1.Өт, түзілуі, түрлері, құрамы, ролі. Өт түзілуі Адамда тәулігінде 0,9-1,5 л өт бөлінеді. Өт гепатоциттермен бөлінеді. Гепатоциттер қан капиллярларымен тығыз байланыста болады. Гепатоциттер қан пазмасынан су, глюкоза, креатинин, электролиттер және т.б. Заттарды алады. Гепатоциттер өт пигменттерін және өт қышқылдарын бөледі, кейін олар өт капиллярынеа бөлінеді. Кейін өт бауырдың өт жолдарына бөлініп, 12 елі ішектің өт жолдарына да жеткізіледі. Өттің өт қабы жалпы өт жолынан бастау алады.
Өт түрлері Бауырлық өт - ақшыл-сары, алтын түске сәйкес, рН 7,3-8,0, салыстырмалы тыҒыздығы 1,008-1,015.Өт қабы өті — қошқыл қара түсті, рн 6,0-7,0, салыстырмалы тығыздығы 1,026-1,048 сәйкес.
Өт құрамы. Өттің негізгі үлесін су алады - 98 % . Қалған 2 % өт пигменттерінен , өт қышқылдарынан , витаминдарден , аминқышқылдар , Глюкокортикоидтар түзілген құрғақ қалдық алады .Сонымен қоса өт құрамына бейорганикалық заттар ( натрий , калий , кальций , темір , хлор ) енеді . Өттің өзіндік салмағы 1,01 , судың тығыздығынан біршама асып түсе бауырмен бөлінген өттің рН 7,5-8,0 - ге сәйкес келеді ( әлсіз сілтілі реакция береді ) . Бірқатар уақыт өт қабында жатқан өттің рН – 6,0-7,0 - ге сәйкес келеді ( әлсіз қышқыл реакция береді ) .
Өт қызметтері. 1. Майлар эмульгациясы 2. Үшглицеридтердің сіңірілуіне жағдай жасау , хиломикрондар мен мицелий түзілуі . 3. Липаза белсендірілуі 4. Жіңішке ішек моторикасының күшеюі 5. 12 елі ішекте пепсин инактивациясы 6. Ішек флорасының сонациясы 7. Энтероциттердің пролиферациясы мен қоюлануының белсендірілуі 8. Көмірсу мен ақуыздың сіңірілуі мен гидролизінің күшеюі 9. Өттің түзілуі мен бөлінуі 10. Өт түзу қызметін реттеу
2. Жаңа туылған нәрестеде коньюгацияланбаған билирубиннің қандағы мөлшері жоғары, нәжіс қарқынды (интенсивно) боялған(уробилиннің мөлшері жоғары), зәрде билирубин анықталмады. Жаңа туған нәрестеде сарғыштанудың қандай түрі. Билирубиннің түзілу схемасын жазыңыз. Оның улы әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Қанда бос билирубиннің көбеюі балалар үшін қауіпті.Себебі,бос билирубин гематоэнцефаликалық барьерден оңай өтетін мидың сұр затына жиналып жүйке жүйесінің қайтымсыз бұзылыстарына әкеледі.
Биливердин коферменті НАДФН2 болатын биливердинредуктазаның әсерінен тотықсызданып,сары түсті өт пигменті билирубинге айналады.Түзілген билирубин суда нашар еритін улы зат.Ол коньюгерленбеген,тікелей емес билирубин деп аталады.
Билет 8 Заттар алмасуының өзара байланысындағы ҮКЦ, БТ, ТФ ролі.
Полярлы емес қосылыстардың (көптеген дәрі-дәрмектер, улы қосылыстар), стероидты гормондардың, холестеролдың әмбебап биологиялық тотығу жүйесі микросомальды тотығу болып табылады. Микросомальды тотығу тізбегін жазыңыз.