, өзiнiң ойлаған ойын дұрыс негiздеп, жеткiзе бiлу қандай мамандықтағы болмасын, барлық адамдарға қажеттi. Адам, яғни кiшкене бала сөйлей бастағаннан- ақ ойлауға үйренедi, ал мақсатты ойлануға мектептен бастап үйренедi. Математиканың бастауыш курсының мазмұны да, құрылымы да оқушылардың салыстырулар жүргiзу, объектiлердi классификациялау, фактiлерге анализ жасау, кейбiр қарапайым тұжырымдарды дәлелдеу дағдыларын дамытуға негiзделген. Жалпы ойлау логикасы тек математикалық есептердiң шешiмiң табу үшiн ғана керек емес, тiлден грамматикалық талдау (анализ) жасағанда, табиғаттану негiздерiн меңгеруде, т.б. көптеген жағдайларда да логикалық ойлау талап етiледi. Сондықтан бастауыш класс мұғалiмдерi логикамен таныс болуы қажет, яғни ойлаудың заңдары мен формаларын қарастыратын ойлаудың жалпы схемасы туралы ғылыммен таныс болуы керек.
Қысқаша математикалық логика тарихынан: Классикалық формалдық логиканың негiзiн салушы ертедегi грек философы Аристотель (384-322ж. б.э. дейiн өмір сүрген). Ол ең бiрiншi ойлап, тұжырым жасау теориясын- дедукцияны зерттеп тапқан. А.Н. Колмогоров пен А.П. Юшкевичтiң редакциялық басшылығымен шыққан «Математика XIX века. Математическая логика. Алгебра. Теория чисел. Теория вероятностей» кiтабының 1 бөлімінде математикалық логика тарихы баяндалған.
Бiрнеше ғасыр бойы Аристотель логикасы дамытылып, толықтырылып пайдаланылды. Логика теориясының ең дамыған, алға басқан кезеңi XIX ғасыр болды. Бүл кезеңде Лейбниц (немiс ғалымы) енгiзген символикалық логика мен математикалық әдiстерді қолдану нәтижесiнде қазiргi логика (формалдық логика)- математикалық логика пайда болды.
Ал XX ғасырда математикалық логиканың қазiр бiз логика алгебрасы және пiкiрлердi есептеу деп атап жүрген бөлiмдерi ғана дамыған болатын. Өкiлдерi: А де- Морган, Джорж Буль (1815-1864), У.С. Джеванс, Дж. Венн, Э. Шредер, П.С. Порецкий.
Математикалық логиканың негiзiн салушы ағылшын ғалымы Дж. Буль болып есептеледi.
Кейiннен математикалық логиканы дамытқан совет ғалымдарының бiр тобы: И. И. Жегалкин, В.И. Гливенко, А.Н. Колмогоров, П.С. Новиков, А.А. Марков, А.И. Мальцев, Н.А. Шанин, С.А. Яновская және олардың көптеген шәкiрттерi болды.
Бiз сiздермен математикалық логиканың тек кейбiр қарапайым бастапқы ұғымдарымен ғана танысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет