5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет11/44
Дата18.05.2020
өлшемі366,04 Kb.
#69287
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
вирус
1.4.4. Бақылау

Педагогикалық қызметте бақылау функциясының маңызы зор. «Бақылау басқарушы циклдің барлық функцияларымен тығыз байланысты, бұл байланыс педагогикалық талдау функциясымен айқын көрінеді, себебі мектепішілік бақылау барысында алынған ақпарат педагогикалық талдаудың өзегі болады. Бақылау мол, жүйеге келтірілген ақпарат беріп, қойылған мақсат пен алынған нәтиже арасындағы айырмашылықты көрсетеді, ал педагогикалық талдау осы айырмашылықтар мен бұрмалаушылықтардың себептерін, жағдайларын анықтауға бағытталған. Бақылау үдерісі барысын-да алынған нақты материал педагогикалық талдауға тартылатынын еске саламыз. Бұл жағдай мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдаудың мазмұны мектеп қызметінің бір бағыттарын құрайтынын дәлелдейді» [94].

Білім беру мекемесінің қызметін бақылау білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған күрделі, көп қырлы, иерархиялық ұйымдасқан жүйе болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 ж.) заңының «Білім беру сапасын басқару» 55-бабында «білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған және ол білім беру сапасын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін құралдарды тиімді пайдалануды бағалау және білім беру жүйесінің кызметінің жалпы тиімділігін бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайды» деп көрсетілген [1].

Сондай-ақ мұнда «білім беру сапасын сырттай бағалауға лицензия беру рәсімдері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім беру ұйымдарын аккредиттеу, бірыңғай ұлттық тест өткізу, аралық мемлекеттік бақылау, сондай-ақ барлық түрдегі білім беру ұйымдарын саралау рәсімдері мен техникалық және кәсіби, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын тұлғаларға біліктілік беру рәсімдері кіреді.

Білім беру сапасын іштей бағалауға сапа менеджменті жүйесі, білім беру ұйымдарының барлық қызмет түрлеріндегі өзін-өзі бағалаудың түрлі рәсімдері, үлгерімді ағымдағы бақылау, оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалау енеді» делінген [1].

Білім беру сапасын сырттай және іштей бағалауды кешенді пайдалану, бағалауға білім беру мекемесінің өзі, түрлі уәкілетті органдардың қатысуы, оны үздіксіздік, жүйелілік және т.б. ұстанымдары негізінде өткізу білім беру мониторингін енгізумен тығыз байланысты. Бұл мәселе одан әрі сәйкес бөлімде қарастырылады. Ал мұнда білім берудің жеке ұйымын басқаруда бақылау қалай жүргізілетініне тоқталайық.

Т. И. Шамова шығарған мектепішілк бақылау түрлері мен нысандарының жіктелімін қарастырайык. Ауқымдарына (камту ауқымына) байланысты құрған жіктелімнің бірінші деңгейінде бақылаудың екі түрі бар: тақырыптыц жэне тұтас. Бақылау нысанының белгісі бойынша, яғни ол не нәрсеге бағытталуына қарай мыналарды бөлуге болады:

- жеке бақылау, ол жеке педагогтың жұмысын талдау және жұмысын бағалау үшін пайдаланылады;

- сыныптық-жалпылауыш бақылау, ол оқу әрекетінің табыстылығын және немесе жеке сыныпты тәрбиелеу үдерісін зерттеуге бағытталған. Мұнда осы сыныпта сабақ жүргізетін барлық пән педагогтарының жұмысы да бақылау пәні болады;

- пәндік-жалпылауыш бақылау жеке пәнді оқыту сапасын зерттеуге бағытталған. Бақылаудың бұл түрі бір сыныптағы, сыныптар параллеліндегі, бүкіл мектептегі пәнді оқытуды қамтуы мүмкін;

-тақырыптық-жалпылауыш (тақырыптық) бақылау әртүрлі мұғалімдердің, әртүрлі пәндер бойынша, әртүрлі сыныптардағы жұмысын зерттеуі мүмкін. Мұндағы біріктіруші жағдай - өз шешімін табуы қажет болатын қандай да болсын өзекті тақырып (мәселе). Мысалы, оқушылардың қабілеттерін дамыту, мектеп оқушыларының танымдық уәждемелерін қалыптастыру, олардың өкілеттіктерін қалыптастыру және т.с.с.

- кешендік-жалпылауыш бақылау бір немесе бірнеше сыныпта оқу пәндерінің бірқатарын зерттеудің тиімділігін талдаумен байланысты болуы мүмкін.

Бақылаудың осы түрлер тобын бөлуге Т. И. Шамова пайдаланатын белгі де жүзеге асыру ауқымымен байланысты сияқты. Бақылау нысаны бойынша мектепте бағалауға бағытталған бақылаудың келесі түрлерін бөліп көрсету қисынды болар еді:

- жаппай білім беру заңын орындау;

- пәндерді оқыту жағдайы;

- бейінді даярлау алдындағы және бейінді оқыту ұйымдары;

- оқушылардың кәсіптік бағдарлануы;

- оқушылардың тәрбиелік және даму деңгейі;

- мектеп құжаттамасын жүргізу;

- әдістемелік жұмыс;

- тәжірибе-эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмыстар;

- педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың кәсіпқойлығын жетілдіру және т.б.

Пайдалану мерзімі бойынша бақылау ағымдағы, аралық (шекаралық), қорытынды болуы мүмкін.

Білім беру ұйымының ішінде бақылауды осы ұйым басшысы, оның орынбасарлары, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады. Мектепте және ТжКБ мекемелерінде бұл - директор, олардың орынбасарлары, мектеп әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, пәндік-цикл комиссияларының төрағалары. Жоғары оқу мекемелерінде - ректор, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері және т.б. директорлардың, мектеп оқу ісінің меңгерушілерінің, ӘБ мен ПЦК жетекшілерінің, жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің функцияларына педагогтар жүргізетін сабақтарға қатысу, одан кейін алған ақпаратты талдау және ұсыныстар эзірлеу де енеді. Басшының неше сабаққа қатысуға тиіс екендігіне қатысты қатал сандық нормативтер мүнда орынсыз. Бұл айтарлықтай мөлшерде білім беру мекемесінің мақсаттарына, педагогтар санына, олардың кәсіпқойлық деңгейіне, білім беру үдерісінің сапасына және т.б. байланысты.

Ұзақ уақыт бойы оқу-тәрбие үдерісінің жоғары сапасын көрсететін, педагогикалық тәжірибесі мен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі бар педагогтар басқаша айтқанда, өзін-өзі бақылауға алуы мүмкін. Бұл педагогтардың біліктілігі сондай, олар өздерінің кәсіптік қызметінде кемшіліктерді өздері анықтап қана қоймай, сонымен қатар туындаған мәселелерді шешу жолдарын да өздері таба алады. Бұдан басқа, тәжірибе көрсеткендей, өзін-өзі бақылауға ауыстыру педагогтың жауапкершілігін, өзіне деген талап қою деңгейін, кәсіптік кызмет сапасына деген талаптарын арттырады. Г. Б. Скок [93] педагогтың өзін-өзі бағалау мен қызметі туралы ақпараттың басқа дереккөздерімен үйлесу қажетгілігін ашып көрсетеді, бұл дамыған педагогикалық рефлексияны дәлелдейді. Атап айтқанда, ол педагогке өз қызметінде педагог қол жеткізген соңғы нәтижеге; ол әзірлеген және енгізген әдістемелерге; оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлеріне; әкімшілік пікірі сияқты аспектілерге көңіл аударуды ұсынады.

Бақылаудың тиімді түрі, сондай-ақ жақын бағыттарда жұмыс істейтін педагогтар (бір оқу пәнін жүргізетін, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың сабақтас тақырыптарымен жұмыс атқаратын және т.с.с.) жүзеге асыратын өзара бақылау да тиімді болып табылады.

Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру барысында пайдаланылатын әдістердің ауқымы өте кең: бұл психологиялық диагностика әдістері, педагогикалық және әлеуметтік зерттеу әдістері, оқыту және тәрбиелеу үдерісін дәстүрлі бақылау эдістері. Сол сияқты, білім беру тәжірибесінде мектеп құжаттамасын, оқушылар әрекетінің өнімдерін зерттеу, байқау, ауызша және жазбаша сұрау әдістері (әңгімелесу, сауалнама), ауызша және жазбаша бақылаудың түрлі әдістері. Бұл әдістерді пайдалану максималды дұрыс және объективті ақпарат алуды кепілдік ететіндей ұйымдастырылуы тиіс, мысалы, әдістер жүйе ішінде, кешенді түрде пайдалануы тиіс, бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін, бақылау жүргізілетін межелер мен көрсеткіштерді анық айқындау қажет.

Аттестаттау бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Оқушыға қатысты карастырғанда, ол - оның алған білімінің деңгейін анықтайтын қорытынды рәсім. Педагог қызметкерді аттестаттау - ол қызметкердің біліктілік деңгейінің талапқа сәйкестігін анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің аттестат-тауы жүргізіледі, оның барысында олармен ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы, іс-әрекеттерінің барлық жақтары сапасының ішкі және сыртқы аудиті іске асырылады. Аттестаттау ең алдымен сыртқы бақылау құралы болатынын айта кету қажет.

Мектепішілік бақылаудың қазіргі тәжірибесіне кейбір кемшіліктер тән. «Біріншіден, директор және оның орынбасарлары арасында бақылау нысандарын бөлу болмаған кезде, бақылау тек есеп үшін ғана және тексерілген сабақтардың санын жинау үшін ғана ұйымдастырылған жағдайда бақылау жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Екіншіден, бұл бақылауды ұйымдастырудағы формализм, онда анық қойылған мақсат жоқ..., бағалаудың объективті межелері жоқ немесе олар пайдаланылмайды. Үшіншіден, белгілі бір тарапты бақылау, педагогикалық үдерістің бір бағдарын бақылау деп танитын мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. ... Төртіншіден, бақылауда тәжірибелі мұғалімдер, әдіскерлердің қатысуынсыз тек лауазымдық түлғалардың қатысуы немесе, керісінше, әкімшілік өкілдерінің аз қатысуы» [96, 227 б.]. Бұл кемшіліктер оқушының білім алу барысын бақылауда да орын алады.

Бақылауды тек қорқыту құралы ретінде ғана қарастыруға болмайды, тіпті кемшіліктер анықталған жағдайда басшы тарапынан педагогке, мұғалім тарапынан оқушыға қатысты жазалау емес, осы сәйкессіздіктердің пайда болуына себепкер болған себептерді анықтау және оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдануы тиіс.

Бақылау, әсіресе, оны басқа адам (басшы, әріптес және басқалары) жүргізгенде, шиелініс сипатында болуы мүмкін, сондықтан оны ойластырып ұйымдастыру қажет. Бақылау бүкіл педагогикалық ұжымға және жеке педагогтарға түсінікті мақсаттарда, іс-эрекеті тексерілетін адамдарға жеткізілген межелерде негізделуге тиіс. Бақылау үдерістеріне жұмылдырылған барлық білім субъектілері бақылаудың бірінші кезекте көмек көрсетуге, проблемаларды анықтауға және шешуіне бағытталғанына сенімді болу керек. Осының нәтижесінде бақылауға басқару функциясы ретінде бірқатар талаптар қойылуы мүмкін:

- бақылаудың басқа функцияларымен тығыз өзара байланыс (жос-парлау, ұйымдастыру, уәждеме);

- педагогикалық қызметті, білім беру сапасын жетілдіруге бағытталуы;

- бақылаудың барлық кезеңдерінің жариялығы;

- бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құрметтеу;

- педагогтарды бақылау құралдарын жобалауға, оны жүзеге асыруға және қорытынды шығаруға тарту;

- бақылау-бағалау рәсімдерін үнемі жетілдіру және т.б. Бақылау функциясының өзіндік өзегі - білім беру мекемесінің бұрынғы уақыт мерзіміндегі қызметі туралы деректерді анықтап, талдау, бұл өз кезегінде, болжалдық көрсеткіштер мен одан әрі жұмысты жоспарлауға негіз болады. Бұл аспектіде бақылау басқарудың қосымша функциясы - ақпарат функциясымен тығыз байланысады. Ақпарат жинауды ұйымдастыра отырып, алдын ала қандай деректер бүкіл мекеме жұмысын, жеке құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер жұмысын басқаруда ең маңызды болып табылатын аспектіде сипаттайтын деректерді анықтау қажет.

Сондай-ак, анықталатын деректер дұрыс және сенімді болуы өте маңызды. Бірінші кезекте бұл сандық және сапалық ақпараттық үйлесуімен қамтамасыз етіледі. Ақпараттың негізгі көздері болып статистикалық есептеудің түрлі үлгілері, білім беру мекемесінің ішкі құжаттамасы, түрлі есептер, диагностикалық зерттеулер барысында (сұраулар, психодиагностикалық тест өткізу, байқау, әрекет өнімдерін зерттеу және т.б.) алынған эмпирикалық деректер болуы мүмкін.

Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, білім беру мекемесінің іс-әрекетіне бақылау жүргізгенде, оны басшылары және/немесе құрылымдық бөлімшелерінің басшылары аналитикалық есептердің негізінде шығарылатын салыстырмалы көрсеткіштерді елемей, өз көңілін көбінесе, абсолюттік көрсеткіштерге аударады. Мысалы, олимпиадалар (қалалық, облыстық, республикалық және т.б.) жеңімпаздары болған мектеп оқушыларының саны мектептің дарынды окушылармен жұмыс жағдайы, ол мектептегі білім сапасы туралы ештеңе көрсетпейді. Тек олимпиада жеңімпаздарының санын мектеп оқушыларының жалпы санына қатысын ашатын салыстырмалы көрсеткіштердің көмегімен ғана мектеп қызметінің осы бағыттағы жұмысы турапы шынайы деректер алуға болады. Салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалану білім беру мекемесінің әртүрлі салалардағы жұмысының тиімділігін өзара салыстыру, бірнеше білім беру мекемелердің жұмыс сапасының сипаттарын салыстыру мүмкіндігін береді.

Мемлекеттік-қоғамдық басқару идеясын жүзеге асыруға байланысты білім беру мекемесі туралы білім беру үдерісінің субъектілерінің (педагогтар, ата-аналар, оқушылар) пікірлерін талдауға байланысты ақпарат маңызды болып табылады. Бұл пікірлер балабақшаның, мектептің, жоғары оқу орнының күшті және элсіз жақтарын түсіну үшін, қол жеткізген білім беру сапасын бағалау және даму келешегін анықтау үшін де өте маңызды.

ҚР жоғары оқу орындарының кызметін елдің аккредитациялық агенттіктерімен (ҚР ББМ Ұлттық аккредитациялық орталығы, білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік) сырттай бағалау да, сөзсіз, оқу үдерісінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оқытушылардың сапапық құрамы, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігі туралы және т.б. ақпарат жинауға негізделеді. Бірақ сапаны бакылау жүзеге асырылатын дәстүрлі көрсеткіштермен қатар түлектердің даярлық сапасы туралы жұмыс берушілердің пікірлері пайдаланылады, студенттер арасында сауалнама жүргізіледі, кәсіпқой қауымдастықтар өкілдерінің пікірлері жиналады.

Оқу үдерісін, оқушылардың оку үдерісін басқарудағы бақылау өте маңызды.

Білім беру ұйымдарының өкілеттіктеріне сол 43-бапта [1] ағымдағы үлгерімді бақылау, оқушылардың білімін аралық және қорытынды ат-тестаттау жатқызылады; бірыңғай ұлттық тест өткізу мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілік беру ғана айрықша ҚР БжҒМ құзіретіне енеді.

«Білім туралы» ҚР заңының «Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру» 28-бабында білім беру ұйымында жүргізілетін оқу-тәрбие барысын бақылаудың мәні ашылған:

«<...> білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.

<...> Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кэсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

<...>Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды және оқуын бітіретін жалпы орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін ұйымдарға оқуға түсуге ниет білдірушілерді қорытынды аттестаттау ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында жүзеге асырылады.

<...>Техникалық және кэсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

1)білім беру ұйымдарында білім алушыларды корытынды аттес-таттауды;

2)кәсіптік даярлығының деңгейін бағалауды жэне біліктілікті беруді қамтиды».

Мұнда үдеріс деп түсінілетін және «баға» сөзіне синоним болатын «бағалау» мен осы үдеріс нәтижесінің сандық айнасы больш табылатын, «белгі» түсінігі синонимі болатын «бағаны» айыру маңызды. Бірақ білім беру тәжірибесінде бұл түсініктер мүшеленбей, синкретті түрде пайдаланылады, бүл бакылау мәнін қате түсінуге әкелуі мүмкін.

Баға жіктеліміне оның келесі түрлері енеді [68]:

- оқушылардың жетістіктері мен белгіленген нормативті салыстыруға негізделген жағдай бағасы;

- оқушының бүгінгі және бұған дейінгі кол жеткізген жетістіктерін салыстыруды мегзейтін дамуды бағалау;

- көбінесе біліміндегі олқылықтарға назар аударатын шегеру бағасы;

- қалыптасқан білімдері, іскерлігі мен дағдыларын есепке алуға бағдарланған жинақтаушы баға;

- оқушыда қазіргі уақытта бар білімдері, іскерлігі мен дағдыларын есептейтін статикалық баға;

- оқушының білімдері, іскерлігі мен дағдыларының өзгеру динамикасының сипатын ашатын динамикалық баға.

Оқу-тәрбиелеу үдерісінде оқушыларда өздік менеджменттің құзіретіне енетін өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру маңызды болып табылады.



Г. А. Цукерман [69] кіші сынып оқушыларында баламалы және объективті өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау дағдыларын қалыптастыру көзқарасын келтіреді. Сызғыштың көмегімен тақтада салынған суреттерде балалар өз оқу әрекетінің табыстылығын, орындалған тапсырма сапасын белгілеп, басқа оқушылардың жауаптарын да бағалайды. Бағалау осы үдерісті мұғалім мен оқушылардың бірлесіп талқылауы арқылы жүреді. Талқылаудың нәтижесінде бала өзіне-өзі берген бағасын талдап, басқаларының берген бағасына карап, оның баламалық деңгейін, әділдігін анықтай алуы керек. 7-суретте оқушының өзін-өзі бағалау нәтижелері (сол жақ тік сызық) және сыныптың басқа оқушылары оған берген бағалары (өзара баға беру) көрсетілген. Осындай, көрнекі құралдың көмегімен оқушы қыз өзін-өзі бағалауда төмен екендігін көреді, өйткені, басқа оқушылармен оң жақ сызғышта таяқшалармен белгіленген оның жауабының бағалары өзіне-өзі қойған бағалардан жоғары екеніне көз жеткізеді. Бүкіл сынып болып жауап сапасын, баға негіздемелерін, сұрақтарға жауап беруді талқылау («Өз оқуыңды қалай бағалайсьщ?», «Дашаның оқуын кім дәл солай бағалайды?», «Неге бағамен келіспейсің?», «Неге сен өзіңді сондай төмен бағаладың?», «Неге сондай үлкен айырмашылық пайда болды?») оқушыларға білім, іскерлік пен дағдыларды бақылау құралы ретінде, өз оқу қызметін басқару функциясы ретінде бағалаудың межелерін, негізгі тәсілдерін түсініп, меңгеруге көмектеседі. ,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет