5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет12/44
Дата18.05.2020
өлшемі366.04 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
1.4.4-бөліміне 1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Әр елдердің бір пән бойынша емтихандарының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктерін көрсетейік.

А-lеvеl емтиханын тапсыруға ағылшын мектеп оқушылары орташа алғанда 9-10 сағатқа дейін уақыт жұмсайды. Емтихан жұмысы әдетте бір нұсқада әзірленіп, бірнеше бөліктен тұрады, оларды орындау барысында түрлі білімдер мен дағдыларды көрсету қажет.



<...> Биология бойынша емтихан міндетті тақырыптар мен таңдап алынған тақырыптарды қамтиды.

Емтихан пәндік және жалпы білім алу дағдыларының келесі түрлерін меңгеруді тексереді:

А. Білу және түсіну

- биологиялық деректерді, терминдерді, ұстанымдарды, түсініктер мен өзара қарым-қатынастарды;

- эксперименттік әдістемелерді;

- қоғам өмірінде, сондай-ақ экономика мен технологияда заманауи биологияны пайдалану сұрақтарын (мысалы, қоршаған орта мәселелерін шешу үшін).

Б. Биологиялық білімді:

- гипотезаларды ұсынуда, эксперименттерді жоспарлауда және өткізуде, нәтижелерді түсіндіруде;

- эксперименттердің нәтижелерімен бірге сандық және сапалық ақпаратты өңдеуде және талдауда;

- қорытындылар шығаруда; ...

- мәселелерді шешуде (әлеуметтік, экологиялык, экономикалық, технологиялық және т.б.) пайдаланады.

В. Эксперименттік және тәжірибелік әдістемелерді пайдаланудағы нақтылық, соның ішінде байқау нақтылығы мен нәтижелерді жазу нақтылығы.

Г. Биологиялық ақпаратты келіскен және дәйекті етіп жазбаша, кес-телер, диаграммалар, суреттер түрінде баяндау.

Емтихан 5 бөліктен тұрды. Барлық тапсырмалар жазбаша жауапты талап етеді. Олардың ішінде қысқаша жауап беретін, толық жауап беретін және эссе жазу қажет болған тапсырмалар да болды. Барлық тапсырмаларда қысқаша сұрақтары болды, әрқайсысының соңында оның орындалуына неше ұпай берілетіні хабарланды (1-ден бастап 30-ға дейін).



<...> Бакалавр дипломын алу үшін француз студенттері тапсыратын емтихандар ағылшын емтихандарынан мөлшері бойынша да өткізу уақыты бойынша да айтарлықтай өзгешеленеді. Биология бойынша жазбаша емтиханға... 3 сағат берілген. Ұсынылған екі нұсқадан студент біреуін таңдап алуы керек. Әрбір нұсқа екі бөліктен түрады, олардың ішінде еркін жауап беретін бес тапсырма болады. Бірінші бөлігінде негізгі биологиялық материалды білуге және түсінуге арналған бірнеше қысқаша сұрақтары бар бір тапсырма болды. Екінші бөлігінде түрлі құжаттарда (диаграммаларды, кестелер мен графикаларды пайдалана отырып, эксперименттерді сипаттау) берілген ақпаратты түсіндіруге арналған қысқаша сұрақтары бар 4 тапсырма енгізілді. ...

<...> Неміс Abitur емтиханының мысалы ретінде Баден-Вюртемберг жерінің гимназия түлектеріне биология пәні бойынша 1992 жылы әзірленген емтиханды қарастырайық. Емтихан жұмысы алты бөліктен тұратын бір нұсқадан тұрды. <...>. Әр бөлігінде 5-6 сұрақтан болды, оларға оқушылар биологиялық материал бойынша білімдерін және түрлі биологиялық нысандар кестелерін түсіндіре отырып, суреттей алу дағдыларын көрсетіп, биологиялық есептерді шешу, эксперименттер нәтижелерін түсіндіру және басқа да іскерліктерін көрсетіп, жазбаша жауап берулері тиіс болатын. Барлығы жұмыста 31 тапсырма болды. Бүкіл емтиханға 4 сағат 30 минут берілді.

Екінші турда жапондық мектеп оқушылары тапсыратын емтихан мысалы ретінде 1991 жылғы елдің ең беделді университеттерінің бірі - Токио Университетіне түсу емтиханын алуға болады. Емтихан жұмысы бір нұсқадан тұрды. Ол бес тапсырмасы бар үш бөліктен тұрады (барлығы 15 тапсырма), олардың көбіне қысқаша және толық (70-100 сөзге дейін) жазбаша жауап беру қажет болды. Емтиханға 2 сағат 30 минут берілді. Әрбір бөлікке биологияның бір бөлімінен тапсырма енгізілді. Барлық тапсырмалар кейбір теориялық материалды, тәжірибелік жағдайды немесе экспериментті сипаттаудан басталды. Талапкерлер берілген біріктірілген ақпаратты талдау негізінде бейтаныс жағдайда өз білімдерін пайдалану іскерлігін көрсетуге тиіс болды.



<...> 1990 жылғы биология бойынша америкалық емтихан екі бөліктен тұрады, оларға форматы бойынша әртүрлі тапсырмалар енеді: бірінші бөлігінде тек жауапты немесе сәйкестікті таңдайтын тапсырмалар, екінші белікте - еркін жауап беретін тапсырмалар. Оқушылардың оқу жетістіктерін жауапты немесе сәйкестікті таңдайтын тапсырманың көмегімен бағалау, өлшем сенімділігін қамтамасыз ету үшін тапсырмалардың біршама көп мөлшері қажет екені белгілі. Осыған байланысты биология бойынша емтихан жұмысының бірінші бөлігінде бұндай тапсырмалар саны 120, олардың 20-сы сәйкестікті табуға арналған тапсырмалар. Мазмұны бойынша олар биологияның бүкіл мектеп курсын қамтиды. Екінші бөлігінде барлығы теориялық материалды білуге және түсінуге арналған, сондай-ақ эксперименттік деректерді талдауға және түсіндіруге арналған төрт тапсырма. ... 124 тапсырманы орындауға бір жарым сағат берілген.

1.4.4-бөліміне 2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Үзілісте Николай Иванович Кодак мұғалімдер бөлмесіне кіріп, амандасып, біреумен сөйлесті. Жас мұғалима күлді:

- Ой, Николай Иванович, сіз маған сондай зейін салып қарағандай болып көріндіңіз. Маған жүйеге келгелі тұр деп ойладым...

Бұл директор мұғалманың сабақтары жүйесіне қатысуға жиналған екендігін білдіреді. Мұнда ешкім бір сабаққа қатысып, содан кейін қорытынды шығармайды, себебі директордың қатысу мақсаты мұғалімнің кездейсоқ қателіктерін табу емес, мұғалімді қорқыту (директор келеді!) емес, тіпті мұғалімдерді жай ғана емес, оларға өздерінің жұмысын талғауға, оны әділ бағалауға, талдауға көмек көрсету. Сондықтан директор (немесе оқу ісінің меңгерушісі) 12-15 сабаққа қатарынан қатысады - жүйені талдайды.

Сухомлинскийдің осындай жүйелерге қатысу барысында жазылған жазулары бар үлкен дәптреі сақталған. Олар бойынша Василий Александрович мұғаліммен әңгімелесуге қаншалықты мұқият дайындалғаны көрініп тұр. Негізі, бұлдәптер - Сухомлинскийдің болашақ мақалаларының бірінші сұлбасы. Оның педагогикасы сабақта туындаған. Бірақ, ең бастысы, мұндай жұмыс мұғалімнің шығармашылығы мен қуатын дамытқан. Осы директормен бірлескен екі-үш апта ұзақ уақытқа қуат болған. Кез-келген мұғалім өзіне деген осындай құрметпен қарауға, осындай назарға лайық емес пе?

Осының барлығы директор және оқу ісінің меңгерушісі жұмыс күнінің өте нақты ұйымдастырылуын, өте көп күш жұмсауын қажет етеді. Әриен, директор немесе оқу ісінің меңгерушісі мұғалімнің сабқтарын талқылап, оған шынында да пайда әкеле алатын адамдар болуға тиіс.

Сухомлинский осыншама жақсы мұғалімдерді қайдан алған деп жиі сұрақ қояды. Ал ол сол мұғалімдерді ешқайдан "алған" жоқ, олөз жұмысын және балаларды жақсы көретін әр мұғалімді өз дарынын тауып, дарынды педагог болатындай жағдай жасады.

Соловейчик С.Л. Вечная радость:

Очерки жизни и школы.- М.: Педагогика, 1986, стр.285-286.


1.4.4-бөліміне СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. 1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДА сипатталатын емтихандарды бақылаудың қандай түрлеріне жатқызуға болады?

2. Сіздің оқу орныңызда оқыту үдерісінде қандай бақылау түрлері пайдаланатынын сипаттаңыз.

3. ЖОО-да оқу барысында сіз қандай бақылау түрлері мен тәсілдерін меңгердіңіз?

4. Оқу үдерісінің қандай да бір аспектісін бақылау үшін (оқушылар жұмысының сапасы, оқыту сапасы , оқулық сапасы,т.б.) бағалау межелерін әзірлеңіз.

5. Бақылау мектепішілік басқарудың басқа функцияларымен қалай байланысқан?

6. Білім беру сапасын басқаруда сабақты талдау қандай рөл атқарады?

7. Мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу және оларды талдау кімнің функционалдық міндеттеріне жатады?

8. ЖОО-ның оқытушыларының сабақтарына қатысу және оларды талдау кімнің функционалдық міндеттеріне жатады?

9. "Білім беру ұйымы қызметінің негзгі көрсеткіштері" ІІІ-1 қосымшасында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша бағдарламалар мен әдістемелік ұсыныстар, соның ішінде келесілер келтірілген:

а) оқу орындарына түскен түлектер саны;

б) бір мұғалімге шаққанда педагогикалық ұжым шығарған оқу-әдістемелік , ғылыми -әдістемелік жұмыстар, мақалалар саны;

в) бір оқушыға шаққанда оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қоры;

г) жаңа буынды жеке компьютерлер саны, соның ішінде интернет желісіне қосылған компьютерлер саны.

Осы көрсеткіштердің қайсысы абсолюттік, салыстырмалы екендігін көрсетіңіз.

10. 2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ мазмұны негізінде басқару функциясы ретіндегі бақылауға қойылатын талаптардың қайсысын мектеп басшылары жүзеге асырғанын атаңыз.

11. "Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым білім сапасын бақылау " мақаласын оқыңыз (Білім берудегі менеджмент.-2010. - №4. -Б. 3-8). Білім ұйымдарының мемлекеттік аттестатталуы сияқты бақылау түрінің бақылауын анықтаңыз, МАБ (мемлекеттік аралық бақылау).

1.4.5.Шешімдерді қабылдау

Шешім қабылдау функциясы менеджментте, оның ішінде педагогикалық менеджментте қосалқылар тобына жатады. Білім беру жүйесінде, кейбір білім беру мекемесі басшысының қызметінде бұдан да әрі үлкен орын алады.

Г.Я.Гольдштейн , шешімді қабылдау функциясының мәнін және басқарушы цикліндегі оның орнын анықтап, ол бүкіл басқару үрдісінің орталық мезеті екендігін көрсетті; бұдан әрі, менеджер кәсібінің мәні шешімді қабылдау болуда. Ол осы түсінік, кең мағынада шешімді қабылдауының дайындығын , ал қысқа мағынасында - мүмкін боларлық нұсқалардың бірін таңдауын енгізетінін атап көрсетті. Болашақ жосарлау аясында, негізін қалаушы шешімдер қабылданады, содан соң ағымдағы жоспарлау, ұйымдатсыру, уәждеу және басқалардың барысында таяз мағынадағы шешімдер қабылданады?

Басқару үдерісінде қабылданатын шешімдердің барлық түрлерін келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:

- шешім объектісі бойынша;

- бастапқы ақпараттық сенімділігі бойынша;

- дайныдау нысаны бойынша;

- тәуелсіздігі бойынша ;

- күрделілігі бойынша;

- регламенттеудің қатаңдыға бойынша және т.б.

8-суреттегі сызба білім беру аясындағы шешімді қабылдау үдерісінің негізгі құрауыштарын, т.б. ерекшеліктерін көрсетеді. Бірақ тек басшының тұлғасы ғана шешімді қабылдау үдерісі мен нәтижесіне әсер етпейді, сонымен қатар, оның таңдауы, жүзеге асуы, нәтижелері өзіне, интуиция сезімдерінің дамуына, жауапкершілігінің қалыптасуына және басшының басқа да жеке және кәсіби қасиеттеріне шакрасыз әсер ете бастайды.




Бағалар

ШҚТ

Қоршаған орта


Шешім


Көзқарасы

Қабылдау

Түрткі болу



Тұлға

8-сурет. Әлсіз құрылмдалған шешім

Басшының қызметінде басқарушы шешімді қабылдау шығармашылық үдеріс сияқты және тым шартты кезеңдер қатарынан тұрады және бірқатар факторларға байланысты болады (4-кестені қараңыз). Білім беру аясында басқарудың тұлғалық құраушысы мен орындаушылары үлкен рөл атқарады, шешімді қабылдау үдерісіне, оның кезеңдерінің реттілігіне:

- проблемакүрделілігінің , оның маңыздылығының дәрежесі;

- бастапқы ақпараттық шектеулі көлемі;

- үдеріске қатысушылардың алдын ала мақсаттық нұсқаулары;

- менеджердің жеке ұмтылулары және олардың мінездерінің, басқару мәнерінің және т.б. ерекшеліктері әсер етуі мүмкін.

4-кесте . Шешімді қабылдау мен жүзеге асырудың негізгі фазаларының мазмұны




Фаза

Фазаның мазмұны

1. Болуы мүмкін мәселелер туралы ақпарат жинау

1.1. Фирманың ішкі ортасын бақылау

1.2. Сыртқы ортасын бақылау



2. Мәселелердің пайда болуын және себептерін анықтау

2.1. Проблемалық жағдайды сипаттау

2.2. Проблема пайда болған ұйымдастырушылық буынды анықтау

2.3. Мәселелерді тұжырымдау

2.4. Оның маңыздылығын бағалау

2.5. Проблеманың пайда болу себептерін анықтау


3. Мәселелерді шешу мақсаттарын анықтау

3.1. Фирма мақсаттарын анықтау

3.2. Проблеманы шешу мақсаттарын қалыптастыру



4. Мәселелерді шешу стратегиясын негіздеу

4.1. Объектінің бөлшектеп сипаттауы

4.2. Ауыспалы факторлардың өзгеру сапасын анықтау

4.3. Шешімге талаптарды анықтау

4.4. Шешімнің тиімділік межелерін анықтау

4.5. Шектеулерді анықтау


5. Шешім нұсқаларын әзірлеу

5.1. Міндетті кіші міндеттерге бөлшектеу

5.2. Әр кіші міндет бойынша шешім идеяларын іздестіру

5.3. Үлгілерді құрастыру және есептерді жүргізу

5.4. Әр кіші міндет және әр кіші жүйе бойынша шешімнің ықтимал нұсқаларын анықтау

5.5. Әр кіші міндет бойынша қорытындыларды жинақтау

5.6. Әр кіші міндет бойынша шешімдер салдарын болжау

5.7. Бүкіл міндетті шешудің нұсқаларын әзірлеу


6. Үздік нұсқаны таңдау

6.1. Шешім нұсқаларының тиімділігін талдау

6.2. Бағынбайтын параметрлердің ықпалын бағалау



7. Шешімді түзету және келісу

7.1. Атқарушымен шешімді талқылау

7.2. Функциональды өзара әрекет етуші қызметтермен шешімді келісу

7.3. Шешімді бекіту


8. Шешімді жүзеге асыру

8.1. Жүзеге асырудың жұмыс жоспарын дайындау

8.2. Оны жүзеге асыру

8.3. Жүзеге асыру барысында шешімге өзгертулерді енгізу

8.4. Қабылданаған және жүзеге асырылған шешімнің тиімділігін бағалау



Басқарушы шешім , егер де ол шешілетін жағдайдан және ұйымдастыру мақсаттарынан шықса, тиімді деп саналады:

- шешімнің үнемділігі, яғни ол алға қойылған мақсатқа ең аз шығындармен жетуін қамтамасыз етугетиіс;

- шешімнің өз уақыттылығы. Сөз шешімді дер кезінде қабылдау жөнінде ғана емес, мақсатқа уақытында жетуде маңызды.

- шешімнің нақты жүзеге асырылуы, яғни орындаушылардың өкініші мен ашуын тудыратын және өз негізінде тиімсіз, шынайы емес немесе дерексіз шешімдерді қабылдауға болмайды. Қабылданған шешім тиімді және оны орындаушы ұжымның күштері мен қаражаттырына сәйкес келуге тиіс.

Оңтайлы шешімді іздестірумен қатар оны орындаушылардың алдына дұрыс қою да ұйым қызметінің тиімділігі үшін кең мағынаға ие. Менеджердің шеберлігі осы жағдайда келесі құрамдауыштарда таңдауы;

- қызметкер қызметін уәждеу ынталандыру, үнемі қадағалау және шешімді орындау бойынша оның әрекеттерін қолдау және басқалары.

Менеджмент саласындағы көптеген мамандар, шешімді орындалмағаны немесе дұрыс орындамағаны үшіңн жауапты нақты қызметкер емес, тапсырманы орындауға дұрыс бағыт бермеген менеджердің өзі жауапты деп санайды. Сонымен мысалы, шешімді орындамаудың негізгі төрт себептері анықталуда:

- шешім менеджермен нақты әрі анық тұжырымдалмаған;

- шешім анық және нақты тұжырымдалған, бірақ орындаушы оны дұрыс түсінбеге;

- шешім нақты тұжырымдалған және орындаушы жақсы түсінген, оны орындау үшін барлық қажетті керек-жақтарына да ие болған, бірақ менеджер ұсынған шешімнің нұсқасымен іштей келіспеген. Мұндай жағдайда орындаушының өз тиімді пікірі мен шешу жолдары болуы мүмкін.

1.4.5-бөлімге ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Егер де сіз табысқа жеткіңіз келсе, шешімдерді қабылдау сіз үшінқызметтің дағдылы түрі болуға тиіс. Шешімді қабылдау әрдайым тәуекелмен байланысты: әрекеттердің қандай да бір тәсілін таңдау - көптеген басқа нұсқаларға "жоқ" деу.

Бірақ, өте іскер менеджерлер - бұл шешімді қабылдауға дайын адамдар. Менеджерге осы үдерісті жеңілдететін, оған өкілеттерге құқық беруге, шешімдерді қабылдауға және оларды жүзеге асыруға көмектесетін бірнеше негізгі ережелерді қарастырамыз.

1-ереже. Сіз шешім қабылдауға тиіс мәселелердің шеңберін нақты шектеу керек. "..."

2-ереже. Шешім қабылдау деген өзіне жауапкершілік алу деген. "..."

3-ереже. Стресс жағдайында ешқашан шешім қабылдамаңыз. "..."

Кейбір шешімдерді кейде дәл осы қалыпта болғанда қабылдау қажет болады. Бұл жағдайда, асықпай, келесіні орындаңыз:

а) өткеннің және қазіргінің тәжірибесін ескере отырып және ойша болашақты көз алдына елестетіп, жағжайды саралаңыз;

б) проблеманың өзіне және ол пайда болған жағдайларға қатысты барлық деректер мен материалдармен неғұрлым толық танысыңыз;

в) дәлелділікті сақтаңыз, сіз үшін маңызды ақпаратты талдағанға дейін соңғы қорытынды шығарудан тартыныңыз.

4-ереже. Дұрыс шешімді қабылдау үшін, соншалықты қажет ақпаратқа ие болу керек. "..."

Басшының қажетті қабілеттіліктерінің бірі - ең маңызды деректерді айыра білу және ең сипатты немесе маңызды мезеттерінде өз назарын тоқтата білу болады. Сонда келесі ұстанымдарды ұстаныңыз:

а) көптеген қалған деректерді ұғындыратын аз деректерді әрдайым табуға тырысыңыз;

б) барлық жинақталған мәліметтерді маңыздылығының азаю дәрежесі бойынша қойыңыз;

в) сіздің шешімге негіз бола алатын бір маңызды жағдайды бөліп қарауға тырысыңыз;

г) қарастырылатын іске тікелей қатысы бар мәліметтер топтарының немесе санатттарының сипатты ерекшеліктерін анықтаңыз;

д) қалыптасқан жағдайдың барлық элементтері арасында өзара байланысты анықтаңыз.

Мәліметтерді жинау шексіздікке дейін жалғасуы мүмкін және әдеттегіндей, ақпаратты әрі қарай жинауды тоқтатып, нүкте қою қажет. Жақсы басшы әдетінше барлық мәліметтерді алудың еш мүмкіндігі жоқ екендігін түсінеді. Демек қашан тоқтату керек екендігін шешу қажет.

5-ереже. Шешім қабылдар алдында басқалардан кеңес сұраңыз. "..."

6-ереже. Шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Шешім қабылдамау - ол да шешім. "..."

7-ереже. Шешім қабылдаған соң, кезекті істерге кірісіңіз."..."

Макаревич Л.М/11966


1.4.5-бөлімге СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР


1. Сөздіктерден "шешім" түсінігіғ табыңыз. Осы терминнің әртүрлі түсініктерін салыстырыңыз.

2. Сіздің оқу қызметініңздегі проблеманы анықтаңыз. М. Макаревичтің ұсынымдарының, сондай-ақ шешімді қабылдаудың негізгі кезеңдері туралы мәліметтердің негізінде оны шешу бағдарламасын әзірлеңіз.

3. Бірқатар дереккөздер шешімді қабылдау және проблеманы шешуді ажыратады. Осы екі үдерісте ненің жалпы және әртүрлі болатынын анықтаңыз. Өз талдауыңыздың қорытындыларын төменде ұсынылған кестеде көрсетіңіз.

Шешімді қабылдау



Мәселелерді шешу



Әртүрлі

Жалпы

Әртүрлі




























1.4.6. Ақпарат және коммуникация

Ақпараттың және коммуникацияның қосалқы функциясын қарастыру, қатынас феномені психологиялық әдебиетте қалай түсінетіне жүгінуді талап етеді. Қарым-қатынас күрделі және көпаспектілі, ал зерттеушілер, көбінесе, үш өзара байланысты тарапты бөліп қарастырады:

- адамдар арасында ақпаратпен алмасудағы коммуникативтік қатынас;

- адамдар арасында өзара әркеттесуді ұйымдастыруда жасалатын, алмасу тек ақпаратпен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен болатын интерактивтік қатынас;

- адамдармен бірін-бірі қабылдау үдерісінен және осының негізінде өзара түсінікті орнатудан тұрад перцептивтік қатынас.

А.В. Соколов шым-шытырық емес, мақсатқа лайықты әлеуметтік коммуникацияда коммуниканттар мен реципиенттер саналы түрде үш мақсатты көздейтінін көрсетеді:

- жаңа білімдер мен даңдылардың таралуын немесе қабылдауын көздейтін танымдық мақсаты ;

- қозғаушы мақсатты, яғни басқа адамдарды қандай да болсын әрекеттерге немесе қажетті ынталандыруды алуға дем беру;

- экспрессивтік мақсатты - белгілі күйзелістерді, эмоцияларды білдіру немесе алу.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін коммуникациялық хабарламалардың мазмұны келесілерден тұру керек: білімдер мен дағдылар; ынталандырулар; эмоциялар. Рухани адам қызметінің дәл осы өнімдерін біз мағыналар деп атаймыз. Автор көрсеткендей, сөз әлеуметтік коммуникация туралы болғанда, әлеуметтік кеңістік пен уақытта білімдердің, ептіліктердің, ынталандырудың, эмоциялардың қозғалысы жайлы болады. Жоғарыда аталған мақсаттар білім беру субъектілерімен басқару үрдісінде тікелей қызмет етеді.

Осының салдарынан, тиімді басқарушы әсер ету және әрекеттесу менеджерімен, ақпаратпен өзара алмасу ретінде коммуникацияның танымдық, түрткі болатын және экспрессивтік құрауыштарын дұрыс құруында негізделген деп айтуға болады.

А.В. Соколов белгілегендей коммуникациялық түсінік үш нысанада болу мүмкін:

- реципиент оған жаңа білімді алады; коммуникациялық түсінік және танымдық түсінікпен бірігеді.

- коммуникациялық қабылдаумен шектеліп, хабарлама алған реципиент оның терең мазмұнына жетпейді;

- реципиент хабарламаның үстіңгі мағынасын түсінбей-ақ, кейбір сөздерді немесе сөйлемшелерді есінде сақтайды, қайталайды, көшіріп жазады.

Менеджмент функцияларының өзара тығыз байланысы ақпарат пен басқару үдерістеріндегі оларды жіберу механизмдерінің рөлімен негізделген.

Ақпараттың негізінде әрекеттің орындалуына дейін алдыңғы нақты әрекеттің ақпараттық үлгісі ретінде алғашқы, бар әрекеттің нақты тәсілінің таңдауы болатын шешімдер қабылданады.

Ақпаратпен өз кезегінде ұйымдастырушылық құрылымға күшейтуші немесе әлсіретуші ықпал ететін коммуникациялар желісі анықталады. Ақпаратсыз нәтижелердің бақылауы мен бағалауы, сондай-ақ олардан кейін болатын жүйенің, жеке адамның немесе адамдар тобының тәртібін түзету мүмкін емес.

Мекемелерде оның ішінде, білім беру мекемлерінде де ақпараттық ағыстарды жеткіліксіз сапалы ұйымдастыру және ақпаратты тапсыру үрдістеріне мүлдем мәнсіз бір нәрсеге қарау сияқты оқиғалар жиі орын алуда. Білім беру мекемесінің басшысының қызметкерлерді жедел әрі үнемі ақпарат беріп отыруына, ұйымның жұмысына қатысты мәліметтерді , онда болып жатқан өзгерістерді, қабылданаған шешімдерді оның басқарушы іс-әрекеттерінен тыс стихиялық түрде жүргізілетініне әкеп соғады. Егер менеджер ақпараттың құнды екенін біле отырып, онымен тек өз сеніміне кірген мүшелерімен ғана бөліссе, онда осындай жағдай туындайтыны белгілі. Сонымен, мүмкіндігінше мекеме жұмысының тиімділігіне қандай да болсын әрсер ететін коммуникациялардың барлық типтерін ұйымдастыру немесе қадағалау - менеджердің негізгі міндеттерінің бірі болуы керек.

Басқару теориясында коммуникациялардың келесі типологиясы қабылданған:

- ұйым және сыртқы орта арасында;

- бөлімшелер арасында;

- бөлімшелер ішінде басқару және өндіріс деңгейлері бойынша;

- тұлғалар арасында, оның ішінде формальды емес тұрғыда.

Ұйым және сыртқы орта арасындағы коммуникативтік үдерістердің кемшіліктері ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді, оның уақыт талтабына жедел икемделуіне кедергі жасайды. Білім беру мекемесінің ашықтығы, жұртшылықты өз қызметінің ерекшелігі, қол жеткізілген нәтижелері, білім алушылар мен педагогтардың жетістіктері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ оларға оқушылар, талапкерлер, демеушілер үшін бәсекелес күресте табысты болуға жол ашады. Қазір мектептердің, колледждердің, ЖОО-ң сайттары осындай ақпараттандырудың соңғы құралдарының бірі болуда. Бірақ, олардың мазмұны, ақпаратты және коммуникация функциясы құдылығы бойынша көп жағдайларда бағаланбайтынын көрсетеді.

Бөлімшелер арасындағы жұмысқа қабілетсіз коммуникациялық байланыстар уақыт пен күштердің тиімсіз шығындарына әкелетін қызметтің қайталануына әкеп соғады. Мектеп директорының басқа орынбасары да осы мәселе туралы және оның қалалық немесе облыстық деңгейдегі әдістемелік органдарының дайын шешімдерін біле отырып, өзінің әріптесінің не істеп жатқанын білмеуі және мүлдем хабрсыз болу ымүмкін.

Басшының және қызметкерлердің хабардар болуы келесі себептер бойынша үлкен мағынаға ие :

- қызметкердің өзін бағалауы едәуір дәрежеде оның хабардар болуына байланысты;

- алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталған қызметкерлердің ойлау қызметі, егер олар шектеулер және тиісінше әрекет ететін мүмкіндіктері жөнінде хабардар болған жағдайда ғана қозғау алуы мүмкін.

- ақпарат алумен қызметкерлерде еңбекке деген дайындығы артады, яғни оның әрқайсысы осы әрекетте өзіне деген құрметті сезінеді;

- бағынышты адамдар ақпаратты кеткен кезде ол жақсы қабылданады.

Сонымен, ақпарат пен коммуникация функциясының орталық міндеттерінің бірі - қызметкерлердің және басшылардың өздерінің хабардар болуын жақсарту. Ақпаратпен қамтамасыз етілудің межелері келесідей:

- ақпарат көлемі ;

- оның қызметкер үшін, алға қойылған мақсатқа жету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін маңыздылығы;

-нақтылығы;

- сенімділігі;

- пайдалану мүмкіншілігі және басқалары.

Қазіргі таңда педагогтарды ақпараттандыру, инновациялық тәжірибені тарату жеке мекемемен қатар, білім беру жүйесінде де заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияладың көмегімен тиімді жүргізілу імүмкін.

Дәстүрлі көзқарастардың және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оңтайландыра бірігуі қаласының білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеті жұмысын жаңа бастаған мектептің оқу меңгерушісінің қала мектептерінің базасында тыңдаушылары үшін тәжірибелі оқу меңгерушілерімен әртүрлі "нақты" әдістемелік іс-шараларды өткізуін көздеген.

Білім беру мекемесі қызметінің тәжірибесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, оның алдына шешімін талап ететін жаңа проблемаларды қояды. Білім беру мекемесінің ақпараттық қауіпсіздігі, құпия ақпаратты сақтау оны білім беру үдерісінің желісінде орналасқан педагогтардың көптеген кез-келген адамға қолжетімді болғандықтан, зияткерлік меншікте авторлық құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету де маңызды. мақсаттарға жету қабілеттілігі, ол осы мақсаттарды қаншалықты операциялар бойынша қалыптастырып жазғанымен қатар, оқушылыр ұжымын, олардың қызметін қаншалықты ұйымдастыруына байланысты болады. Ұйымдастыруды екінші мағынасында (яғни, құрылымдығы реттелген мекеме ретінде) қарастырғанда, жүйеге және қосымша бөлімшелердің арақатынасына, басқару иерархиясына, басқарушы қызметтің қолданылатын ұйымдастыру нысаналарына назар аудару маңызды. Ұйымдастырушылық құрылымдар типтерінің жіктелуі әртүрлі, бірақ көп жағдайда екі негізгі типін анықтайды (2-суретті қараңыз):


  • Бюрократтық,

  • Адаптивтік (органикалық) құрылымдар.

Бюрократтық құрылымдар басқаруды орталықтандырудың жоғары дәрежесімен, дамыған иерархиямен, қызметтің ережелер мен нормалар және ұжымдағы қарым-қатынастар жүйесімен ерекшеленеді. Бюрократтық құрылымдарға функционалдық, дивизионалдық және басқалары жатады.

Адаптивтік құрылымдар (және ең бастысы – жобалаулық және матрицалық) неғұрлым икемді, оларға аз иерархияландыру тән. Адаптивтік құрылымдардың икемділігі олардың менеджменттің қазіргі теориясы мен тәжірибесіндегі талап етілуін негіздеді.



Ұйымдастырушы құрылымдардың типтері (ҰҚ)


Бюрократтық ҰҚ


Адаптивтік (органикалық) ҰҚ


Функционалдық ҰҚ


Жобалық ҰҚ


Дивизионалдық ҰҚ


Матрицалық ҰҚ


2-сурет. Ұйымдастырушы құрылымдарының типтері

Функционалдық құрылым мекеменің (кәсіпорынның атқарылатын) өндірістік қызметтеріне сәйкес (3-сурет) белгілі учаскелерге бөлінуін көздейді. Әр учаскеде (бөлімде, бөлімшеде) өзінің жетекшісі және атқарушылар (мамандар) ұжымы бар. Мекеменің толыққанды қызмет ету барысында әр учаске өз функцияларын атқарса, жалпы мәселелерді шешуде әр түрлі қызметтер арасында жиі қарым-қатыныас қажеттілігі туындамаса бұл құрылым тиімді болады.



-сурет. Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы

Дивизионалдық құрылым (4-сурет) өз күштерімен ресурстарын шашыратпай, белгілі бағыттарда жұмылдыру қажет болғанда, ірі компанияларда (фирмаларда) қолданылады. Дивизионалдық құрылымдар осы компанияларда шектелуіне байланысты құрылуы мүмкін, мысалы:



  • Өндірілетін тауарларда және көрсетілетін қызметтерде;

  • Тұтынушылар топтарында;

  • Өз тауарларын жіберетін немесе қызметтерін көрсететін өңірлердің ерекшеліктерінде және басқалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет